Ойынпаз: Жарайсыңдар! Керемет!
Таңқалтқыш: Әне, айттым ғой, біз күштіміз! Көрдің бе? Әкел қолды! Балалармен қолдарын соғыстырып, қуанады.
Күлдіргіш: біз байқаусызда жеңіліп қалдық, әйтпесе сені жеңіп кететін едім (екеуі текетіреседі).
Ойынпаз: Қойыңдар, жеңімпазды анықтағыларың келсе тағы ойнайық.
Ойын: «АйдаҺар»
Ойынпаз: шартын мұқият тыңдап алыңдар. Тағы өздеріңе бес, бестен бала таңдап алыңдар, оларды арттарыңа тіркеп аласыңдар. Олар сендердің балаларың болады. Ортаға сызық сызылып екі жақ өздеріңнің үйлерің болады. Екі айдаһар шетінен бастап қарсыласының балаларын ұстап алып ойыннан шығарып отырады және өз балаларын қорғап отырады. Қай айдаһардың балалары бірінші таусылса сол жеңіліс табады.
Жеңіске жеткен сайқымазақ мақтанады.
Алдар: Ой, керемет! Менің де ойынға қатысқым келіп тұр. Ойынпаз, ойының таусылып қалған жоқ па?
Ойынпаз: Менде ойын таусылған емес ешқашан таусылмайды. сіздердің күштеріңізді жеке-жеке сынайық. Арқан тартыс ойынына қалай қарайсыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |