Мектептің өзін-өзі басқару жұмысының тиімділігі және нәтижесі: Тәрбие жүйесінің негізгі мақсаты үйлесімді дамуына жағдай түғызып, бейімділігі мен қабілетін сәйкес тереңдетіп, даралап оқыту арқылы ұлтжанды, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеп шығару. Барлық сынып жетекшілері осы бағыттар бойынша жоспар жасап тәлімдік шаралар өткізеді. «Болашақ» шәкірттер парламенті өзін-өзі басқару күнін өткізіп, сынып жетекшілерінің, ұстаздар қауымының жүргізген жұмыстарының нәтижесін көрсетеді.
Дарынды оқушыны саралап, анықтау жұмыстарының дәлелі ретіндегі тәрбие көрсеткіші оқушылардың өнер, спорт, ғылыми шығармашылықпен айналысуы, дебат сайыстарына қатысып жүлделі орынды алуы және мәнерлеп оқу, интеллектуалдық өнер сайысындағы көрсеткіштерін айтамыз.
Мектептің өзін-өзі басқаруқұрылымы екі деңгейлі.