Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері



бет3/129
Дата06.01.2022
өлшемі438,5 Kb.
#110230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
ОСНОВЫ ВОСПИТАНИЯ Каз.doc

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді даму жылдарында барша қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Жолдауда бұл құндылықтар атап көрсетілген: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Президент сонымен қатар, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін белсенді, білімді және дені сау азамат қалыптастыру міндетін қойды.


Патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі – 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады.

Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады. Қазақстандық жастар жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, ақпараттық және мәдени өзара алмасудың белсенді қатысушысы болды.

Қазіргі қазақстандық балалар мен жастарда сапалы білім алу уәжінің өсуі, әлеуметтік белсенділігінің артуы, жаңа кәсіптерді және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеруге ұмтылысы, коммуникативтілік, мәдениетаралық қарым-қатынасты жандандыру сияқты жаңа позитивті трендтер пайда болды. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне, халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр. Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде көрініс тапты. Тәрбие практикасында жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.

Қазақстанның білім беру жүйесінде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (Бағдарлама идеясының авторы – С.А. Назарбаева) іске асырылуда. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту механизмдерінің мықты катализаторы рөлін атқарады.

Халықтық педагогиканың көпғасырлық тәжірибесіне негізделген, заманауи тәрбие теорияларының шабыттандыратын идеялары қолданылған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының (бұдан әрі - АРБ) әлемдік білім беру кеңістігінде теңдесі жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың адамгершілік-рухани тәрбиесінде білім берудің барлық деңгейлерінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы ізгі ниетті, адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді, және Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда басты механизм болып табылады.

Мұғалімдердің кәсіби қызметінде жастардың функционалдық сауаттылығы, көпмәдениетті тәрбие, үштілді білім беру, ақпараттық технологияларды пайдалану процесі артып отырғаны байқалады. Республикадағы балалар мен оқушы жастарға қосымша білім беру жүйесі, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдар үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сонымен бірге, балалар мен жастардың бойында ұлттық тәрбие қажеттілігін сезіну мен азаматтық ұстаным, патриоттық сезім, ұлттық намысты қалыптастыру деңгейі арасында қарама-қайшылық байқалады.

Жастардың бір бөлігінде әлеуметтік-оң бастамашылық мүлдем жойылып, оның орнын мақсатсыз уақыт өткізу алмастырып отыр. Өмірлік жетістікке, жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізу табанды және нәтижелі еңбек етумен, қойылған мақсатқа дәйекті түрде жету білігімен байланыстырылмайды. Тәрбие жұмысында жастардың бос уақытын ұйымдастыру көңіл көтеру сипатындағы бір реттік шоу-шараларға ұқсас.

Тәрбие жүйесінде жаһандану процесіндегі шиеленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады:

- балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет-сайттарға бағдарлануы;

- қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік;

- еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;

- отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;

- әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысу және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет