Тәрбие сағаты Орындаған: Жакенова Г



бет1/2
Дата02.07.2018
өлшемі0,81 Mb.
#45547
  1   2
Келісемін: Бекітемін: директордың оқу-тәрбие №3 Талапкер орта мектебінің жұмысы жөніндегі орынбасары директоры C.Қ.Абеева

Г.А.Хамзина_____________



_______________ 2016ж __________ 2016 ж

Менің тұңғыш Президентім

Тәрбие сағаты



Орындаған:Жакенова Г

2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы:Менің тұңғыш Президентім

Мақсаты:
Қазақтың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
 Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;
Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөз-
дері, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді, слайдтар, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклеттер.
Құрметті балалар! Бүгінгі«Менің тұңғыш Президентім» атты тәрбие

сағаты еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.



Гимн орындалады
     - Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? (оқушылардан жауап)
Өйткені 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,7 басым дауыспен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.
      - Ал елбасымыздың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер? (Оқушылар
 өздері білетін мәліметтерін айтып шығады)
      Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады. Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді елбасының туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне назар аударайық (үзінді ). Отбасылық жағдайы (слайд)

1.Ұйымдастыру. Ұлтымыздың амандасу салтын көрсету
2. Психологиялық жағдаят. «От шашу»
3. Мұғалім сөзі:

Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас»деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас - тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды.
- Балалар енді сұрақтарға жауап берсеңдер.
- Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
- ҚР - ның астанасы қай қала? (Астана)
- Астана туралы не білесіңдер?
Айым:

1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Әділет:

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгін біз үшін ерекше күн.
Бүгін бүкіл қазақ елі болып, Қазақстан жері болып Тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз. Біз қазақ елі десек әрине, ең алдымен өз Елбасымыздың есімін айтамыз. Қазақ атын бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың салиқалы саясаты екенін мақтанышпен атаймыз!
Тоғжан:

Менің тұңғыш Президентім -


Әбішұлы Нұрсұлтан
Еңбегімен еліне болған ол мақтан
Бүгінгі күн бүкіл әлем таниды
Қазақ елін, қазақ жерін Қазақстан!
Диана:

Менің тұңғыш Президентім -


Әбішұлы Нұрсұлтан
Нұрлы жүзін танимын мен алыстан.
Елбасының саясаты арқасы,
Өсіп жатса бар балалар бақшадан
Аян:

Менің тұңғыш Президентім — мақтаным


Ес білгеннен есімін оның жаттадым
Елбасының саясаты арқасы —
Оңнан туса бүгін менің ақ таңым!
Айқын:

Елбасым менің Президентім -


Назарбаев Нұрсұлтан
Көк байрағын әлемге бүкіл танытқан
Шарықтап күнде әуезді әсем Әнұран
Атағы оның естіледі алыстан
Джамиля:

Менің тұңғыш Президентім -


Әбішұлы Нұрсұлтан
Нұр жүзінен төгілгендей нұрлы таң
Барлық бала Елбасын жақсы көреміз
Есімі оның мына бізге шын мақтан!
Бейбарс:

Елбасым десем естіледі Гимн


Оны бүгін барлық бала жаттаған
Көк байрағым желбірейді көгімде
Болашаққа жасаймын мен нық қадам
Нұрбақыт:

Менің тұңғыш Президентім –


Назарбаев Нұрсұлтан
Асыл жұлдыз дара шыққан қазақтан
Маңдайдағы бағым десем болады
Көре білген бар қажетті алыстан
Мұғалім:

Қымбатты оқушылар, Сіздер, бақытты заманның бақытты бүлдіршіндерсіздер. Қазақ елі өз тұңғыш Президентін сайлады. Бейбіт ел көгінде Елбасымыздың өзі мәтінін жазған Әнұранымыз шарықтап, Көк байрағымыз қалықтады, Елтаңбамыз бар мемлекет атандық. Сөзжұмбақ шешіп көрейік:


1. Қазақстанның тұңғыш Президентінің аты — жөні.
2. Рәміздерді атайық
3. Гимннің авторы кім?
4. Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
5. Бәйтерек қай қалада орналасқан?
6. Тұңғыш Президентіміздің жұмыс орны қай қалада, қалай аталады?

Хор: Отан
«Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін туған жеріне, халқына арнайды.
Тәуелсізбін! Бар ма мұң?Тәләйлі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың,Осы - менің арманым
Күн тұрғанда тұратын, Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана. Осы - менің мұратым!
О, Ақ орда, Ақ шатыр,Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,Осы - менің мақсатым!
Халқым - менің тірегім,Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,Осы - менің тілегім!

Эссе жазу. «Егер мен президент болсам...»

Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
Әнұран орындау
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Егемен еліміздің  саналы,білімді азаматы болып өсу үшін бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?


1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлтжанды азамат болу.
5. Ұлттық рухымыз  берік болу
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу.
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.
Педагогтың қорытынды сөзі:
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”
                                                                     Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

3 Талапкер орта мектебінің 3«А» сыныбында өткізілген тәрбие сағатының



Ақпараты
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім

Мақсаты:
Қазақтың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;


 Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Қолданылған көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздері, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді, слайдтар, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклеттер. Гимн орындалды.

1.Ұйымдастыру кезеңінде Ұлтымыздың амандасу салты көрсетілді.
2. Психологиялық жағдаят. «От шашу» болды.
3. Мұғалім сөз сөйлеп тәрбие сағатын бастады.Оқушылар тақпақтарын айтты.Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны,отбасы,еңбек жолының басталған кезі мен осы уақыт аралығында атқарған еңбектері туралы айтылды,бейнежазба көрсетілді. «Жан шуағы» атты шағын жыр жинағы таныстырылды. «Егер мен президент болсам...» тақырыбында оқушылар эссе жазды. Егемен еліміздің  саналы,білімді азаматы болып өсу үшін бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?-деген сұраққа балалар Білім алу, Отанды сүю,
Ана тілін сүю, құрметтеу,Ұлтжанды азамат болу,Ұлттық рухымыз  берік болу,
Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу, Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу деген жауаптар берді.
Қорытындысында Елбасының айтқан ойымен аяқталды“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”   Н. Ә. Назарбаев

Тәуелсіздікке 25 жыл! Менің тұңғыш Президентім!






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет