Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы қырқүйек айы, 01. 09



бет32/81
Дата10.03.2023
өлшемі181,47 Kb.
#171787
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
Байланысты:
карла циклограмма - 4 жас (1)

«табиғат құбылысы»
Табиғат туралы мағлұмат беру
(қоршаған ортамен танусы)



Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру
Сапқа тұру:
- Бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру.

Қалтаға салынған ойыншықтарды таратады. Қонаққа Перизат келіпті, ол сендерге бірнеше сұрақтар қояды.


-Ойыншық не үшін керек және ол неден жасалады?
-Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?
- Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады?
«Ойыншықтар» сөйлем құрастыру, дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәті.
«Ойыншықтар айтысы» әңгімесін оқу.
Ойыншық аю,доп,қоян мүсіндеп суретін салу және құрастыру.
(қоршаған ортамен таныстыру,сөйлеуді дамыту,мүсіндеу, құрастыру)

Музыка
Музыкалық-ырғақты қимылдар:
Музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру.

Суреттерді көрсету. Сұрақ - жауап арқылы.


Ендеше, барлығымыз мына теледидарға қарайықшы?
Мынау кімдердің суреті?
- Балалардың суреті.
Мына баланың бойы ұзын ба, қысқа ма?
Қане, кім айтады?
-Ұзын бала.
Ал мына баланың бойы ше?
- Қысқа.
Ал балалар білейік,кімнің бойы ұзын екен, Диастікі ме, Ұлжандікі ме?
Балалардың жауаптары.
Мынау нелер?
- Жолдар.
Мынау қандай жол?
- Ұзын жол. Ия, ұзын жол.
Ал, мына жол қандай? 
- Қысқа жол.
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Балаларға ұзын,қысқа жолдарды салдыру жапсырту.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы- қырлы жерлермен,
Ытқып- ытқып жүгірді.

(математика негіздері,сөйлеуді дамыту,жапсыру, сурет салу)





Қазақ тілі
«Кімнің қайда тұрғанын тап»
Әртүрлі заттар мен ойыншықтарды пайдалана отырып, қайсысының қайда орналасқанын анықтайды. Мысалы: түлкі қуыршақтың алдында, қуыршақ қоянның оң жағында т. с. с.
«Не өзгерді?»
Үстелдің үстінде бірнеше зат жатыр. Балалар заттың қалай орналасқанын естеріне сақтап қалады. Содан кейін көздерін жұмады. Сол кезде бір - екі заттың орны ауыстырылады. Мысалы: мысық қоянның оң жағында тұрды, қазір сол жағында.
«Өз өрнегің туралы айтып бер»
Әр балада өрнек салынған парақша бар. Оң жақтағы жоғары бұрышта – шеңбер, сол жақтағы жоғары бұрышта – шаршы, сол жақтағы төменгі бұрышта - доғал, ортада - үшбұрыш тұр.
«Суретшілер» ойыны.
Шарты: заттардың кеңістікте орналасуын айқындайтын терминдерді бекіту.
«Суретшілер» ойыны. Сурет бойынша сұрақтар қойып, балалар жауабы тыңдалады.
- Доптың қасында неше құс бар?
- Орындықтың астында, қыздың алдында неше құс бар?
- Ит қай жаққа жүгіріп барады?
- Ұшақ қай жаққа ұшып барады? ол жақтағы белгіні пайдаланып, ұлудың жолын сал. Оң жаққа мынадай бағдаршалар сал.
- оңға қарай - төмен қарай
- солға қарай - жоғары қарай. Суреттер бойынша сурет салу,мүсіндеу құрастыру.
(Қазақ тілі, сөйлеуді дамыту, құрастыру, мүсіндеу)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет