Тексерілді: пән



бет2/3
Дата21.01.2022
өлшемі61,35 Kb.
#113186
1   2   3
Байланысты:
17.дербестік және жауапкершілік

Жауапкершілік жүгі.

Ерте ерте ертеде ақшасы мен дәулетінің көптігіне қарамай өмірінен түңеліп, өмір сүруден жалыққан бір ханзада болған екен. Достары, іні-бауырлары аңшылыққа шығып, қыдырып-тозып жүргенде жаңағы ханзада бөлмесінен шықпай ешнәрсеге қызықпайтын болады. Баласының мұндай жағдайын көрген әкесінің жүрегі ауырады.

Бір күні хан сол елдің ең білімді ғұламасын шақырып, жағдайды түсіндіріп баласының дертіне бір дауа табуын бұйырады. Ойлануға бар жоғы бір апта беріледі. Осы уақыт ішінде ешқандай шешім табылмайтын болса, ғұламаның өміріне қиянат жасалынатынын ескертеді.

Қария күндемей-түндемей ойланса да ешбір амал таба алмайды. Ханның сөзін ескеріп өлкеден қашып кетуді жоспарлайды. Жақындарымен қоштасып, жиған-тергенін арқасына артып кетіп бара жатып бір ауылдың маңайында қой мен қозы бағып жүрген жас қойшыны көреді. Оны мен біраз әңгімелеседі. Қойшы “Аға, аз уақытқа қойларымды бағып берсеңіз. Түскі асымды алмай шығыппын, үй жаққа барып соны ала келейін деп едім” дейді.

Ғұлама біреуге болсын жақсылығым тисін ниетімен қуана келіседі. Бар ынта мен назарын мойына алған жауапкершілігіне салып тұрғанда, бір қозы ойнап жүріп ор ішіне домалап түседі. Қозыны құтқарып шығармаса өзі шығалмайтыны анық. Қойшы баланың алдында ұят болды-ау деп, ғұлама орға түскен қозыны құтқармақшы болады. Осы мақсатпен ордың ең астына түседі.

Қозыны арқасына байлап ордан шығуға тырысады. Бірақ қозының ауырлығынан көпке шыдамай қайта орға құлайды. Қайта тырмысып, қайта құлап әреңдегенде қозыны ордан алып шығарады.

Жас досына берген уәдесін орындау үшін, бір қозыны құтқарамдеп жанталасқаны, өзінің басына түскен жағдайды, өлкені тәр кетіп бара жатқаның естен шығарады. Есіне түсіп ойланады: “Кімде –кім бастаған істің сәтті аяқталуын мақсат етіп, қойған мақсатына толық берілген болса, ол кісінің ешқашан іші да пыспайды, басқа ешнәрсені көңіліңе де алмайды”

Осыны ойлап ғұлама қашудан бас тартады. Ханның алдына барып:


–“Уа,мәртебелім, егер ханзаданың ешнәрсеге қызығұшылығы жоқ болып іші пысса, өмірден түніліп жүрсе – оның үстіне жауапкершілік жүктеңіз, бос уақыт болдырмайтын тапсырма беріңіз. Іш пысқандықтың, өмірден түңелгендіктің негізгі себебі – еріккенділік. Беретін тапсырмаңыз қаншалықты үлкен, жазасы қаншалықты ауыр болса, балаңыздың өмірге деген көзқарасы соншалықты тез өзгеріп,құштарлығы артып, жаңадан тынысалғандай болады”.


  • Жауапкершілікті болу дұрыс әрекет жасаудың көрінісі бола ма?

  • Неліктен жауапкершілікті арту адам өмірінің мәнін күшейтеді?

  • Өз өмірінің мәнін күшейту үшін дұрыс жолға түсіп, игі әрекеттерді жасаумен байланысты мысалдар келтіріңіздер.

  • Дұрыс әрекетті сипаттайтын оқиғаларды өз өмірлеріңіздерінен әңгімелеп беріңіздер.


Сергіту сәті:








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет