Шонданай сүйегі (os ischii, седалищная кость) ұршык шұңқырын қүрауға катысатын денесі болады, ал оның бұтағы жамбастын кол сүғарын шектеуге қатысады.
Шат сүйегінде (ospubis, лобковая кость) ұршык шұңқырын калып-тастыруға катысатын денесі бар.
А яқтың сүйектері
Аяқтың скелеті ортан жіліктен, сирақтың екі сүйегінен және аяк басының сүйектерінен түрады.Ортан жілік (femur, бедренная кость) жамбас белдеуімен, тізе буы-нында асық жілікпен буындасатын аяктың ең ірі сүйегі (19-сурет). Ортан жіліктің үлкендігі дененің үлкендігін анықтайды. Ортан жіліктің ұршық шұңқырымен буындасатын шар тәрізді басы денесімен үзын мойны аркылы жалғасады. Мойны мен денесінің шегі арасында екі ірі темпешік орналасқан: үлкен және кіші ұршық төмпешіктер. Бүл кұрылымдар ортан жілікте айналдыратын бүлшық еттердің бекуін қамтамасыз етеді. Ортан жіліктін денесі томен бағытта жуандап екі айдаршыққа айналады: медиальдықжәне латеральдық. Осы айдаршық-тардың арасында айдаршыктар аралык, шүнкырша байқалады. Айдар-шыктардың үстіңгі жағында бұлшык еттер мен байланыстырушы сіңір бекитін бұдырлы шоқы орналаскан. Тізе буынында қайсыбір кесіртке-лерде, кұстардың көпшілігінде болатын, бірак кейбір сүткоректілерде (сирендерде, киттәріздерде, қолқанаттыларда) болмайтын тізе тобығы деп аталатын сіңірден пайда болатын сүйек дамиды.
Сирақ сүйектері. Сирак сүйекаралык жарғақпен өзара байланыс-қан асықты жілік пен шыбық сүйектен тұрады. Шыбық сүйек асык жілікке қарағанда нашар жетілген.
Асықты жілік (tibia, большеберцовая кость) сирақтың медиальдық бетінде орналаскан біздің денеміздегі ең мыкты сүйек (20-сурет). Медиал-дык және латералдық екі айдаршығы бар жоғарғы эпифизі жаксы жетілген. Бұл айдаршықтар ортан жілікпен буындасуға буын беттерін қүрайды. Дистальдық эпифизде аяк басының асыкты сүйегімен буындасатын төменгі буын беті болады. Төменгі эпифиздің латеральдык бетінде шыбык сүйектің буындасуына кажет шыбық сүйектік ойынды бар.
84 сурет. Примитивті рептилияның (Ophiaconodon) қол және аяқ скелеті. (Ромер, Парсонс, 1992)
Жалпы терминология Сүтқоректілер анатомиясы
Tibiale + Intermedium + Astragalus
Centrale
Fibulare Calcaneus
Centrale Naviculare
Tarsale distale 1 Entocuneiforme
Tarsale distale 2 Mesocuneif orme
Tarsale distale 3 Estocuneiforme
Tarsale distale 4 Cuboideum
Достарыңызбен бөлісу: |