Тәрбие жұмысын жоспарлау. Тарбие жұмысын жоспарлау


Адам – адамгершілік тәрбиесі. Отбасы



бет2/2
Дата21.10.2022
өлшемі3,86 Mb.
#154394
1   2
Байланысты:
Әдылқариев Бақдаулет
BOOTS
Адам – адамгершілік тәрбиесі.
Отбасы – баланың бірінші ұжымы, оынң тіршілік ортасының табиғилығы, сондықтан қылыпты отбасының пайда болу қажеттілігін тәрбиелеу қажет.
. Еңбек – шығармашылық пен даму қажеттілігіне тәрбиелеу.
Білім – шындықты және адам тұлғасын дамыту тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігін тәрбиелеу.
Мәдениет – мәдениетке қатыстыру, руханилықты, адамгершілікті және интеллектуалдықты үнемі іздестіру қажеттілігін тәрбиелеу.
Отан – өз халқының тарихын құрметтеуді ,отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жер – планетарлық ойлауды игеру, әлемнің біртұтас бейнесін жасау, жалпыадамзаттық проблемаларға қалыпты қатынас қалыптастыру.
Әлем – тіл табыса білу мен адамзаттық бейбіт қарым қатынас бейнесін қарым-қатынасының хал-ахуалын жасау.
Сынып жетекшісі – тек қана адамзаттық құндылықтарға үйретіп қана қоймай, жан-жақты білімді; жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке тұлға қалыптастыруға міндетті. Тұлғаның жан-жақты ашылуына дұрыс ұйымдастырылған тәрбие жұмысы септігін тигізуі сөзсіз
Тәрбие жұмысының бағыттары.
а) Патриоттық тәрбие.
б) Адамгершілік, саналық пен мінез-құлық мәдениетін тәбиелеу.
б ) Саяси-мәдениет тәрбиесі.
в )Эстетикалық тәрбие.
г )Салауатты өмір салты.
д )Құқықтық тәрбие.
е)Экологиялық тәрбие.
д)Зияткерлік тәрбие.
е)Ата-аналармен жұмыс
 
Осы бағытта жоспарланған тәрбие жұмысының артықшылығы келешектік және күнтізбелік жоспарлар идеялары мен артықшылықтар үйлесімі, серпінділігі мен өзгергіштігі, педагог пен оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері, шығарыпсалма емес, қажеттілік жоспары, оқу-тәрбиелік процесі барысының көрнекілігі, сынып жетекшісі уақытын айтарлықтай үнемдеу. Бұл кезде тәрбиелеу оңай, қолайлы әрі басқарымды болады.
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары: • Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек); • заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар); • рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір); • бұқаралық ақпарат құралдары; • педагогикалық ықпал жасау құралдары.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.
Назарлырыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет