Оқушылар: - Иә, шақырайық.
Фарида: -Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
Самал: -Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолын да,
Сипайды жонын да. Бұл не? ( Сүлгі)
Кірқоймас: - Жалқаубек, міне сенде тазалыққа керекті заттардың бәрі болды. Енді не істейсің?
Жалқаубек: -Мен жуынып, тап-таза болып жүремін. Кір болып жүру шынында да ұят екен. (Жуынуға кетеді)
Дәулет: Күнде бетін жумайды,
«Жу» десең-ақ тулайды.
Өз-өзінен өкпелеп,
Жатып алып тұрмайды.
Дейді ақырып:-Жолама!
Сондай бала бола ма?
Беті қандай кір еді!
Айниды адам жүрегі.
Көрсе осы бір кескінін
Күледі-ау жұрт күледі.
Сондай бала бола ма?
Сен де оған жолама! А.Шамкенов
Мерует: Салақ, салақ, салақсың!
Өз үйіңе қонақсың:
Таза емессің, кір-кірсің;
Ақ емессің, жолақсың;
Кейде қара күйесің;
Кейде қызыл далапсың;
Әй, салақсың, салақсың! Қ.Мырза Әли
Дильназ: Микроб жақсы көреді,
Кәмпит-сәмпит шайнасаң.
Жылдам өсіп-өнеді,
Ауызыңды шаймасаң. С.Қалиев
Мақсат: Бетті, қолды сабындап,
Жиі жуу пайдалы-ақ.
Тұра алмайды дамылдап,
Микробтар тайғанап. С.Қалиев
Диас: Нан ұстасаң, қол жумай,
Нанға жұғып, ішке еніп,
Микробтар көңілі жай
Отырады түстеніп. С.Қалиев
Сабина: Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін. С.Қалиев.
Әли: Сия-сия портфелі,
Шимай-шимай дәптері.
Күнделік – кіл «екілік»,
Өзі ойнап жүр секіріп. Д.Байбеков