Тәрбие сағатының тақырыбы: Тазалық – саулық кепілі Мақсаты


Бейнежазба көрсетіледі. Талдау: «Тазалық достары»



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі29,68 Kb.
#93440
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тазалык

Бейнежазба көрсетіледі. Талдау: «Тазалық достары»


Береке: Су - өмір жүрегі
Денсаулық тірегі.
Шөлдесең, қанасың,
Жуынсаң тазасың.
Артур: Қоршаған ауамен
Шығып кең далаға.
Шынық сен әрдайым
Керемет ауада.
Аружан:Тазалықты іздесең,
Мөлдір судан аласың.
Жиі - жиі жуынсаң,
Аппақ таза боласың.
Даяна: Тазалықты іздесең,
Шампунь, сүлгі керегі.
Бірі жуып шашыңды,
Бірі сүртіп береді.
Ербол: Тазалықты іздесең,
Айна, тарақ керегі.
Бірі тарап шашыңды,
Екіншісі көреді.
Жарқын:Тазалықты іздесең,
Тіс пастадан табасың.
Тістеріңді шөткеге,
Тазалатып аласың.
Би: «Жалқаубек»
Мұғалім:- Балалар, тазалыққа, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтелдер білеміз?

  1. Тазалық – денсаулық кепілі.

  2. Теледидар қарама

Көзің талар
Сағыз шайнама.
Аузың тозар.

  1. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

  2. Әуелгі байлық – денсаулық.

  3. Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық егізі.

  1. Көзің ауырса, қолыңды тый,

Ішің ауырса, аузыңды тый.
Көрініс: «Қоянның ауруы»
Қоян: Ой, тісім қақсап барады
Жанымды қоярға жер жоқ
Мұғалім: - Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты
Қоянға не болған?
Қоян жылама, жылама.
Қасқыр: - Не болды жасырма, айтшы өзің
Неліктен ісінген бас – көзің?
Қоян: - Енді не істеймін?
Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қасқыр: - Онда дәрігер шақырайық
Дәрігер дәрімен емдейді
Ауырса адамды, аңды да емдейді
Кәдімгі мейірімді дәрігер
Шақырсақ қалай келмейді.
Дәрігер: - Кәне, аузыңды аш көрейін,
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жу тазалап.
Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін
Тістеріңді күнде жуып, күтіп жүріңдер.


Слайдтармен жұмыс жүргізіледі.


Мұғалім:

  • Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
    Спорт Денсаулық дене шынықтыру
  • Күннің көзі Су Таза ауа



  • Ендеше, топқа бөліне қояйық.

Ітоп: «Спорт»
ІІтоп: «Күн»
ІІІ кезең: «Сүлгі»
Топтық тапсырмалар: І


  1. Спортпен айналысқан адам қандай болады?

  2. Тазалықты сақтамаған бала қандай болады?

  3. Тазалықтың достарын ата.

ІІ топтық тапсырма:
А) Әр топ тазалық сөзінен сөз құрастырып шығарады.
Ә) Тазалық сөзінің әр сөзіне сын есім болатын сөз құрастырады.
Т- тәртіпті
А- ақылды
З- зерек
А- аппақ
Л- лайықты
Ы- ынталы
Ққайырымды


Қорытынды.
-Балалар, деніміз сау болу үшін, таза болып жүрумен бірге тағы таңертеңгілік жаттығу жасап,
спортпен шұғылдану керек. Адамдар әрқашан қимыл- қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан 
жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын дос та, қастар да бар. Соларды ажырата білейік. Үнемі тап-таза болып, тазалықты сақтасақ қана, бізге ауру жоламайды.
ӘН: « Дос болайық бәріміз»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет