Жарқын:
-Қарашы үстіне, өзіне,
Бір кіршік түсті ме көзіңе?
Альбина:
-Тап-таза ақ қағаздай,
Киімі мұнтаздай.
Жарайсың, балақай!
Дейміз біз мадақтай.
Хор: Болайықшы осындай
Таза бала (Мақсат): -Мен таза баламын. Кірқоймас екеуміз доспыз. Мен үнемі таза жүруді ұнатамын. (Осы кезде есік ашылады, сыныпқа кір қожалақ баланы сүйреп, екі тазалық секторлары кіреді.)
Тазалық секторлары: (Тоғжан, Нурдаулет)
-Осы сыныпқа Кірқоймас пен тазалық сүйгіш балалар келді деген соң, біз мына Жалқаубекті ертіп келдік. Бұған не айтасыңдар?
Ансар: -Қарашы үстіңе,
Өзіңе адам ба?
Түсті не көзіңе?
Бет-аузы кір айғыз,
Бес батпан.
Рахман: -Мойнына күс қатқан,
Тырнағы сояудай.
Аяқ-қолы жарылған,
Батпаққа малынған.
Дильназ: -Ұят-ай, балақай,
Дейміз бе мазақтай.
Көрінбе ешкімнің көзіне
Жүрме енді сен бұлай.
Нұрдаулет: -Бақа, бақа бақ-бақ,
Сені жүрсем мақтап.
Бақа, бақа бақ-бақ,
Жүру үшін мақтап,
Болу керек аппақ.
Жалқаубек: -Балалар, мені мазақтамаңдаршы. Мен қателігімді түсіндім. (жылайды)
Тоғжан:-Тазалық керек басқа да,
Тазалық керек шашқа да.
Шашы таза, келісті,
Болсаңшы анау баладай.
Кірқоймас: - Балалар, Жалқаубек қатесін түсінді. Оған көмектесейік. Ол үшін менің көршілерім керек. Оларды шақыруға қалай қарайсыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |