Тексерілді: пән


Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс



бет3/3
Дата21.01.2022
өлшемі61,35 Kb.
#113186
1   2   3
Байланысты:
17.дербестік және жауапкершілік

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.



4-тапсырма

Жауапкершілікті адам қандай болу керектігі туралы өз ойларыңды жалғастырып жазыңдар.

1. Жауапкершілікті адам өзіне тапсырылған жұмысты дер кезінде орындайды.

2. Жауапкершілігі мол адам ... .

3. ... .

4. ... .


5-тапсырма

Тірек сөздерді пайдалана отырып, әңгіме құрастырып айтыңдар. Тірек сөздер: тазалық, жинау, балалар, көмек, жауапкершілік, ұқыпты, еңбексүйгіш, уәде, орындау, ризашылық.



Интерактивьті тақта

  1. Топпен ән айту.

Дос болайық, бәріміз!

Өлеңін жазған :Хасенхан Талғаров

Әнін жазған : Ибрагим Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз!

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

Қайырмасы.

Отан біздің панамыз,

Аман жүрсін анамыз,

Нұрлы күн сөнбесін.

Бақыт болып жанамыз,

Жарық біздің санамыз,

Қара бұлт төнбесін.


Интерактивті тақта

7. Үй тапсырмасы.

1. №17 – сабақ. 6– тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №18, «Өкініш» мәтінін оқып келу.





8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.



Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет