ІV. Айлық жоспар Айлық жоспар «Бағдарлама» талаптарының негізінде бір аптаға тәрбиешілер жазып, әр жұма сайын тексеріледі. Жоспар барлық тәрбиешілер мен мамандардың міндетті құжаты болып табылады.
V. Жоспарлардың құрылымы: 1.Алғашқы бет (топтың аты, тәрбиешінің аты-жөні, жылдық міндеттемелер)
2.Күн тәртібі.
3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бөлінуі ( іс-әрекеттер кестесі)
4.Айлық тақырыптық жоспар.
5.Алғашқы екі аптаға құрал-жабдықсыз және келесі екі аптаға құрал-жабдықтармен жасалатын таңертеңгілік жаттығулар кешені. Кешеннің құрылымы: 1. әрбір жаттығуға арналған жеке жоспар;
2.өлшем (қайталау саны)
3.жаттығулардың орындалу қарқыны;
4.тыныс алу;
5.күрделендіру ( екінші аптада) мысалы:
а) жәй жүгіруді алмастыратын секірулер немесе жүгіру;
б) релаксациялық алмастырылған жәй жүріс т.б.
-Табиғатты бақылау бір айға жазылады, онда күнделікті бақылаулардың жоспарына енбейтін құбылыстар жазылады.
-Іс-әрекеттің бір апталық циклограммасы
-Кесте бойынша әрбір әрекеттің технологиялық картасы.