Жоспарлаудың қызметтері Жалпы алғанда, жоспар – әрекеттің мазмұнды көрсеткіші, оның ретін, көлемін, уақытша шекарасын анықтаушы құжат. - нақты бағыттар мен әрекет түрлеріне бағыт беруші
- кез келген уакыт аралығында жоспар бойынша істелген жұмыс мазмұны мен көлемін қайта қалпына келтіру
- Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:
- Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
- Өмірмен тығыз байланыстылығы.
- Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
- Тәрбие жұмысының формаларының тәрбиеленушілердің жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
- Жоспардың нақтылығы.
- Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
- Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы.
- Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы.
- Тәрбиеленушілердің жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
|