19.Ал: 10% -10 мл глюкоза ерітіндісінен Залалсыздандыру! Белгіле. Көктамыр ішіне енгізу үшін 10 мл-ден. Стерильденгеннен кейін ерітінді сарғайған. Бұл құбылыстың пайда болу себептері қандай? Дәріхана жағдайында глюкозаның тұрақты ерітінділерін қандай әдіспен дайындауға болады? Rp.: Solutіonіs Glucosae 10 % - 10ml
Sterіlіsetur!
Da Sіgna. Көктамыр ішіне енгізу үшін 10 мл-ден.
Глюкоза А,Б тізімдері қатарында жоқ
Сұраққа жауап : Стерильдеу кезінде сарғаюының себебі глюкоза ерітінділері тотығады , карамелизицияланады әсіресе сілтілі шыныда. Глюкоза ерітінділерін тұрақтандыру үшін оның полифункционалды қасиетін ескеру керек. Сілтілі ортада глюкоза тұрақсыз болады , оттегінің әсерінен оксиқышқылдар : гликоль , левулин, құмырсқа қышқылдар, оксиметилфурфурол түзеді. Бұл процесстердің жүзеге асуын болдырмау үшін глюкоза ерітінділерін Мемлекеттік фармокопеяның 11 басылымына сәйкес 1 л ерітіндіге 0,26г натрий хлоридін 0,1 н хлорсутек қышқылынан РН мәні 3-4 болғанша қосу арқылы тұрақтандырады. Ерітіндіні дәріханада дайындаған кезде Вейбель тұрақтандырғышы ерітінді көлемінен 5 % мөлшерде қосылады.
Есептеулер:Глюкозаның рецепт бойынша салмағы : 10---100
х----10 сонда х = 1г
Препараттың қажетті мөлшерін келесі формуламен анықтаймыз : х= а*100/100-б
а – сусыз глюкоза мөлшері , б – препараттағы судың пайыздық мөлшері
Формулаға қойсақ глюкоза құрамында 10 пайыз су бар деп есептесе
х = 1*100/100-10 сонда 1,1 г глюкозаның қажетті мөлшері
Вейбель тұрақтандырғышының қажетті мөлшерін анықтаймыз
5---100мл
Х----10 мл сонда х= 0,5 мл тұрақтандырғыш
Қажетті су мөлшерін есептейміз глюкоза мөлшері 3 пайыздан көп КҰК глюкоза =0.64 мл/г ескереміз
Vсу= 10-(0.64*1.1+0.5)=8.8 мл
Бақылау паспорты Aquae pro injectionibus 8.8ml
Glucosae 1.1
Stabilisatoris Veibeli 0.5 ml
Vж=10 ml