Тәрбие үдерісі жас ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса


§ ақыл-ой және дене еңбегінің мәдени дағдыларымен қаруландыру



бет2/2
Дата10.12.2023
өлшемі48,71 Kb.
#196192
1   2
Байланысты:
пед рк-2 ответыы


§ ақыл-ой және дене еңбегінің мәдени дағдыларымен қаруландыру.
Еңбек тәрбиесінің мазмұны алға қойылған міндеттер арқылы шешіледі, жергілікті жердің шаруашылық-экономикалық жағдайымен және мектепте қалыптасқан дәстүр негізінде іске асырылады. Еңбек тәрбиесінің мазмұнына еңбектің мынадай түрлері қамтылады.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру.Мектеп үнемі оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі. Оқушыларға кәсіби бағдар беру ХХ ғасырдың 60 жылдарынан басталады. Педагогтар мен психологтар оқушыларға кәсіби бағдар беру теориясы мен әдістемесін терең зерттеді (А. Е. Голаншток, Е. А. Климов, П. П. Костенков, А. Д. Сазонов, В. Ф. Сахаров, С. Н. Чистякова, т. Б.).
Кәсіби бағдар беру оқушы жастарға болашақ мамандығын анықтауға көмек көрсететін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндірістік-техникалық жүйелерді негіздеп түсіндіру. Дұрыс таңдалған мамандықтың, оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды.
Таңдаған мамандықтың әлеуметтік маңызы қоғам талаптарына сай абыройлы, шығармашылық сипатта және материалдық жағынан жоғары болуы құнды.

19. Еңбек тәрбиесінің мазмұны - алға қойылған міндеттер арқылы шешіледі, жергілікті жердің шаруашылық-экономикалық жағдайымен және мектепте қалыптасқан дәстүр негізінде іске асырылады. Еңбек тәрбиесінің мазмұнына еңбектің мынадай түрлері қамтылады.


Оқу еңбегі ақыл-ой және дене еңбегінен құралады. Ақыл-ой еңбегі қажырлы күш-қуатты, төзімділікті, ыждахаттылықты талап етеді. Күнделікті ақыл-ой еңбегіне әдеттену, басқа еңбек түрлерін меңгеру үшін де маңызды. Еңбек пәні оқу бағдарламаларында шеберханаларда, мектеп учаскелерінде дене еңбегімен шұғылдану ескерілген. Дене еңбегі барысында балалардың адамгершілік, ұжымшылдық, өзара көмек көрсету, адамдарды және еңбек нәтижесін құрметтеу қасиеттері пайда болады.
Қоғамдық пайдалы еңбек ұжым мен жеке тұлғаның қажеттілігіне қарай ұйымдастырылады. Отбасындағы және мектептегі еңбек түрлері (тұрмысқа қажетті еңбек, сыныпты және мектеп ауласын тазалықта ұстау, ағаштар мен гүлзарларды күту, демалыс кезіндегі бау-бақшада, құрылыста атқарылатын жұмыстар).
Өнімді еңбек оқушылардың материалдық құндылықтар өндіруге байланысты еңбек қатынастарына араласуы. Өнімді еңбекке араласу барысында оқушының кәсіби біліктері, бейімділіктері, қажеттіліктері дамып, экологиялық түсініктер мен ұғымдарды меңгереді. Өнімді еңбекті ұйымдастыратын жағдайлары бар мектептер, оқушыларды материалдық құндылықтар өндіруге қамти алады.

21.Сұрақ
Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу Балалар мен жастарды еңбекке тәрбиелеу ежелден қазақ халқының әрбір отбасының, әулетінің, кейіннен қоғамдық орындардың басты міндеті болды. Ал мектеп жасына дейінгі кезеңде өзіндік ерекшілігі – оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады.Енді оқушылардың еңбек әрекетінің түрлері: . Қазіргі кезде оқушылардың еңьек әрекетінің түрлері. Олар отбасы-тұрмұстық, қоғамдық, оқу-танымдық түрлері бар. Оқушының отбасы тұрмыстық іс әрекеті бұл анасына, әкесіне көмектесу, , қуыршағына көйлек тігу, себет тоқу, сурет салу, ұсталық ету немесе кітап түптеу т.б. секілді жұмыстар болсын – осының бәрі бала үшін шынайы еңбек болып есептеледі. Қоғамдық еңбекте қоғам үшін пайды еңбек ету ағаштар, гүлдер отырғызу, жерде жатқан қоқысты алып арнайы қоғамдық жерге барып қою саналады. Оқушың оқу танымдық іс әрекет—мұғалім берген үй жұмысын тиянақты уақытылы орындау.

22.Отбасында баланы еңбекке даярлау
Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу – маңызды педагогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты – еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал ету.
Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек.
Ұлы педагог,А.С.Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті қыймыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі.
Мысалы: Жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі бәрі адамгершілікке, үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі.
Мысалы: 2 – 3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады.
Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі.
Мысалы: Шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады.
Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет.
Мысалы: Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады.

23. Еңбек-тәрбиенің негізі.Себебі баланың танымының қалыптасуы,жазуы,оқуы,білім алуы еңбекпен тығыз байланысты. Еңбек арқылы адамның денесі,ақыл-ойы, эстетикасы ретке келтіріледі.Еңбек барысында адам өз қабілетін, шамасын анықтайды.Еңбекке даярлау жасөспірімдерді іскерлік дағдымен қаруландырады.Песталоцци еңбек адамгершілікке, өзгелермен қарым-қатынас жасай білуге үйретеді деп есептеді. Қазіргі еңбек тәрбиесі сонымен қатар балалардың қоғамның дамуы үшін жұмыспен айналысуын, еңбекке адал,саналы қатынасын көздейді. Еліміздің ілгері қарай дамуының алғышарты-бәсекеге қабілетті болу. Бәсекеге түсе алу үшінде қажырлы еңбек қажет.Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелеренің қажеттілігін өтеу үшін адам материалдық, рухани құндылық жасайды.


Еңбек тәрбиесінің міндеттері тұлғаның қайсарлығын,ұқыптылығын,ептілігін,жігерлігін дамыту.Оқушылардың ұжымдық еңбекте ынтымақтастығын, ұйымдастырушылық қабілеттерін, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.Қазіргі таңда баланы еңбек тәрбиесі арқылы өз бетімен білім алуға машықтандыруды,баланың еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруды, еңбек арқылы баланың қабілетін,икемділігін анықтап, қоғамда оны іске асыруды көздедйі.Осы мақсатта мектепте көркем еңбек және музыка пәні оқытылады және оқушыларға өзіндік жұмыс жиі беріледі.Осы арқылы жасөспірімдердің мамандық таңдауда қателеспеуін көздейді.Еңбек тәрбиесінің болашағы қоғамның дамуымен,адамгершілікті кемелденген өнімді еңбек атқара алатын адамдармен жарқын болмақ.Еңбек арқылы тәрбиелеудің мақсаттары қоғамның қажеттіліктері,құндылықтары негізінде құрылады.Болашақтағы еңбек тәрбиесі болашақ қоғамның жағдайымен тығыз байланыста болады.
Еңбек тәрбиесінің мәселелеріне келетін болсақ,бұрыс,баланың жас және дара ерекшелігін ескермей ұйымдастырлмаған еңбек балалрдың психологиясына,дүниетанымына,еңбекке деген көзқарасы мен қатынасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

24 Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз — оны мәдениетке үйрету, білім беру, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.


Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның тұлғалық және танымдық дамутына ерекше әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке, тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субьектісі ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі — сол халықтың мәдени ерекшеліктері, екіншіден — танымдық процестері, темперамент, мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу.
Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды.Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады.
Адам баласының мінез-құлықтық айналасындағы адамдарының тұрмыс қалпы, іс-әрекет, қылықтарының көрінісі болып табылады. Өйткені қоғамда өмір сүрген индивид қай уақытта болса да физикалық жағынан басқа адамдармен қатынаста болады. Сол адамдар арасындағы қатынас уақыт пен кеңістік аралығында күрделі немесе көп қырлы болып келеді.Адамдар қандай да болмасын, әлеуметтік мәртебеге ие индивидтен өзіне тиісті міндет пен нақты мінез-құлықты күтеді. Мысалы: мұғалім мәртебесі – оған дәрісті жақсы ұйымдастыру, өз пәнін жақсы білуді, тындаушыларына сұрақ қоя отырып қызықтыруды, жастар үшін тәрбиенің үлгісі болуын, жоғарғы мәдениеттілікті , т.б. талап етеді.
Әлеуметтік қатынастың объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің 3 түрі бар:
1) Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату;
2) Өзін белгілі бір әлеуметтік топқа ендіру;
3) Нақтылы әлеуметтік топқа, ұжымға жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу

25. Кукыктын торбие тура жолмен журуге уйрететін аділеттілік едістеріне суйенеді.Адам мундай жадайда озінін ар-уятынажугінеді. Окушы озінін айналасындаты адамдарды, алеуметтік игіліктерді кате багалауы мумкін. Мунын озі онын кобіне кеп кукыктын тербиені бузуына экеліп соктырады. Нурсултан Назарбаев "Казакстан - 2030" стратегиялык багдарламасында Отан коргау мен онын кауіпсіздігіне ерекше мен бергені малім. Карулы куштерінін бір тарматы ретінде ішкі эскердін де іргетасы каланды. Ішкі эскер барлык казакстандыктардын, карапайым азаматтардын муддесін коргаушы - кукыктын тертіп эскері. Бул мектеп, отбасы жане когам журтшылытынын кукыктык тербие жумысын жургізудегі басты багытынын бірі- окушылар арасында зан тартібін бузушылыктын алдын алу шараларын жургізуге кен жол ашып отыр. Кукыктын маселелерді сез ету, оны тындаушысына жеткізіп бере білу аса киын онер. Буган тек кана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тажірибелі, кепті керген, адамдардык журегіне барар кілтті таба білер тарбиеші болу манызды.Кукыктык торбие кукыктык білімді, кукыктык тажірибені, кукыктык медениетті жане когамнын кукыктык мураттарын*рпактан урпакка жеткізу бойынша максатты кызметті білдіреді. Кукыктык тарбиенін максаты - жеке адамнын да, жалпы алганда, когамнын да кукыктык санасын жэне кукыктык мэдениетін калыптастыру. Жеке тулганы кукыктык элеуметтену ісіндегі кукыктык тарбие манінін керсеткіші КР мемлекеттік егемендігі калыптасуынын алгашкы жылдарында еліміздін Президенті Н.Э.Назарбаевтын бастамасы бойынша Казакстандаты окушы жастардын кукыктык тарбиесінін тужырымдамасын(Президенттін 1995ж. 21 маусымдаты жарлыгымен бекітілген) эзірлеу болды. Тужырымдама жогары кукыктык сана мен зандарга курмет дэстурлерін калыптастыруды, занга саналы турде курмет керсету мен оны емірлік тежірибеде белсенді пайдалана білуді кукыктык тарбиенін басты максаты ретінде белгіледі.Торбиелік міндеттері: Окушыларга мемлекет курылым жане кукык, кукыктык нормалар жайында жан-жакты білімдерін менгерту;- Мемлекет пен мемлекеттік зандарга курметпен карау сезімдерін тарбиелеу;


- Оз іс-орекеті ушін жауап беру мен мінез-кулкын тусіндіре алу кабілеттерін калыптастыру;
- Жеткіншектердін мінез-кулыктары мен журіс турыстарын зан талаптарына сай калыптастырып, адамгершілікті едет-дагдыга тарбиелеу;
- Кукыктык нормалар мен жалпы адамзаттык куныдылыктарын байланысы жайлы тусініктерін калыптастыру;

26.Құқықтық тәрбиенің формалары мен міндеттері


Тәрбиенің маңызыды салаларының бірі –мектеп оқушыларына, жасөспірімдерге, жастарға құқықтық тәрбие беру. Ол жаңа адамды қалыптастырудың, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан мемлекетінің заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізуден басқа жолмен шешуге болмайтын міндеттері екенін атап көрсеткен болатын. Көбіне құқықтық сананың төмендегі маретиалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықты тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады.
Бұл құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды.Тұлғаның педагогикалыұқ және психологиялық мәніне қарау. Адамның құқықтық мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.

27. Мектеп жасындағы жастардың құқық нормаларын бұзу факторлары


Балалардың мінез-құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы боп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман жақсы қасиеттерінің негізгісі отбасынана қалыптасады. Сондықтан да балалардың өнеге алып үлгі тұтары – ең алдымен өздерінің ата – аналары.А.С. Макаренко сөзімен айтқанда, тәлім-тәрбие кең түрде алғанда әлеуметтік процесс. Адамдар да, заттар да тәрбиелейді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата – аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып білу қажет.
Ата – аналар және басқада ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жанжал, төбелес болғандыұтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды.
Кейбір балалардың ерік-жігері әлсіз болып келеді. Олар ойланбай әрекет жасауға, зиянды ықпалға оңай берілуге оңтайлы болады. Баланың мұндай жігерсіздігі мен еркінің бостығы, оның келеңсіз оқиғаларға тап болуына әсерін тигізеді.
Мектепте де баланың жеке басын сыйламау, өктемшілік көрсете беру баршылық. Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары «ақыл» айтумен, ұрысу, арожданына тию тәрізді педагогикаға жат әрекеттермен сипатталады. Сондықтан да, отбасында мектепте жіберілген кемшіліктер жинақтала келе қоғамдағы келеңсіз жағдайларен ұштастырып, тәртібі нашар немесе қиын балалардың одан әрі қоғамдық тәртіпті бұзуына түрткі болды.
Мектепте құқықтық насихат жұмыстарын жүргізудің кешенді жүйесінің қамтамасыз етілмеуі, оқушылар Жарғысы мен мектеп ережелерінің өз дәрежесінде орындалмауы секілді мәселелерде құқықтық тәрбие жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыруға кері ықпалын тигізеді.

28)Құқықтық тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің өзара байланысы.


Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі–құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруымен тығыз байланысты.
Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзат сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана – сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс – жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте кұкықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.
Балалардың мінезі – құлқының номадан – шамадан ауытқуын түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы болып есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман – жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да балалардың өнеге алып үлгі тұтары – ең алдымен өздерінің ата – аналары.
А.С.Макаренко сөзімен айтқанда: «Тәлім – тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата – аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады» деген екен. Олай болса, құқытық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан – жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысты жүргізіледі деу қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтін даусыз мәселе.
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам – өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қағамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихи және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл – әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп – бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Бірінщісі, қоғам – адамның адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, пратия, кәсіподақ,, т.б.). Демек, қоғам – ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

30. экология (гректің ойкос - үй, мекен, тұрақ және логос - білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) - қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым. Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған - тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс-әрекеттің әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр,-деп атап көрсеткен болатын Америка экологы Р.Риклефс. Жоғарыда айтылғандардан шығаратын қорытынды айқын: адамдарды құтқару жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып үйренуден бастау қажет. Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Д. Ушинский назарын аударған. Оның Детский мир, Родное слово атты кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып, Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, адамға тек оның заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады, - дейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет