Тәрбие сағаттың тақырыбы: Ынтымақ



бет1/2
Дата02.02.2023
өлшемі42,35 Kb.
#167252
  1   2
Байланысты:
1 мамыр сынып сағаты


Тәрбие сағаттың тақырыбы: Ынтымақ - достық кепілі.

Тәрбие сағаттың Мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізуЫнтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттың Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.

Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар»
«Ынтымақ-достық кепілі»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз- Қазақстан.
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.
Оқушы:
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.

Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Елтаңбам қандай тамаша!
Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.
Оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым- жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
Оқушы:
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан,күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.
Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы.
Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды.Келбетіне көрік қосты,келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп,шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды.Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы- Орынбор қаласы, екінші астанасы- Қызылорда қаласы, үшінші астанасы- Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.
Оқушы:
Заман жаңа,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !
Далам! Кең –байтақ.Сондықтан ғой,күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда- «Ұшса құстың қанаты талады,шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған.»
Оқушы:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет