Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері



бет1/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері




Мазмұны




Кіріспе……………………………………………………….

3

I.

Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері…………………….


6




1.1

Темір жол көлігінің экономикалық маңызы мен орны

6




1.2

Қазақстан Республикасы темір жол көлігін мемлекеттік басқару органдары, олардың қызметтері мен экономикалық-әкімшілік механизмдері ………...



13




1.3

Темір жол көлігін мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі………………………………………………...


30

II

Қазақстан Республикасы темір жол көлігнің экономикалық жағдайын бағалау………………………………………….…..


45




2.1

Қазақстандағы темір жолдарды қайта құрылымдаудың нәтижелері ………………………...


45




2.2


Қазақстанның 1993-2003 жылдардағы темір жол көлігінің дамуын талдау………………………………...


66

III

Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары…………………………………………………….



93




3.1

Темір жол көлігінің даму перспективалары………….

93




3.2

Темір жол көлігін дамытудағы мемлекеттік басқарудың экономикалық-әкімшілік механзимдерін жетілдіру ………………………………………..……..



112




Қорытынды……………………………………..……………

118




Пайдаланылған әдебиеттер………………………...………

121




Қосымшалар



КІРІСПЕ

Әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға өту жағдайындағы мемлекет ролінің мәселесі Қазақстан үшін актуальді болып табылады. Ол әліге дейін дискуссия және түрлі бағалау пәні болып қалады, бірақ экономикалық өсудің міндетті және маңызды құраушысы сияқты белсенді саясатты өткізуге көну керектігі мағыналас.

Қазақстан Республикасының темір жол саласы экономикасы тиімді мемлекеттік реттеудің теориялық және практикалық сұрақтары саланы зерттеу әлі өзіндік зерттеу пәні болмады. Темір жол саласының экономикасын мемлекеттік реттеудің қалыптасуы, басқа рынок біздің мемлекет ерекшелігін ескеретін жаңа ғылыми құрастыруды енгізуді талап етеді. Бұның барлығы осы мәселелерді терең зерттеу қажеттігін алдын ала анықтайды.

Темір жол Қазақстандықтардың өміріне енгелі қашан. Темір жол көлігінсіз ел экономикасын елестету де қиын. Поездар миллиондаған адамдар үшін үйреншікті, әрі қайталанбас қозғалыс құралына айналды. Темір жолдың арқасында Қазақстан тәуелсіздігі қанатын қатайтып, нығая түсті десек қателеспеспіз. Еліміздің темір жол көлігінің үлесіне жалпы жүк айналымының 70%-ы, жолаушы тасымалы айналымының 60%-ы тиіп отыр. Осы жайт, тек темір жол магистралінің бүгінгі жұмысын үлкен жауапкершілікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның болашағын байыптылықпен бағдарлап жасауды жүктейді.

Қазақстан темір жолы көлігін реформалау 1997 жылы үш Қазақстандық темір жолды жаңадан құрылған “Қазақстан темір жолы” республикалық мемлекеттік кәсіпорынның құрамына біріктіру және сол мезетте оның құрамында алты жол басқармасын құру арқылы басталған болатын. Құрылған сәттен бастап осы уақытқа дейін “Қазақстан темір жолы”ҰК” ЖАҚ кәсіпорынның қаржылық және өндірістік жағдайын айтарлықтай жақсартқан іс-шаралар кешенін жүргізді. Алайда кәсіпорын жұмысының тиімділігін оңтайландыру және күшейту жөніндегі резервтер негізгі қорларды қайта өндіруге инвестициялық ресурстар тапшылығы активтер мен жұмыс көлемінің үйлеспеуі сияқты саланың құрылымдық проблемаларын шешу үшін жеткіліксіз. Қазіргі кезеңде темір жол көлігін басқару негіздеріне әсер ететін, институционалдық өзгерістер жүргізу, бірқатар нормативтік-құқықтық кесімдерге өзгерістер енгізу, сондай-ақ, реформалар процесін мемлекеттік қолдау қажет. Жолаушылар тасымалын субсидиялау проблемаларын шешу сияқты міндеттер деңгейі және олардың әлеуметтік мәні мемлекеттің тікелей қатысуын талап етеді. Бұл проблемаларды одан әрі тек жалғыз “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың күш салу есебінен шешу Қазақстанның темір жол саласындағы инвестициялық ресурстардың тапшылығы проблемасын жоймайды. Осы инвестициялар негізгі құралдарды жаңартуға, босайтын өндірістік қуаттар мен персонал, соның ішінде күрделі қалпына келтіріп жөндеу, жаңа локомотивтер мен вагондарды жаңғырту және құрастыру жөніндегі зауыттар негізінде жаңа жолдарды салуға тарту қажет.

Әлбетте, темір жол көлігін жан жақты жаңартуға байланысты жүргізіліп отырған саясат оның болашақтағы рөлін арттыра түседі.

Саланың тиімділігі өсіп, ХХІ ғасырға сай дами түсетін болады. Нәтижесінде, темір жол Қазақстан экономикасының өсіп келе жатқан талаптарына толығымен жауап беретін болады. Еліміздің бірегей транзиттік әлеуетін жүзеге асыруға қолайлы жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Отандық және шет елдік инвесторлар салаға аударған қаржылай салымдарының бағасын бағалай алады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты рыноктық қатынастарға өту жағдайында темір жол көлігі саласында экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық методологиялық мәселелері негізінде және оның тиімділігін жоғарлату бойынша ұсыныстар тәжірибесін құрастыру болып табылады. Осы мақсат келесі міндеттерді шешуге бағытталған:



  • Экономикалық дамыған темір жол көлігі саласы экономикасын мемлекеттік реттеу тәжірибесін қолдану арқылы дамыту;

  • Қазақстан Респубикасында темір жол көлігі саласының қазіргі жағдайын және даму тенденциясын талдау;

  • темір жол көлігі саласы үшін стратегиялық жоспарлау методологиясын қарастыру;

  • мемлекеттің қатысуымен темір жол саласындағы кәсіпорындарды басқару механизімін қарастыру;

  • темір жол көлігі саласы экономикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру және оның қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету жолдары мен бағыттарын анықтау.

Зертеудің теориясын және методологиясын зерттеу барысында шетелдік және отандық оқымысты экономистердің фундаменталды еңбектері, экономикалық теория бойынша ғылыми жұмыстар, экономиканы мемлекеттік реттеудің теориясы мен методологиясы бойынша арнайы әдебиеттер қызмет етті.

Жүргізілген зерттеудің теориялық мағыналылығы ғылыми қызметтің және Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу және оның тиімділігін негіздеу сұрақтары қорытылды.

Дипломдық зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік мағыналылығы қазіргі кезеңдегі темір жол көлігі саласы іскерлігінің ұсынысында және осы сала экономикасын мемлекеттік реттеудің тиімді әдістері мен механизімдерін қарастыруда анықталады.

Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеу тиімділігінің талдауы теориялық қорытынды мен методологиялық тәсілдер мен темір жол көлігі саласы стратегиялық субъектілерін дамыту мәселелері бойынша алдағы ғылыми зерттеулерге негіз салуына қызмет етуі мүмкін. Жоғарыдағы айтылған ойлардың мазмұны, менің ғылыми жұмысымның өзектілігін және оны таңдауыма негіз бола алады деп санаймын.


І Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет