Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік ел» болашағымыздың кепілі. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға «Қазақстан -2050»



бет1/3
Дата03.03.2023
өлшемі19,43 Kb.
#170914
  1   2   3
Байланысты:
Мәңгілік ел
8 снп тест 1 нуска, ХИМИЯ ПОЛНЫЙ Біріктірілген, 5сынып,СОР 3тоқсан

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік ел» болашағымыздың кепілі.
Тәрбие сағатының мақсаты:. Оқушыларға «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, компьютер, Елбасының, Астананың суреті және слайд.
Түрі: ашық тәрбие сағаты.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, постер қорғау, талдау,
Тәрбие сағатының барысы:
Гимн орындалады.
1.Ұйымдастыру. Амандасу, сабаққа ынтасын аудару.
2. Психологиялық ахуал орнату .- Әр оқушы шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.
3.Оқушыларды топқа бөлу: (3 түс арқылы) 1-топ:Мәңгілік ел, 2-топ: Жаңа Қазақстан,
3- топ: Нұрлы жол
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күні 5а сыныбында ұйымдастырылып отырған «Қазақстан, Мәңгілік жансын бағың!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. 2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік. Еш қысылмай, ойымызды еркін жеткізуге тырысайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет