Тәрбие сағатының тақырыбы: Алматы қаласына 1000 жыл Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік



Дата17.04.2017
өлшемі146,98 Kb.
#14047
Тәрбие сағатының тақырыбы: Алматы қаласына - 1000 жыл

Тәрбие сағатының мақсаты:

1. Білімділік. Оқушыларға Алматы туралы және оның тарихы сонымен қатар қазіргі кезге дейінгі дамыған көрікті жерлерін және қаланың өркендеуін көрсету және таныстыру.

2. Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік. Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және өз қаласын жақсы білуге, тарихын терең ұғынып, туған қаласын сүюге, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ –жауап,

Көрнекілік: қала көріністері бейнеленген суреттер, видеоролик,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

А. Сәлемдесу.

Ә. Әнұранды орындау

Б. Түгелдеу.

В. Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе сөз.

1- жүргізуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Алматы қаласының 1000 жылдығы»атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: Алматы туралы және оның тарихы сонымен қатар қазіргі кезге дейінгі дамыған көрікті жерлерін және қаланың өркендеуің көрсету және таныстыру. Аты аңызға айналған Алматы шаһары, ең алдымен, Алатаудың баурайынан сан тарау болып созылған көкшелермен көрікті.Екі жиегін сылдырлап аққан тау суы мен көк желек көмкеріп, әсем ғимараттарды жағалап көкорай баулар мен алмалы бақтарға ұласып жататын саялы көшелер қала құрлысымен бірге күн сайын құлпырып өсіп келеді.

2- жүргізуші: Иә, Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.

1- жүргізуші:

Әнші де құс үні бар,

Кірсең кештің сәні бар.

Салайықшы шарықтап.

Алматының әніне

Ал ағайын тұрмайық

Алматыны жырлайық-дей келе Көптілеуова Сымбатты « Алматыға арнау» әнімен сахна төріне шақырамыз.

2- жүргізуші: Сам жамырап, жарқырады самала

Кел, қалқатай, Алматыны арала

Бақыттылар байқамайды уақытты

Сағатыңа әлсін-әлсін қарама - дей келе сахна төріне Әсем қала Алматының тарихымен және даму кезеңдерін таныстыру үшін сахнаға Кәки Алтай мен Нусипова Маралды шақырамыз

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

2-слайд Марал: Алматы қаласының орналасуы

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматы қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.

Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.

Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.



3-слайд Әлтай

Б.з.д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.



4-слайд Марал

Б.з.д. 7 ғ. - б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» - шамдар, құрбандық шалатын орны, қазан. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болды.



5-слайд Әлтай

Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердәң даму, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған.



6-слайд Марал

10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады - Алматы.



7-слайд Әлтай

15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси үрдістерге толы болды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай.



8-слайд Марал

1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті..



9-слайд Әлтай

1854 жыл. Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады.



10-слайд Марал

1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды.



11-слайд Әлтай

1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады.. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды.



12-слайд Марал

1887ж. 28 мамырда Верный қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы сағат төртте болған жер сілкінісі бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен кірпіштен қаланған үйлер қирады.



13-слайд Әлтай

1887 ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады.



14-слайд Марал

Жер сілкінісі зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда жасалатын шаралар жасалды.Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан немесе саманнан жасалынды.



15-слайд Әлтай

1910 ж. жер сілкінісі осы жоспардың дұрыстығын нақтылады. Осы кезеңдегі қаланы көгертуге үлес қосқан ағайынды Эдуард және Отто Баумдар.



16-слайд Марал

Верный қаласының елтаңбасы



17-слайд Әлтай

1917 жылғы көтеріліс қала көркін өзгерткен жоқ. Ескі мекемелерде жаңа атаулар пайда болды.



18-слайд Марал

1917ж. наурызында әскери губернатор, қала басшысы, әскери басшы орнынан алынды. Уақытша үкімет өз комиссарларын Шкапский мен Тынышпаевты тағайындады.



19-слайд Әлтай

1918ж. 2 наурызында қалада кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы комитет сайланды. Оның басшысы П.М. Виноградов болды.



20-слайд Марал

1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды.



21-слайд Әлтай

1926ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.

Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.

22-слайд Марал1929 жылдан Алматы қаласы Қазақстанның астанасы болды.

23-слайд Әлтай

1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.

Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.

24-слайд Марал

1929 ж. күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған.



25-слайд Әлтай

Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді.



26-слайд Марал

1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге ұшырады. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.



27-слайд Әлтай

1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды. «Ленгипрогром» жоспарланды.



28-слайд Марал

1960 ж кеңестік Алматының елтанбасы жасыл бұтақтармен көмкерілген алма болды.



29-слайд Әлтай

1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді.



30-слайд Марал

1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды.

Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы Сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, медеу спорттық кешені т.б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді.

31-слайд Әлтай

1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.



32-слайд Марал

1990 жылдан Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық "Азия даусы" музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналдырылды.



33-слайд Әлтай

1994-96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі, әл- Фарабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.



34-слайд Марал

1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды. 1993 жылы шілдеде Алматының жаңа елтаңбасы жасалды.



35-слайд Әлтай

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.



36-слайд Марал

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының міртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.



37-слайд Әлтай

1999 ж. Алматы орталық мешіті ашылды. Бұл мешіт порталды-күмбезді әрі мұнаралы құрылыс үлгісіне жатады



38-слайд Марал

2002 ж.Алматы қаласының бас жобасы жасалды.Жоба бойынша қала дүние жүзіне танымал қаржы,мәдениет,білім және туристік орталық болуы керек..Жеке ғимараттар салудан әдемі де ыңғайлы тұрғын уй кешендеріне көшу жоспарланды.



39-слайд Әлтай

2003ж.ақпанда Алматыда әлемдік деңгейдегі маңызды оқиғалардың бірі-брінші Бейбітшілік және келісім жөніндегі халықаралық конференция өтті.Ол Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтің ұсынысымен шақырылды.Оған Қырғыстан,Тәжікістан президенттері,Түркия,Әзербайжан,Ауғанстанның жоғарғы лауазымды өкілдері, дипломаттар,діни ұйым басшылары,көрнекті саяси қайраткерлер қатысты.

Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы құрды.

40-слайд Марал

2006ж. Қазақстандағы тұңғыш сауда-көңіл көтеруорталығы «Mega-Almaty»ашылды.Ауданы 80000 шаршы метр кешеніне гипермаркет,бутик,мейрамхана және кафелер желісі кіреді.Оның құрамында мұз айдыны және боулинг те бар.



41-слайд Әлтай 2006ж. 5маусымда «Алматы қаласы өлкелік қаржы орталығы туралы» Заң қабылданды.Заң қаланың қаланың қаржы орталығы құқықтық негіздерін анықтады.Ондай Орталық құрудың мақсаты-еліміздегі құнды қағаздар нарғын ықпалдасуын қамтамасыз ету,Қазақстан экономикасына инвестиция тарту,капиталды шет ел құнды қағаздар нарығына шығару.

42-слайд Марал

2007 жылы 10 жаңа транспорттық көлік түйіні салынды, сол сияқты Шығыс Айналма Автокөлік Жолы салына бастады. 2008 жылы тағы да 3 түйін жол салынды және 2007 жылы басталған екі жолдың құрылысы аяқталды.Қазіргі таңда 28 көлік түйіні



43-слайд Әлтай

2007 жылдың 2 - сәуір күні Алматы қаласы Алатау ауданы Шаңырақ – 1 ықшам ауданында № 169 жалпы білім беретін мектебі ашылды. Бұл біздің мектеп! Алматы тарихында ең елеулі күндер деп санасақта болады.



44-слайд Марал

2008 жылы Алатау ауданы болып құрылды.



45-слайд Әлтай

2008 Алматы қаласының нысандары Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, “Медеу” биік таулық спорт кешені, халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, “Медеу” биік таулық база барлығын қысқы Азияда ойынына қарсы сыртта өзгертулер ензілді..



46-слайд Марал VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30-қаңтар мен 7-ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілді және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды.

47-слайд Әлтай

2011 ж. 1 желтоқсанда Алматы метрополитені — Алматы қаласында салынып жатқан метрополитен жүйесі. Алғашқы бөлігі ашылды.



48-слайд Марал

2013ж Алматыда «Mega-2» жаңа сауда және ойын-сауық орталығы ашылды. «Mega-2» - үш деңгейлі орталық, оның жалпы шаршы алаңы - 7 800 кв.м. Мұнда 1000 орынды амфитеатр, басқа да түрлі арт-инсталляциялар орналасқан.



49-слайд Әлтай

2014 ж Алматыда жаңа «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығы ашылды



1- жүргізуші: Алматым – алтын дән қала

Өзіңді білер бар ғалам

Сенсің ғой жүрген көтеріп,

Қазақтың даңқын нар қалам!



2- жүргізуші:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

1-жүргізуші:

Ия осы желтоқсан демекші сенің оқыған өлеңінде бір мәні бар. Осы желтоқсан оқиғасы да Алматының қаласының тарихында ең елеулі тарихи оқиға болды. Ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.



2-жүргізуші:

Осыдан 30 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарындағы қазақ жастарының алаңға шығып көтеріліс жасаған кезі еді.



Көрініс «Қазақ жастарының алаңға шығуы»

Алаңға шыққан жастар бейбіт, жайбарақат еді . Қолдарында «Әр халыққа-өз көсемі !», «Лениндік идеялар жасасын!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!», «Қазақстан қазақтардікі», «Ресейге қайт», деген транспоранттар бар.

(Сахна алдына ержүректі желтоқсан батырлары шыға бастайды)

Дауыс: Естідіңдер ме?

Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?

Дауыс: Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.



Абылай :

Демократияны бұғаудан босатыңдар,

Әр халыққа өзінің көсемі керек...

Марал Сүрмейтұғын болдық қой күйме ғұмыр,

Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Сымбат :

Бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны,

Тілің құрып барады білесің бе?

Хасен: Ескерусіз дін жатыр сүресінде,

Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап,

Санаспайды, әй, бұлар тегі ешкіммен,

Жариялылық дегенің елес білем.

Гүлнұр:

Өгей қозы біз болдық енемізге,

Келімсектер шықты ғой төбемізге.

Ақиқат жоқ, маңайың толған аныз,

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

Бар болғаны осы еді қылмысымыз,

Савицкий көрген жоқ бір кісіміз.

Кейін соның қазасы таңылғанда,

Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.

Темір құрсау біздерді бүргені шын.

Мұң шағады қапаста кімге құсың,

Ақ-қараңды тексерер түрме деген

Концлагерь болды ғой біздер үшін.

Әлтай (Прокурорымын) :

Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатақханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!



Ақтілек (әскери адам) : Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция

«Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота за мной! УРА!

Осы кезде алға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды (Қаралы музыка ойнап тұрады). Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйретіп, жұлқылап әкете бастайды. Бет-аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйреп келді.

Марал Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйлейді:

- Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай!

Қосылыңдар біздің қатарға!

Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп, есінен танып түседі.



1-жүргізуші: Міне өмірден тағы бір қыршын жас қыздың көк желкесінен шоқпармен осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың да алаңда болғаны анықталды.

2-жүргізуші:

Алматының алмасы

Күннің қызыл түсіндей.

Ұсынғанда алмайсың,

Жүрмін, сәулем, түсінбей.

1-жүргізуші: Иә, алматының алмасы өте керемет, ендіше сахна төріне Серікбай Ақтілек пен Тұрғынбай Ермек «Алматының алмасы» әнімен шақырамыз (5мин)

2-жүргізуші:

Жақсы екен ғой Алматым

Алтын тулы астанам.

Осы екен ғой жаннатың



Атам қазақ аңсаған – дей келе сахнаға «Алматы түні» биімен мың бұралған сыныбымыздың бишілерін сахна төріне шақырамыз.

ІІІ. Қорытындылау

1-жүргізуші: Міне ашық тәрбие сағатымыз соңына таяп қалды. Ашық тәрбие сағатымызды «Жаса, Қазақстан» әнімен қортындылағымыз келіп тұр. Сонымен сахна төрінде Тұрғынбай Ермек «Жаса, Қазақстан» әнімен.

1-2 жүргізуші: Көңіл бөліп тыңданыздарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет