Күлдіргіш: Араларыңда Алдар деген бала кім?
Таңқалтқыш: Балалармен танысқан жоқсыңдар ма? Танысып алайықта! Ойын арқылы танысамыз.
Ойын: «Атыңды ата»
Таңқалтқыш (ойын шартын түсіндіреді): Мен өз атымды атап допты біріңе лақтырамын. Допты қағып алған бала өз атын атап кері лақтырады.
Ой, достарым, мына балалардың арасында Алдар деген бала жоқ қой.
Ойынпаз: «Қыр бөбегі» шағын орталығы емес пе? Иә, дұрыс, мінекей «Алдар көсенің туған күні - 1 сәуір «Күлкі күніне»» шақырамыз.
Күлдіргіш: Ойынпаз, бізді «Туған күн кешіне емес» «Күлкі күніне» шақырған екен ғой. Алдар деген баланың емес, бәріміз білетін Алдар көсенің туылған күні. 1 сәуір – «Күлкі күні», бұл күні барлық адамдар, балалар бірін-бірі алдайды, күліп жүруі тиіс. Мен «Күлкі күнін» жақсы көремін. Ендеше бәріміз бүгін күліп алайық. Қытық-қытық.
Ойынпаз: Ендеше, балалар, бүгін біз ойын ойнаймыз, би билейміз, ән саламыз, таң қаламыз, күлкіге қарық боламыз, иә?
Достарыңызбен бөлісу: |