Теория Жер тобындағы планеталар


) Астрономиялық құралдарды айтыңыз



бет10/19
Дата26.12.2023
өлшемі8,25 Mb.
#199403
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
АСТР ОТВЕТ

25) Астрономиялық құралдарды айтыңыз
Астрономиялық құралдар — астрон. Бақылауларға және оларды өңдеуге арнлаған құрал-жабдықтар. А. Қ-ды бақылау аспаптарына (телескоптарға), бақылауға арналған көмекші құралдарға, жарық қабылдайтын және оны талдайтын аппаратураларға, уақыт құралдарына, лабораториялық құралдарға, көмекші есептеуіш машиналарға және көрнекті құралдарға топтап бөлуге болады. Оптикалық телескоптар зерттелетін аспан шырақтарының жарығын жинауға және олардың кескіндерін түсіруге арналған. Олар оптикалық схемалары бойынша айналық жүйе (рефлекторлар), линзалық жүйе (рефракторлар) және аралас айналы-линзалы жүйе (Шмидт телескопы, Максутов телескопы т.б.) болып ажыратылады. Телескоптар қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді (қ. Телескоп). 20 ғ-дың орта кезінде жасалған дүние жүзіндегі ең үлкен оптикалық телескоп — Маунт-Паломар обсерваториясындағы (АҚШ) айнасының диаметрі 5 м-лік рефлектор. 1970 жылдары КСРО-да Солт. Кавказда диаметрі 6 м-лік рефлектор құрастырылды. Аспан объектілерінің координаттарын анықтау және уақыт қызметін жүргізу үшін меридиан дөңгелегі, пассаждық аспаптар, вертикаль дөңгелектер, зенит-телескоптар, зениттік көру түтіктері, призмалық астролябия т.б. аспаптар қолданылады. Астрономиялық-геодезиялық экспедицияларда пассаждық типтес аспаптар, зенит-телескоптар, теодолиттер пайдаланылады.
26) Бүкіләлемдік тартылыстағы Ньютон заңдарын сипаттаңыз.
Егер Күн планетаны тартатын болса, онда планета да Күнді дәл сондай күшпен тартады деп тартылыс заңын қорытып шығаруда Ньютон динамиканың үшінші заңын қолданды
Табиғаттағы барлық денелер бір-біріне тартылады. Осы тартылыс бағынатын заңды Ньютон анықтап, бүкіл әлемдік тартылыс заңы деп аталған. Осы заң бойынша, екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларына тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады.
27)Метеорлар анықтамасын айтыңыз
Метеор (грек.meteora – атмосферада және аспан әлемінде болатын құбылыстар) – ғарыш кеңістігінде қозғалатын аса үлкен емес қатты дене.
Метеор екі түрге (темір және тас) бөлінеді. Ол атмосфераға еніп, онымен әсерлескен кезде бастапқы массалары өзгереді. Сол кезде метеорлық денеде иондалған із пайда болады. Ол қараңғы аспанда тез қозғалып, жұлдыз тәрізді болып көрінеді де, бір сәтте жоқ болып кетеді. Сондықтан да оны ертеде халық “ақпа жұлдыз” деп атаған. Олардың кейбір жарықтары жер бетіне метеорит болып түсуі мүмкін. Метеорлар Жер атмосферасымен әсерлескенде метеор ағыны байқалады, ол ағынның ішіндегі жылдамдығы күштілерін метеор жауыны деп атайды. Метеор жайлы ғылым метеор денелердің атмосферамен әсерлесуін және метеор ізіндегі процестерді, планетааралық кеңістіктегі метеор затының қалай пайда болғандығын, оның құрылысын, онда болып тұратын өзгерістерді қарастырады. Метеор өте ерте заманнан белгілі, ол жайында аңыздар да көп. Б.з.б. 2000 ж. Ежелгі Египетте ең алғаш жазылып қалдырылған құжаттарда ғана дұрыс мағлұмат берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет