Тәрбие сағат жоспары Сыныбы: 2 Сынып жетекші: Мараханова а тексерілді: 14 10. 2016ж



бет4/30
Дата22.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#129600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
2-сынып тәрбие сағаттары
№ 1 сабақ Портрет жанры., 5сабақ Туған өлке табиғатындағы жылы және суық түстер.Реңк атаулары
Қолданылатын ресурстар:

Суреттер,мақал-мәтелдер



Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап



Сабақты ұйымдастыру

Сыныптың психологиялық ахуалын құру, топқа бөлу шеберлігі.

Тақырыпты ашу сұрақтар

Хор Өлең шумақ



Кезеңдері

Берілетін тапсырмалар

Жұмыс түрі

Үй та тапсырмасын сұрау.

Синтез, жинақтау деңгейіндегі тапсырмалар.

Миға шабуыл.

Ойлы болсаң -өзып көр дегенді қалай түсінесің?

топтық

Жаңа сабақ.

Мазмұнын ашатын топтық, жұптық тапсырмалар беру.







Моти-вациялық 


кезең 
1.Амандасу. 
Білімменен тәнті етеді тектілер, 
Мұратына білім қолды жеткізер. 
Бар ізгілік тек біліммен алынар, 
Білімменен аспанға жол салынар 
2. Топтардың өзін-өзі таныстыруы 
1.Бағалау сарапшыларымен таныстыру 
Достық пен бірлікті етіп тұлға, 
Жеңіске жеткен едің талай сында. 
Қара қылды қақ жарып әділ қазым, 
Еңбегін тапқырлардың әділ сына 
2.Сайыс барысымен таныстыру 
Салемдесу. Сайыстың барысын түсіндіру 
Сарапшалар сайлап , бағалау түрін,шарттарын түсіндіру, бағалау парағын тарату Мұғалімді мұқият тыңдап,өзін-өзі бағалау парағын толтырады 
Топ басшысын сайлайды. 

1. Әдебиеттік оқу пәні патшалығы 

1.“Ширату” 
Сұрақтарға “иә” немесе “жоқ” деп жауап бер 

1 .--------------- 10----------------------------


2.---------------- 11----------------------------

3----------------- 12----------------------------

4----------------- 13---------------------------

5------------------ 14----------------------------

6------------------ 15----------------------------

7------------------- 16----------------------------

8-------------------- 17----------------------------

9--------------------- 18---------------------------

1. “Ата ақылы” өлеңін жазған Спандияр Көбеев пе? 
2. “Шал мен балалар” мәтініндегі шал бай адам ба? 
3. “Жезде” деп апатайымыздың күйеуін айтамыз ба? 
4. Бауыржан Момышұлы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған ба? 
5. “Әже ” өлеңін Фариза Оңғарсынова жазған ба? 
6. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі диалог деп атала ма? 
7. Соңғы оқыған бөлім “Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым” деп атала ма? 
8. Спандияр Көбеев ақын болған ба? 
9. “Мысық пен тышқандар” атты мәтін аңызға жата ма? 
10. Жеңге деп ағамыздың әйелін атаймыз ба? 
11. Қабуснаманы жазған Қайқаус па? 
12. “Қарттарды сүйем” өлеңін жазған Ыбырай Алтынсарин ба? 
13. Жеті атаңды білу парыз ба? 
14. “Ата-әжеге хат” жазған Бауыржан Момышұлы ма? 
15. Жиен деп ұлдың баласын атайды ма? 
16. Бесік жырын мектеп жасындағы балаларға айта ма? 
17. “Апаның тілін алса егер...” өлеңін жазған Жақан Смақов па? 
18. Әркімді келемеждеп, мұқатуға бола ма? 

Магнит тақта ойыны 1- топ

Жеті атасын білмеген- жетесіз.

Жет і атасын білмеген ұл

Жеті жұрттың қамын жер

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.

2 -топ


Ақ сүт берген ананың

Балада хақы көп болар

Ана деген мейірі

Сыйлай гөр ,балам, анаңды.

Ата деген қадірім,

Сыйлай гөр, балам, атаңды.

3. Ана тілі-Сахналық көрініс: Ана тілі мазмұнын түсініп оқып , сахналық көрініс көрсету

"Шеше мен бала" Ы.Алтынсарин

Шешесі қыз баласынан сұрады:

Берген ақшамды қайда қойдың? Бала: Біреуге бердім. Шешесі:

-Кімге? Бала:-Бір тентек балаға бердім. Шешесі: Мұнан былай тентек болма деп берген шығарсың? Бала: -Рас,әже ,екінші рет тентек болма дедім. Құс та құдайдың жәндігі ғой, әже?

Шешесі: Біз де,құс та,бөтен жан-жануардың бәрі де құдайдың жаратқаны. Бала: -Әлгі бала құдай тағаланың жаратқан кішкентай құсын ұстап алып,сатайын деп жүр екен.Құс кісі аярлық болып шиқылдап тұрды: сонда алып жүрген бала тұмсығын қыса береді, бейшара құстың даусын құдай тағала есітеді деп қорыққан шығар деймін. Шешесі:- Онда сен неғылдың? Бала: -Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім. Менің бұл ісім сауап емес пе? Шешесі: Әрине ,сауап, бейшараларға қайырлы болғаның. Бала: -Ол бала кім біледі, кемтарлықтан құсты сатуға жүрген-ау ? Шешесі: - Мен де солай ойлаймын. Сонда сөйлесіп отырған бала сіңлісіне қарап: - Мана ақшамның бәрін бергенім жақсы болған екен,-деді. Сіңлісі шешесіне қарап.- Апаммен екеуі міз мына сөз таластырып қалып едік, ол балаға құсыңның бағасы қанша деп те сұрамай, ақшасының бәрін береді,Мен айтамын, құстың бағасы қанша деп сұрау керек еді-қайсымыздікі дұрыс? Шешесі үлкен қызына қарап айтты: - Сенің бұл істеген ісіңді дұрыс демеймін :Егер тағы бір манағыдай бала жолықса, ақшаңның бәрін бастапқы балаға беріп қойдың , соңғыға не берер едің? Үлкен қызы: - Онда мен тағы да саған келер едім.Шешесі: - Менде мал да, ақша да болмаса қайтер едің? Бала: - Онда ......- не дерін біле алмады.Шешесі: - Көбірек жақсылық етуге шамам келсін десең, әр нәрсеге үнемді болу керек: құстың бағасын сұрап ,кемге бермеймін десе,сонда ақшаңның атын да сұрама деп. Шешесі: -Қызым, жақсы іс істепсің, мінеки,саған тағы да теңге . Қызы. -Алла разы болсын, әже. Шешесі: - Шырағым, қозым, әрдайым осындай рақымды бол, саған үшін құдай рақым етер,-деді.


4"Қай топ жылдам "ойыны кубиктер Қазақ тілі пәні патшалығы 
2.1. “Құрамақ” 
Тапсырмаларды жауабын алдын ала қиылған құрамаққа жазып, уақыт аяқталған соң, постерге жапсырады. Құрамақ аққала болып шығу қажет. 
Құрамаққа тапсырма жазылған, сол тапсырмаларды әр оқушы жеке-жеке орындайды. Орындап болған соң, жауаптарын топта тексереді. Дұрыс жауап ашылған соң, құрамақты ақ қағазға жапсырамыз. Кімнің құрамағында қате болса, ол құрамақты жапсырмаймыз. Орны қалады. Қай топтың құрамағы дұрыс шығады, сол топ жеңімпаз. 
(дайындыққа 5 минут) 
Дұрыс жауаптар: 
Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з; 
Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, (у) 
Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ; 
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз. 
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. 
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. 
“Ойлан, бірік, бөліс” 
• Осы бөлімде жаттаған бір өлеңді мәнерлеп жатқа айтындар 
• Осы бөлімде жаттаған жаңылтпашы жатқа, жаңылмай айтындар 
• Осы бөлімде жаттаған мақал-мәтел не болмаса тыйым сөздерді жатқа айтындар 
(дайындыққа 2 минут) АКТ-ны пайдалана отырып ,әр топ мүшесіне сұрақтар оқиды. 

“Ойлан, бірік, бөліс” стратегиясына ойлануға 1минут уақыт береді 


Сұрақтарды тыңдау,шапшаң әрі 
дұрыс жауап беру. 
Белсенділік танытып,ұпай жинау. 

2. Дүниетану пәні патшалығы 


Жеке жұмыс: 
3.1.Тест жұмысы 
1. Адам қолымен не жасалады? 
а) ағаш, құс, шөп 
ә) үстел, машина, есік 
б) ауа, үстел, жаңбыр 
2. Сезім мүшелері 
а) бас, тұлға 
ә) көз, мұрын, құлак, тіл 
б) қол, аяқ, бас 
3. Жыл мезгілдері - ... 
а) жыл, ай, күн 
ә) күн, ай, жұлдыз 
б) қыс, көктем, жаз, күз 
4. Қай мезгілде түн күннен қысқа болады? 
а) жазда 
ә) кыста 
б) көктемде 
5. Күн мен түн дегеніміз - ... 
а) тәулік 
ә) апта 
б) ай 
6. Табиғаттың жанды денелеріне не жатады? 
а) жер, ауа, тау 
ә) қар, ағаш, құстар 
б) адам, балық, құстар 
7. Табиғаттың жансыз денелеріне не жатады? 
а) жер, ай, өсімдік 
ә) тас, су, ауа 
б) жануарлар, өсімдіктер 
8 . Мына сөйлем қай жыл мезгілін суреттеп тұр? 
Бояу қылқаламсыз келіп, барлық жапырақтарды бояп шықты. 
а) кыс 
ә) көктем 
б) күз 
9. Ағаштың топырақ астындағы бөлігі - .. 
а) жапырақ 
ә) тамыр 
б) дің 
10. Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? 
а) гүлдер, жемістер, ағаштар 
ә) жеміс ағаштары, гүлдер, шөптер 
б) ағаштар, бұталар, шөптер 
.2. Постер қорғау 
• Өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі 
(дайындыққа 3-4 минут) 

Тапсырманы орындау барысын түсіндіріп, дайындыққа 5 минут уақыт береді.Дүниетану пәнінен тест жұмысын таратады. Әр топ мүшесінің жеке жұмыс жасауына ықпал жасайды. 


Уақыт аяқталған соң сарапшыларға тест жұмысын жинап, тапсырады. 

Алдын ала өсімдік бейнесі бар постер құрып, сол постерді әр топқа таратады. Дайындық уақытын атайды. Әр топбасшысы тапсырма түсіндірілгеннен кейін, құрамақты әр топ мүшесіне таратып береді, әр топ мүшесі құарамақтағы тапсырмаға жауап жазады. Уақыт аяқталған соң құрамақты постерге жапсырады және қорғайды. 


Дұрыс жауаппен салыстыра отырып, сигналдармен қарсылас топтарын бағалайды. 
3. Математика пәні патшалығы 4.1. “Зымыран сұрақтар”Әр топқа 1 минутта қанша сұраққа жауап бере алатынын тексеру. 
1. Қосу амалының компоненттарын ата. 
2. 1 жылда неше ай бар? 
3. 2 жылда неше ай болады? 
4. 1 дециметрде неше сантиметр бар? 
5. 1 мүшел неше жыл? 
6. Шаршының периметрін қалай табамыз? 
7. 1 ғасырда неше жыл? 
8. 3 ғасырда неше жыл болады? 
9. 15 пен 5-тің айырмасы нешеге тең? 
10. Сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз? 
11. 1 килограмда неше грамм бар? 
12. 25 пен 20-ның айырмасы неше? 
13..Азайту амалының компоненттарын ата. 
14.1 жылда неше күн бар? 
15.1 метрде неше сантиметр бар? 
16 .Масса өлшем бірліктерін ата 
17.53 ен 20-ның айырмасы нешеге тең? 
18.1 аптада неше күн бар? 
19.2 аптада ше? 
20.1 жылда неше күн бар? 
21.Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? 
22. 18 бен 40-тың қосындысы нешеге тең? 
23.1 метрде неше сантиметр бар? 
24.Қосудың қандай қасиеттерін білесің? 
25. 1 сағатта неше минут бар? 
26. 1 тәулікте неше сағат бар? 

1 минутта әр топқа арналған сұрақтар легін барынша тез, шапшаң әрі түсінікті қылып оқиды. 


Оқушы жауаптарын тыңдайды 
Әрбір тапс.кеткен уақытты қадағалап отырады.

Топтық





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет