Тәрбие сағатының тақырыбы: Тазалық – саулық кепілі Мақсаты: 1. Оқушылар тазалықтың адам денсаулығы үшін, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін түсіндіреді, әңгімелей алады.
Көріністі сахналау арқылы тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке бағытталады.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд – суреттер, нақыл сөздер, топ атаулары
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің 4 «ә» сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтау үшін ең алдымен сөзжұмбақ шешіп көрейік:
1. Адам денсаулығына зиянды заттардың бірі -- (темекі) 2. Үсті –басы кір баланы қандай дейміз? - (салақ)
3. Пайдалы сөзіне қарама-қарсы сөз ---- (зиян)
4. Тазалық сақтамаған бала қандай болады? - (ауру)
5. Тазалықтың досы - (сүлгі) 6. Таза жүретін баланы қандай бала дейміз? (ұқыпты)
7. Тап-таза, кіршіксіз сөзіне мәндес сөз - (аппақ)