Терапия стандарттар жауабы №1


Мақсаты:Ауырсыну синдромын басу, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендету. Ресурстары



бет24/44
Дата02.05.2024
өлшемі133,08 Kb.
#201663
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
Байланысты:
2022-23Стандартар Ішкі аурулар

Мақсаты:Ауырсыну синдромын басу, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендету.
Ресурстары: тонометр, фонендоскоп,оттегі баллон, маска, дәке салфеткасы, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, дәрілерді тамшылатып енгізгенге арналған система, мақта шариктері, 70 % этил спирті, рәзенке жгут, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік заттар: нитроглицерин, изокет-спрей, 325-500 мг аспирин, клопидогрел немесе плавикс, 2-4 мг морфин ерітіндісі, 5000 бірлік гепарин, актелизе, 1500000 бірлік стрептокиназа, 60 гр преднизолон, 10 мл физиологиялық ерітінді.
Алгоритмі:
1.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық орнату. Науқасты жатқызып, кеудесін қысатын киімдерді шешу, таза ауа болуын қамтамасыз ету.
2.Тіл астына нитроглицирин таб. немесе 1-2 доза изокет-спрейді (3 реттен көп емес) 5 мин аралықта беру.
3.325-500 мг аспирин таб. шайнату немесе клопидогрел немесе плавикс ішкізу.
4.Дымқылданған оттегі беру.
5.2-4 мг морфинді қан тамырға енгізу.
6. Систоликалық қан қысымы 100 мм сын.бағ төмен болса, 60 мг преднизолон ерітіндісін 10 мл физиологиялық ерітіндісімен араластырып, көк тамырға енгізу
7.1500000 бірлік стрептокиназаны 30 мин аралығында қан тамырға тамшылатып енгізу.
8.5000 бірлік гепаринді көк тамырға тікелей және актелизе 3 деңгейлі 90мин аралығында енгізу;

  • 15мг қан тамырына тікелей ,

  • 50 мг қан тамырына тамшылатып 35 мин ішінде,

  • 35 мг қан тамырына 60мин ішінде тамшылатып енгізу;

9.Қан қысымын,жүрек соғу жиілігін,дем алу жиілігін есептеу, науқастың жағдайын бақылау .
10.Науқасты стационарға зембілге жатқызып тасымалдау.
22.Кардиогенді шок кезіндегі көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты: Қан қысымының көтеру.
Ресурстары:тонометр, фонендоскоп, оттегі балоны , бетперде,марлі салфетка, залалсыздандырылған : бір рет қолданылатын шприцтер,көк тамырға дәрі егуге арналған система ,мақта шариктері 70 % этил спирті ,резенке жгут, қолғаптар , дез. ерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик ,лоток , дәрілік препараттар : 2-5 мг морфин немесе фентанил , 5000 бірлік гепарин , 0,25 мг аспирин , 0,9% 200 мл натрий хлориді ерітіндісі , 200мг дофамин, 5% 400 мл глюкоза ерітіндісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет