Темербаева Жанна Амангелдиевна


Мұндағы: n – іріктеу көлемі



бет25/38
Дата06.02.2022
өлшемі3,38 Mb.
#36266
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38

Мұндағы: n – іріктеу көлемі;

W – зерттелініп отырған құбылыс бірліктерінің іріктелу үлесі;


N – негізгі басты жиынтық көлемі:
Δ – берілген іріктеудің болжамды дәлдігін белгілі бір дәрежелерде мәндік коэффициент көлеміне қатысты көрсеткіші болып есептелінетін шектік іріктеу қателігі, t = 2, болған жағдайда, зерттелінетін белгінің қандай да болмасын үлесінде негізгі іріктеу жиынтығының шамамен 5 пайызындай ауытқу болуы мүмкін.
Іріктеу көлемінің n - нің сандық мәнін анықтау кезінде іріктеу үлесі жөніндегі мәліметтер болмаған жағдайда, әдетте п ең үлкен W*(1- W )- өрнегінің 0,25 –ке тең мәнін  W = 065 және 1-W = 0,5 болғандағы қабылдайды.
Менің зерттеуімдегі Т =10148, бұл статистикалық деректері негізінде төмендегі нәтижені аламыз:





n =
( 2.1 )



= 384
4 * 025 * 10148

10148 * 0,0025 + 4* 0,25

Олай болса, сынақтық тәжірибемізді өткізу үшін – 384 студент жеткілікті. Ал мен өз сынақтық тәжірибеге 391 студентті қатыстырдық.
Бақылау тобымен салыстырылатын тәжірибелік топты бөліп аламыз. Егер бастапқыда, яғни сынақтау тәжірибесіне дейін, бұл екі топтың өзіндік көрсеткіштері бірдей болған болса, ал педагогикалық ықпалымыздан кейін олардың арасында тиісті айырмашылықтардың пайда болуы, іс-әрекетіміздің дұрыстығын дәлелдейді.
Педагогикалық нысандарға өзіндік жеке ерекшеліктер тән болатынын ескерсек, бұндай салыстыру формальді, статистикалық сипатта екенін ұмытпаған жөн. Ұқсастықтар мен өзгешеліктердің кездейсоқтығын (немесе керісінше заңдылығын) анықтау үшін статистикалық әдістер қолданылады.
Статистикалық өлшемдерді пайдаланудың жалпы алгоритмі: эксперимент басталғанға дейін бақылаулар нәтижесінде жинақталған деректер бойынша өлшемдердің (критерийдің) болжамдық мәні есептелінеді. Бұл сан кестеде берілген белгілі санмен – критерийдің сынақтық мәнімен салыстырылады. Егер өлшемдердің эмпирикалық мәні сынақтықтық мәннен көп немесе тең болса, онда экспериментальдық және бақылау топтарының сипаттамалары cтатистикалық = 0,10 ( Крамер– Уэлч, Вилкокосн – Манн– Уитни, хи- квадрат, Фишер бойынша) мәніндегі деңгеймен бірдей деп тұжырымдауға болады. Керісінше нәтиже алынған жағдайда жоғарыда аталған критерий мәнініне сәйкес айырмашылықтардың нақтылығы 90 % тең болады.
Мен нысандарды әртүрлі дәрежелеріне қарай ретке келтіретін шкаламен өлшенген деректерді бағалау үшін хи- квадрат өлшемдерін пайдаландым. Оқытудың кредиттік оқу жүйесінде модульдік технологияларды пайдаланудың тиімділігін бағалау тәжірибелік – эксперименттік барысында үш кезеңмен өткізілді: анықтаушы, қалыптастырушы және бақылаушы.
Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың негізгі мақсаты: кредиттік оқу жүйесінде «Инженерлік сызба» пәнін оқыту барысында модульдік технологияны қолдану нәтижесінде студенттердің осы пәнді меңгеру деңгейінің жоғарылайтынын дәлелдеу.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет