Тәрбие жұмысын жоспарлау. Тарбие жұмысын жоспарлау



бет1/2
Дата21.10.2022
өлшемі3,86 Mb.
#154394
  1   2
Байланысты:
Әдылқариев Бақдаулет
BOOTS

Тәрбие жұмысын жоспарлау.
Тарбие жұмысын жоспарлау.
Тәрбие – мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі.
Тәрбие – мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.
Жоспарлау – бұл тәрбиешінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.
Жоспарлау – тәрбие жұмысы жүйесінің тиімділігі мен нәтижелігін анықтайды. Мақсатты және анық жоспар педагогтың көптеген қателер мен жағымсыз құбылыстардан щығуға көмектеседі. Негізделген жоспар қойылған тәрбиелік міндеттерді шешудің жалпы болашағы мен нақты жолдарын қарастырады.
Жоспар жасау дегеніміз -тәрбие жұмысының бүкіл барысын, оны ұйымдастыру үшін жалпылай және ұсақ -түйініне дейін ойластыру және қағаз бетіне түсіру, оның нәтижелерін алдан ала көре білу. Мыс: мұғалім бірінші сынып оқушыларымен жұмыстың алғашқы күндерінде бірден-бір басты міндеті -балаларды мектептен, сыныптағы негізгі мінез — құлық ережелеріне үйрету, оларды осы дәрежелерді орындай білуге баулу, олардың бойында ережелерді тезірек және дұрыс игеруге деген ынта-ықылас тудыру міндеті шешуге күш салды.
Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?
1. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу:
2. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму денгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отырып мақсат пен міндеттерін анықтау.
3. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктерінің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибесімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.
4. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.
5. Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдарды анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
6. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.
7. Жоспарлау
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:
Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
Өмірмен тығыз байланыстылығы.
Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
Тәрбие жұмысының формаларының тәрбиеленушілердің жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
Жоспардың нақтылығы.
Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы.Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы.Тәрбиеленушілердің жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
Жоспарлаудың қызметтері Жалпы алғанда, жоспар – әрекеттің мазмұнды көрсеткіші, оның ретін, көлемін, уақытша шекарасын анықтаушы құжат.
1. Анықтаушы
2. Болжаушы
3. Үйлестіруші, ұйымдастырушы
4. Бақылаушы
5. Қалпына келтіруші
Нақты бағыттар мен әрекеи түрлеріне бағыт беруші
Жанама іс-қимыл көрсетуші, нақты әрекет арқылы нәтиже көрсетеді
Әрекеттің қандай тәсулдермен ұйымдастырылатындығы, оның обьектісі және субъектісі кім болатының
Қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуын қадағалау
Кез келген уақыт аралығында жоспар бойынша істелген жұмыс мазмұны мен көлемін қалпына келтіру
Перспективалық жоспарды түрлі бағытта жасауға болады
1.Сынып оқушыларына мінездеме. 2.Тәрбиелік міндеттер. 3.Саяси мәдениетін қалыптастыру. 4.Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке,тәрбиелеу. 5. Ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу. 6. Халықтық салт дәстүр негізінде тәрбиелеу. 7. Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру. 8. Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтардың достастығын құрметтеуге тәрбиелеу. 9. Еңбекке, іскерлікке баулу. 10. Әсемдікке тәрбиелеу. 11. Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие. 12. Экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегілерді ескеру қажет:
талдау барысында тәрбие жұмысының нәтижесі мен тұжырымын білу; тәрбиелік және ұйымдастырушы-педагогикалық міндеттерді білу; тәрбие жұмысы бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің сипаттамасы мен кеңестерін, материалдарын білу; әр елдің, қаланың, мектептің озық тәжірибелерін білу; ата-аналар мен көпшіліктің мүмкіндіктерін; кәсіпорын, мәдениет мекемелерінің тәрбиелік қуаты; оқу жылының дәстүрлі мерекелерін; ел, қала, ауыл өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды; ұлы адамдардың өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды; мектептің дәстүрін; педагогтардың, оқушылардың, ата-аналардың ұсыныстары.
жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;
сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы;
тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету;
жоспардың нақтылы болуы;
жұмысты келісіп жоспарлау.
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау жөніндегі тәжірибесін талдаудың негізінде жоспарға төмендегідей талаптар қоюға болады:
Тәрбиеленуші мен сынып ұжымын, сондай-ақ өмірбаяндары мен отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зерттеуі тиіс.тәрбиеленушілерді жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары: сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар, ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы.алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін зерттеу.барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсиялар, мұражайларға, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу, т.б. қажеттігін анықтау
Топ жетекшісінің тәрбие жұмысы оның шәкіртерінің бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделеді. Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет