1.Салық және оның мәні. Салық түрлері. 13.2 Салық және оның мәні. Салық салу қағидалары. Лаффер қисығы Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 %-ды құрайды. Салық нарықты қатынастар жағдайында экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады.
Салықтар – жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері.
Салық өндіріп алу тәсілі бойынша мынандй түрге бөлінеді:
Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар мен тұрғындар табысынан алынады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынатын салықтар жатады.