Жүргізуші : Ұстаз – ол дос, ол шәкірттеріне тек жақсылық ойлап, қиындықты қымсынбай көмек көрсетеді, жанын салып жақсылық жасайды.
Ұстаз – ол жолдас, ол әрқашан да шәкірттерімен бірге, көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді.
Ұстаз – ол әке , шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды.
Ұстаз – ол ана, шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, қиындықтар мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Жүргізуші : Ұстаз – ұлағатты есім ! Шәкіртеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт- бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар ! дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз!
Қорытынды Мұғалім сынып жетекшілері: құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! « Ұстазым – ұлағаттым» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. « Жапырағын жайған бәйтерек, тереңге тартқан тамырын» - демекші, ардагер ұстаздарымыздан бәйтерек ағашына оқушыларға арнап тілек қалдыруларыңызды сұраймыз.
«Батамен ел көгерер» (Ұстаздан бата алу) Хор: «Мектебім».