Әйелдеркәсіпкерлігі – бұл гендерлік анықтамадан асып кеткен және әлеуметтендірілген Бизнестің мағынасын білдіретін ұғым, яғни кәсіпкер әйелдің өзінің экономикалық қызметінде қоғамның мүдделері мен оның даму қажеттіліктерін ескеруге саналы дайындығы.
Жастар кәсіпкерлігімен16-29 жас аралығындағы жастар айналысады.
Креативті кәсіпкерлік (Creative Entrepreneurship) — бизнестегі салыстырмалы түрде жаңа ұғым. Креативті кәсіпкерлік бизнеске инновациялық тәсілдерді табуға көмектеседі
Ұйымдық-құқықтық нысандеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлікті бекіту және пайдалану тәсілі және осыдан туындайтын оның құқықтық жағдайы мен кәсіпкерлік қызметтің мақсаттары түсініледі.
Кәсіпорынның дұрыс таңдалған ұйымдық-құқықтық нысаны құрылтайшыларға бизнесті дамыту және қорғау жоспарларын жүзеге асыру үшін қосымша құралдар бере алады.
Кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін негізгі құжат Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ кодексі) болып табылады
КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНАТТАРЫ
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
Қызметкерлердің орташа жылдық санына және орташа жылдық табысына қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатады:
30 000 АЕК-тен жоғары емес - 2019 жылы 75 750 000 теңге
шағын кәсіпкерлік субъектілері
100 адамнан көп емес
300 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) артық емес - 2019 жылы 757 500 000 теңге
ірі кәсіпкерлік субъектілері
250 адамнан астам
3 000 000 АЕК жоғары -(2019 жылы 7 575 000 000 теңге
Кәсіпкерлікпен айналысатын, шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады
Микро және шағын бизнестің айналысуға тыйым салынған қызмет түрлері:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.