Термодинамиканың пайда болуы және дамуы. Карно



бет2/5
Дата04.11.2023
өлшемі29,86 Kb.
#189624
1   2   3   4   5
Байланысты:
Докуhqha

2. Лабораторияларды жасау.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы физиктерді дайындауды ұйымдастырудағы маңызды өзгерістермен ерекшеленеді. Осы уақытта алдымен Еуропада, ал кейін Америкада физикалық лабораториялар жасақталды. Осы лабораториялардың кейбірінде ғылыми мектептер пайда болды.
Бұрынғы кезде физик жалғыз жұмыс жасаған. Приборларды негізінен өз ақшаларына сатып алды немесе ғалымдардың өздері дайындады. Кей жағдайларда жекелеген бөлмелер лабораториялар ретінде қолданылды. Ақ жарықты шашырату бойынша тәжірибелерді Ньютон Кембридждегі өз бөлмесінде жасаған. Физикалық прибор ретінде өз ақшасына сатып алған призманы пайдаланған. Франклин атмосфералық электрлікті зерттеу үшін Филодельфиядағы өз үйінде темір оқшауланған серіппені қолданған. Джоуль жылудың механикалық эквивалентін анықтау бойынша өз эксперименттерін Манчестердегі үйінде жүргізген. «Гей-Люссак лаборатория ретінде ылғалды жартылай жертөлелік орынды пайдаланды. Ғалым ылғалдан сақтанып, ағаш шәркейде жұмыс жасаған». Фуко да өз үйінде эксперимент жүргізген. Дэви, Фарадей және Тиндаль жұмыс жасаған Royal Institution лабораториясын Тиндальдің еске түсіруінше «нашар желденіп, нашар жарықталатын және күнделікті көпсағаттық жұмыс үшін мүлдем жарамсыз еді. Бұл, бүкіл Лондондағы ең нашар лаборатория болар». Осы лаборатория 70 жылдай бастапқы қалпында тұрды. Экспериментаторлар практикалық физика бойынша қандай-да бір оқу курсынан өткен жоқ. Ол сол кезде болған жоқ. Сол кездегі университеттерде оқыту классикалық рухта жүрып, негізгі зейін математикалық және гуманитарлық ғылымдарға бөлінді. Физикаға аз орын берілді. Сонымен, Кембридж университетінде 70-ші жылдарға дейін физикадан тек оптика, гидростатика, механика ғана оқытылды. Трипос (ғылыми дәрежеге ізденушілерге арналған емтихан) негізінен математикалық ғылымдарды қамтыды.
Германияда ХІХ ғасырдың 40-шы жылдарына дейін оқыту мақсатындағы мекемелер мен ғылыми зерттеу мекемелері арасында үлкен айырмашылық болды. Мұндай жағдай Ресей университеттерінде де орын алып, мұндағы оқытушының негізгі міндеті – дәріс оқу болып, ал ғылым сабағы бар болғаны – міндетті емес, екіншілік мәнге ие болды.
ХІХ ғасырдың ортасындағы өнеркәсіптің, машина жасаудың, химия өнеркәсібінің, металлургия мен тау-кен ісінің, темір жол құрылысының қарқөынды дамуы, кеме және әуе жолдарының пайда болуы – осының барлығы ғылым дамуын ынталандырып, оны ұйымдастырудың жаңа формаларына жол ашты. Ғылым мен техника байланысы барынша күшейді.
Техника ғылымға табиғат құпияларын тангудың барынша қуатты қралдарын берді. Ауа үрлегіштердің жетілуі бұрындары мүмкін болмаған тәжірибелер мен өлшеулерді мүмкін еткен вакуум алуға жағдай жасады.
Осы уақытта физикалық теория мен эксперимент анағұрлым күрделенді. Физиктер алдында тұрған жаңа міндеттер өз шешімі үшін физиктердің барынша көп санын қажет етті. Жаңа жағдайларда ғалымдарды дайындаудың жаңа формалары мен қарқынын қарастыру қажет болды. Ескі білім мекемелері осы рөлді атқара алмай, оларды қайта құру мүмкін болмады.
ХІХ ғасырдың қырықыншы жылдарынан бастап физикадағы зерттеулердің ұжымдық әдістерін ұйымдастырудың жаңа формасы ретінде физикалық лабораториялар жасақтала бастады. Физиктерді қайта жасақтауда көшбасшылық Германияға тиесілі болып, ол сол кезде ұлттық және мәдени ілгерілеуге аяқ басты.
Алғашқөы физика лабораториясын Геттинген университетінде В. Вебер жасақтап, оны сонда 1831 жылы Гаусс шақырған болатын. Вебер студенттерді дәрістік тәжірибелер дайындауға тартты. Ең қабілеттілерге ол кішігірім физикалық зерттеулерді ұсынды. Ол кейінірек сұраныс білдірушілерге практикалық сабақтар енгізді. Вебердің кезінде физикалық бөлімді эксперименттік және теориялық физика кафедраларына бөлу жүрді. Алғашқысын Вебер, ал екіншісін – Листинг басқарды. Қос кафедрасының да мақсат-міндеттері бірдей болып, мұндағы ерекшелік Вебердің эксперименттік физиканы, ал Листингтің – теориялық физиканы оқытуыда болды.
40-шы жылдары Берлинде университет профессоры Генрих Густав мангус өз үйінің бірнеше бөлмесін физикалық лабораторияға айналдырып, онда жұмыс жасасу үшін студенттерді қабылдады. Мангуста тек Германиялық ғана емес, соынмен қатар, Америкалық, Англия мен Ресейлік жас ізденушілер де оқыды. Мангустағы зерттеу тақырыптары барынша сан-алуан еді. Дегенмен, Мангус лабораториясы Берлин университетіне қарасты жекеменшік лабораториядың жалғызы болған жоқ. Тіпті әрбір физик профессор өз пәтерінде лаборатория ашып, онда студенттер практикалық жұмыстар жасады.
Мангустан ерекшелігі, Ф. Нейман өзінің Кинсбергтегі лабораториясында эксперименттік және теориялық физикаларды біріктіре білді. Нейман лаборатырияны құру кезінде көптеген қиындықтарға тап болды. Ол ресми билікке математикалық физика бойынша өз семинарына қосымша физикалық лабораторияны қаржыландыру өтінішімен шықты. Ресми билік бас тартты. Нейман лабораторияны өз қаржысына ұйымдастырды. Неманның шәкірттері Мангусқа қарағанда аз болды. Олар, эксперментке өтпестен бұрын, механика мен математикалық физика бойынша үлкен дайындықтан өтті. Оның ұлы оқушыларының арасында Густав Роберт Кирхгоф та болды.
1872 жылы негізі қаланған жаңа Страсбург университетінде физикалық институт құрылысы алдын-ала қарастырылған болатын. Оның директоры Кундт көптеген институттар үшін ұзақ уақыт прототип болған оқу мен зерттеуге арналған өте қолайлы институтты жасақтады. Мұнда Кундт басшылығымен Рентген, Лебедев, пашен, Рубенс, Винер, Голицын секілді экспериментаторлардың ұзын-сонар тізбегі дайындалды. Страсбург университетінің соңынан 1875 жылы Лейпцигте, Мюнхенде, Бонда, Бреслауда, Фрайбург пен басқа да қалаларда физикалық институттар салына бастады. Көп ұзамай әрібр неміс университеті жақсы жарақталған физикалық лабораториясымен даңқы шықты. Лабораториялар жасау физикалық приборлар шеберханаларының ескілерінің дамуына, ал жаңаларының негізделуіне жол ашты.
ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары әлемнің жетекші капиталисттік державасы – Ұлыбритания өз даңқын жоғалта бастап, өзінің біршама жас қарсыластары – Германия мен АҚШ-қа жол бере бастады. Бұл құлдырау лабораториялар құрылысы қарқынында да көрініс берді. Ұлыбританиядағы эксперименттік оқыту пионерлерінің арасында профессорлар – В. Томсон (Кельвин), Клифтон, Фостер, Адамс, Б. Стюарт болды.
1871 жылы Оуэн-колледжінде (Манчестер) физикалық лабораториядағы сабақтар Бульфор Стюарт басшылығымен жүргізіле бастады. Одан белгілі ағылшын физигі А. Шустер және электронды ашқан атақты Дж.Дж. Томсон эксперименттеу өнерін үйренді. Кембриджде эксперименттік өнерге оқыту 1874 жылдан бастап атақты Кавендиш лабораториясы ғимаратында жүргізіле бастады. Ол жекелеген құралдарға құрылып, физиканы дамытуда үлкен рөл атқарды. Түрлі уақытта оның жетекшілерінің Максвелдің, Рэлейдің, ДЖ.ДЖ. Томсонның, Резерфордтың болғандығын айту жеткілікті.
1869 жылы Бостондағы Массачусет технология институтында жүйелі лабораториялық оқытуды профессор Э.С. Пикеринг біршама үлкен қарқынмен енгізді. Массачусет технология институтының негізін салушы В.Б. Роджерс болды. Ол елді экономикалық өсіру жағдайындағы жаңа білім мекемелерінің маңыздылығын мойындады. Роджерс лабораториялардағы оқуға ерекше маңыз берді.
1868 жылы 31 шілдеде француз білім Министрі студенттерге арналған практикалық сабақтарды жүргізу мен студенттер үшін лабораториялар және ғылыми зерттеулер үшін арнайы лабораториялар жасау қажеттігін мақұлдайтын екі декрет қабылдады. Осы жылы профессор Жамен Сорбонда лабортория ашты. Ол өлгенге дейін осы лабораторияны басқарып өтті. 1868 жылы Францияға келген профессор Адамс «практикалық физикаға жүйелі оқыту жүргізілген жалғыз лабораторияны тапты». 1891 жылдан бастап Сорбонда оқыған М. Складовская-Кюри физика бойынша практикалық оқу курсынан өткенімен, ол металдардың магниттік қасиеттерін зерттеу бойынша алғашқы зерттеуін Сорбонның асқын жүктелген лабораторияларында жүргізе алмады.
Орыс физиктері үшін жұмыс орны қызметін физикалық кабинеттер атқарды. Мұнда дәрістік демонстрацияларда қолданылатын аппаратура сақталды. Ресейдегі алғашқы лаборатория негізін 1865 жылы Петербург университетіне қарасты Ф.Ф. Петрушевский қалады. Лаборатория ғимарат, қажеттілік үшін шығарылған приборлар мен құралдар жетіспеуінен үлкен қиындықтарды бастан кешірді. Петрушевский және оның шәкірті И.И. Боргман замаануи талаптарға жауап беретін физикалық лаборатория салу үшін күресті. Олардың қамқорлығының арқасында физикалық институттың жаңа ғимаратын салуға қажет қаражат бөлініп, 1901 жылдың 9 қыркүйегінде физикалық институт ашылды.
1867 жылы Д.А. Лачинов Петербург жерісі институтында физикалық лаборатория жасақтады. 70-інші жылдары В.П. Авенариус Киев университетінде, ал А.Г. Столетов – Мәскеу университетінде физикалық лабораториялардлы ұйымдастырды.
Сонымен, шетелдегі лабораториялармен бірмезгілде Ресейдегі Петербург және Мәскеу университеттерінде физикалық лабораториялар пайда болды. Бірақ Ресейдің экономикалық мешеулігі, үкіметтің реакциялығы лабораториялардың дамуына кедергі келтірді. Лабораториялық құралдар қажеттігіне жұмсалатын қаржының мардымсыздығы, ғылыми зерттеулер маңызын бағаламау ғылыми лаборатория жетекшілерін эксперименттік жұмысқа арналған әрбір бөлме үшін, әрібр прибор, әр шәкірт үшін тұрақты түрде күрес жүргізуге мәжбүрлеп, көптеген уақыт пен күшті зая етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет