Терроризмге қарсы әрекет жөніндегі



Дата02.12.2023
өлшемі28,01 Kb.
#194660
Байланысты:
НҰСҚАУЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ "ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЖӨНІНДЕГІ" ЗАҢЫНАН ҮЗІНДІ

І-тарау. Жалпы ережелер 3-бап. Терроризмге қарсы әрекеттің негізгі принциптері мен мақсаттары. 1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы әрекет: 1) лаңкестік қылмыс салдарынан қауіп төнген адамдардың өмірі мен денсаулығын, тұлғалардың құқықтарын қорғаудың басымдылықтары; 2) заңдылықты қадағалау; 3) лаңкестіктің алдын алу басымдылықтары; 4) лаңкестік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жазаның болмай қалмайтындығы; 5) алдын алу, құқықтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, насихат шараларын кешенді пайдалану; 6) лаңкестікке қарсы операцияларды жүргізу кезінде тартылатын күштер мен құралдарға басшылық жасау дара басқару принциптеріне негізделеді. 2. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы әрекет: 1) лаңкестік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау, тию және оның зардаптарын жою; 2) жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау; 3) лаңкестік іс-әрекетті жүзеге асыруға жәрдемдесетін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНЕН ҮЗІНДІ

9-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. 233-бап. Терроризм Терроризм, яғни адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекет қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқытса - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ЛАҢКЕСТІК АКТІ ЖАСАУ НЕМЕСЕ ҚАУПІ ТӨНГЕН КЕЗДЕ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ХАЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ МЕН ӘРЕКЕТТЕРІ

А. ЖАРЫЛҒЫШ ҚОНДЫРҒЫСЫНА ҰҚСАС ЗАТ ТАБЫЛҒАН КЕЗДЕ

а) ескерту (алдын алу) шаралары: - ұйым аумағына кіру тәртібін қатайту (соның ішінде аудио- және бейне- қадағалағыш пен сигнал бергішті орнату жолдарымен); - сезікті заттарды табу мақсатында күнделікті аумақтарды және бөлмелерді қарап шығу және тексеру; - келіп түскен мүліктерді, тауарларды, жабдықтарды, заттардың саны, буып-түю күйі т.б. бойынша мұқият тексеру; - қызметкерлерді, әсіресе күзет пен қауіпсіздік бөлімшелеріне қызмет көрсететін жеке адамдар құрамын мұқият іріктеп алу (кезекшілерді, жөндеушілерді, сыпырушыларды); - келушілерді, жеке адамдар құрамы мен зардап шегушілерді көшіру жоспарын әзірлеу; - келушілер мен жеке адамдарды хабарландыру құралдарын әзірлеу; - көшіру кезінде жергілікті күзеттің, әскери күзеттің немесе объектінің қауіпсіздік қызметінің міндеттерін анықтау (нақтылау); - резервті және құқық қорғау органдарын шақыру үшін жергілікті күзеттің, әскери күзет немесе объекті қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін радио құралдарымен қамтамасыз ету (қосымша қамтамасыз ету); - объект әкімшілігінің қалауы бойынша, бөлмелерді (аумақты) өзге мекемелерге жалға беру кезінде тапсырылатын бөлмелердің жәй-күйін және қойылатын тауарлардың тізбесін тексеру бойынша әкімшілік міндетін анықтау; - терроризм туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізу жолымен құқық қорғау органдарымен бірігіп ұйым қызметкерлерін дайындауды ұйымдастыру; - адамдардың жиналатын жерлерінен 100 метр қашықтықта автомобильдерді қою орындарын ұйымдастыру; - ондағы өртке қауіпті орындарды, уақытша қойма орындарын тексерудің тәртібі мен мерзімін, қоқыс салатын контейнерлер мен жәшіктерді және т.т. көрсете отырып, объектіні тексеруге даярлау; - қызмет бөлмелерін, баспалдақ торларын, техникалық қондырғылар орнатылған бөлмелерді қажеті жоқ заттардан босату; - ғимараттан қалдықтарды уақытында шығарып тұруды қамтамасыз ету, аумақты құрылыс ағаштары мен металл қоқыстардан босату; - қоқыс салатын контейнерлерді мүмкіндігінше объекті ғимаратынан алыс орнату; - күдікті заттар табылған немесе террористік акті жасау қауіпінің белгілері төнген кезде ұйымның бүкіл қызметшілеріне белгіленген органдарға хабарлайтын телефондардың номерлерін мәлімдеу.

б) Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекеттер (ЖҚ): Жарылғыш қондырғысының (ЖҚ): бар екенін көрсететін белгілер: - табылған затта сым, жіп, изоленталардың болуы; - заттан сыбдыр, сағаттың тықылдауы, күдікті дыбыстар шығуы; - заттан ерекше бадам иісі немесе әдеттен өзгеше басқа да иістердің шығуы.

Сақтануға негіз болатын себептер: - заттың табылуынан бұрын күдікті адамдардың болуы; - телефон немесе почта жолдамасы арқылы жеке қорқыту.

Іс -әрекеттер: 1. Табылған күдікті затқа тиіспеу, жақындамау, орнынан қозғамау! Затқа жақын жерде шылым тартпау, радио, соның ішінде ұтқыр байланысты пайдаланудан тартыну. 2. Күдікті заттың табылуы туралы құқық қорғау органдарына көрсетілген телефондар бойынша кешіктірмей хабарлау. 3. Табылған уақыты мен орнын белгілеп алу; 4. Қауіпті аумақты радиусы кем дегенде 100 метрге дейінгі жерді адамдардан босату. 5. Күдікті затқа және қауіпті аумаққа мүмкіндігінше күзетті қамтамасыз ету. 6. Дүрбелең тудырмау. Қауіпті аумаққа жанасып тұрған жерлерден адамдарды көшіруді қамтамасыз ету (көмекті қамтамасыз ету). 7. Құқық қорғау органдарының өкілі келгенге дейін күту, күдікті зат жатқан жерді, ол табылған уақыт пен жағдайды көрсету. 8. Бұдан әрі қарай құқық қорғау органы өкілінің нұсқауы бойынша әрекет ету. 9. Жарылыс қауіпі туралы дүрбелеңге жол бермеу үшін оны білуге тиісті адамдардан басқа ешкімге хабарлабамау. 10. Объектіге тексеру жүргізу, қызметшілердің қажетті санын білу және оларға өзін-өзі ұстау тәртібі туралы (неге назар аудару керектігі және қауіпті зат табылған немесе қауіп төнген кезде қалайша іс-әрекет ету туралы) ақыл-кеңес беру үшін, персоналдардың қажетті санын бөлу. 11. Объект қызметшілеріне бөгде адамдардан қандай да бір зат пен бұйымды сақтауға қабылдауға тиым салынғандығы туралы ескертіп отыру. 12. Жарылыс қондырғысына ұқсас заттың сыртқы түрін суреттеуге дайын болу. Зат көп адамдар жүруі мүмкін жерлердегі қалтарыстарда, жарылыс және өрт қауіпі бар орындарда, әртүрлі коммуникация орналасқан жерде: сөмке, орам, пакет және т.б. түрінде жатуы мүмкін. Ол сыртқы түрі бойынша жарылыс қондырғысына (гранат, мина, снаряд және т.б.) ұқсас болуы мүмкін; және өткізгіш жіп, арқан, изолента, жабысқыш түрінде жатуы мүмкін; сағаттың шықылдауы, механикалық гүріл, өзге дыбыстар естілуі; бадамның немесе өзге таныс емес иістің шығуы мүмкін. Күдікті затты күзеткен кезде мүмкіндігінше қорғауды қамтамасыз ететін заттар (ғимараттың бұрыштары, діңгек, жуан ағаш, автомашина және т.б.) тасасында тұрып, бақылау жүргізу қажет.

Б) ТЕЛЕФОН БОЙЫНША ЛАҢКЕСТІК АКТІ ҚАУПІ ТӨНГЕН КЕЗДЕ

а) Ескерту (алдын-алу) шаралары: - лаңкестік актінің қауіпі туралы телефон хабарын қабылдау тәртібін қызметшілерге түсіндіру; - жарылыс қауіпі туралы, жарылыс қондырғысының жатқаны туралы хабарды алғаннан кейін үрейге бой алдырмау; - сабырлылық танытып, сыпайы болу, сөйлеушіні бөлмеу; - магнитофон болса, оны телефонға жақындатып, әңгімені жазып алу; - қауіп туралы өз әріптесіңізге бірден хабарлауға талпыныңыз; - мүмкіндігінше ол сөйлесіп жатып, сонымен бір уақытта басқа аппаратпен полиция жедел кезекшісіне және ҰҚК бөлімі бойынша кезекшіге төнген қауіп пен террористік қоңырау шалған телефонның номерін хабарлау. Телефон бойынша қауіп төнген кезде "Лаңкестік сипаттағы қорқытушылық телефон хабарын қабылдау тәртібіне" (2 қосымша) сәйкес әрекет етіп, ұйым телефонын жылдам автоматты номерді анықтау (АНА) қондырғысымен және телефон хабарының жазбасымен қамтамасыз ету қажет. б) Телефон хабары алынған кездегі іс-әрекеттер: - әрбір түскен телефон қоңырауына мұқият болу; - түскен телефон қоңырауы туралы басқа телефонмен құқық қорғау органына хабарлау; - қажетті жағдайда адамдарды көшіру жоспарына сәйкес көшіру; - жедел тергеу тобының, кинологтардың және т.б. кедергісіз жұмысын қамтамасыз ету; - телефонмен алынған ақпаратты құқық қорғау органы мен ұйым басшысына кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз ету.

В. ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ ТУРАЛЫ ХАБАРДЫ АЛҒАН КЕЗДЕ

Сабырлы, сыпайы болыңыз, сөйлеушіні бөлмеңіз. Магнитофонды (егер ол телефонға қосылып тұрса) қосыңыз. Әңгімені толық жазып алу үшін аппараттың жұмысының сапасына назар аударыңыз.

Әңгіме аяқталғаннан кейін телефонды ілмеңіз.

Мысалдық сұрақтар:

1. Жарылыс қашан болуы мүмкін? 2. Жарылыс қондырғысы қайда қойылған? 3. Ол қандай заттан жасалынған? 4. Оның сыртқы түрі қандай? 5. Тағы басқа жерлерде жарылыс қондырғысы бар ма? 6. Жарылыс қондырғысы не үшін қойылған? 7. Сіздің талабыңыз қандай? 8. Сіз жалғызсыз ба, жоқ жаныңызда тағы біреу-міреу бар ма?

Г. ЛАҢКЕСТІК ҚАУІП ЖАЗБАША ТҮРДЕ ТҮСКЕН КЕЗДЕ

Ұйымға жазбаша түрдегі қауіп почта арнасы арқылы, сондай-ақ әртүрлі жалған материалды анықтау нәтижесінде (хат, жазба, дискетке жазған ақпарат және т.б.) түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда ұйым қызметшілері 3-қосымшада мазмұндалған жалған материалдарды пайдалану тәртібін нақты қадағалауы тиіс. а) Ескерту (алдын алу) шаралары: - жазбаша түскен бүкіл өнімді экспедиция мен секретариатта (хатшылар) мұқият тексеру, магнитті таспаларды тыңдау, дискеттерді қарауы тиіс; - бандерольдерге, сәлемдемелерге, ірі орамдарға, қаптама орамдарға, оның ішінде жарнама проспектілеріне ерекше назар аудару қажет. Тексеріс мақсаты - лаңестік акті қауіпі туралы ықтимал хабарды байқаусызда жіберіп алмау.

Д. ПОЧТА АРҚЫЛЫ ЖІБЕРІЛГЕН ЖОЛДАМАЛАРДА КҮДІКТІ ЗАТТАР ТАБЫЛҒАН КЕЗДЕ

а) Күдік туғызуға тиіс хаттар (бандерольдер) белгілері; - кездейсоқ хат - хабар; - кері мекен-жайы жоқ, мекен-жайы қате, мекен-жайды жазудағы дәлсіздік, баратын жер қате көрсетілген; - салмағы, көлемі, түрі бойынша стандартқа сай емес, бүйірлері тегіс емес, жабысқақ таспамен желімделген; - "жеке" және "құпия" үлгісіндегі шектеулер; - тосын иісі, түсі бар, конверттерде почта жолдамаларына тән емес заттар білінеді (ұнтақ және т.б.); - Тиісті маркалары немесе почта бөлімшелерінің мөртабаны жоқ.

Белгісіз заттар салынған күдікті ыдыстар табылған жағдайда (ұнтақ, сұйық немесе аэрозолды күйде) мыналар ұсынылады: - ыдысты, пакетті, контейнерді және т.б. өз бетінше ашуға әрекеттенбеу; - күдікті хатты немесе бандерольды қолмен ұстамау; - осы дерек туралы Мемсанэпидқадағалау, ҚР ТЖА аумақтық органдарына және т.б. хабарлау; - күдікті почтаның басқа хаттармен және бандерольдерден бөлек екеніне көз жеткізу; - күдікті хат - хабар табылған бөлмеде орамның тұтастығы бұзылған жағдайда онда желдету жүйесі болса, ғимараттың желдеткіш жүйесіне белгісіз заттың түсуі мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылдау; - мамандар келгенше күдікті ыдыс пен затты қымталған ыдысқа қою (төңірегі тығыз жабылатын ыдыс немесе қалың қабатты пластикалық пакет. Бұл жағдайда теріні (резина, қолғап, полиэтилен пакеті) және тыныс жолдарын (респиратор, мақта-дәкі таңғышы) қорғайтын қолда бар жеке қорғаныс құралдарын пайдаланған дұрыс; - мамандар келгенге дейін жақсы қымталған ыдысты балалар мен үй жануарлары бара алмайтын орында сақтау; - күдікті хат - хабармен тікелей байланыста болған барлық адамдардың тізімін жасау (олардың мекен-жайы, телефоны); - күдікті хат - хабарды ұстаған адамда жеке гигиена шараларын (қолды сабынмен жуу, мүмкіндігінше толық жуыну) және ауруды ескерту жөніндегі медицина қызметкерлерінің нұсқауларын мүлтіксіз орындау.

Е. ЕГЕР ЛАҢКЕСТЕР КЕПІЛГЕ АЛСА

а) Ескерту (алдын алу) шаралары: Бұл шаралар ортақ сипатта және қырағылықты арттыруға, өткізудің қатаң тәртібіне, әртүрлі мақсаттағы бақылау және дабыл жүйесін орнатуға бағытталған. Сонымен қатар, ұйым қызметшілері осындай жағдайлардағы іс-әрекеттерге үйретілуі тиіс. Мұның бәрі белгілі бір дәрежеде ұйым аумағы мен орналасқан жерінде кепілге алыну мүмкіндігін төмендетеді.

б) Кепілге алынған кездегі іс-әрекет: - болған оқиға туралы телефонмен тиісті жерге немесе ұйым басшысына бірден хабарлау; - өз ықтиярыңызбен лаңкестермен келіссөз жасамау; - қажетті жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтірмейтін, терроирстерге қайшы келмейтін болса, олардың талаптарын орындау, жеке және қасындағы адамдардың өмірін қатерге тікпеу; - лаңкестердің қару қолдануына апарып соқтыратын іс-әрекеттерді жасамау; - оқиға орнына күш көрсету құрылымдарының тиісті органдары қызметкерлерінің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету; -ДҰҚК және І ІМ арнайы бөлімше жауынгерлері келісімен олардың командирлерінің сұрағына толық және нақты жауап беріп, олардың жұмыстарын қамтамасыз ету. Лаңкестік актілердің болу қауіпі жағдайындағы іс-әрекеттер мен сақтандыру мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерінің білімін кеңейту және дағдылардың сіңірілуін қамтамасыз ету үшін ұйым аумағының орналасу ерекшелігін және қызметінің сипатын ескере отырып, ұйым басшылары ДҰҚК мен ІІМ жергілікті органдарымен бірлесе отырып, нысан қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулықтар мен Іс-әрекет жоспарларын әзірлейді.

Егер сізді кепілге алса

Өзіңізге өзіңіз берік болыңыз, үрейленбеңіз. Қалыпты дауыспен әңгімелесіңіз. Болуы мүмкін қатаң сынаққа тәндік және моралдық тұрғыдан даярланыңыз. Ұрлап әкетушілерге жек көрушілік танытып, қатты сөздер айтпаңыз. Әуел бастан (әсіресе алғашқы сағатта) бандиттердің барлық нұсқауларын орындаңыз. Өз мінезіңізбен лаңкестер назарына түспеңіз, белсенді қарсылық көрсетпеңіз. Бұл сіздің жағдайды қиындатуы мүмкін. Қашып құтылуға толық сенім жоқ болса, қашуға әрекеттенбеңіз. Мүмкіндігінше террористер туралы ақпаратты көбірек есіңізде ұстаңыз (санын, қаруын, сипаттары қандай, дене ерекшеліктері, сөйлеу мәнері, әңгіме тақырыбы, мінез құлқы) өзіңіздің тұрған (қамалған) жеріңізді анықтауға тырысыңыз. Тамақтан бас тартпаңыз. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі. Терезеден, есіктен және террористердің өздерінен алысырақ орналасыңыз. Бұл ғимаратқа шабуыл жасалған, мергендер қылмыскерлерді атқан жағдайда өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге қажет. Ғимаратқа шабуыл жасалған кезде қолыңызды желкеңізге қойып, етпетіңізбен жатыңыз.


1 қосымша

Жарылыс қондырғысы немесе жарылыс қондырғысына ұқсас зат анықталған кезде ұсынылатын көшу және қоршау аймақтары

РГД - 5 гранатасы кемінде 50 м


Ф - 1 гранатасы кемінде 200 м
Массасы 200 г тротилді орам 45 м
Массасы 400 г тротилді орам 55 м
0,33 сыра қалбыры 60 м
МОН - 50 минасы 85 м
Чемодан (кейс) 230 м
Жол чемоданы 350 м
"Жигули" үлгісіндегі автомобилі 460 м
"Волга" үлгісіндегі 580 м Микроавтобус 920 м
Жүк автомашинасы (фургон) 1240 м

2 қосымша


Телефон бойынша лаңкестік сипаттағы қауіп мазмұндалған хабарды қабылдау тәртібі туралы Құқық қорғау органдарына сіздің төмендегі әрекеттеріңіз қылмыстың жасалуын болдырмау және қылмескерлерді іздестіру үшін айтарлықтай көмектеседі. Әңгімені сол қалпында есте сақтауға және оны қағазға жазуға тырысыңыз. Әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және оның сөйлеу ерекшелігін жадыңызда ұстаңыз: - дауысы : қатты (жәй), төмен (жоғары); - сөйлеу қарқыны тез (баяу); - дыбыс шығаруы: анық, түсініксіз, демігеді, акцентпен немесе диалектімен сөйлейді; - сөйлесу мәнері: еркін, жаман сөздер айтады, мысқылдайды; - дыбыстық ахуалды міндетті түрде белгілеңіз (автомашинаның немесе теміржол көлігінің шуы, теле - немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, басқалар); - қоңырау сипатын белгілеңіз (қалалық немесе қалааралық); - әңгіменің дәл басталған уақытын және оның созымдылығын міндетті түрде жазып қойыңыз. Кез-келген жағдайда әңгіме барасында мына сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз: - Бұл адам қайда, кімге, қай телефон бойынша хабарласып тұр? - Ол қандай нақты талаптар қойып отыр? - Ол талапты жеке өзі қойып отыр ма, дәнекер ретінде сөйлесіп тұр ма, немесе қандай да бір топтың мүддесін білдіре ме? - Ол немесе олар қандай шарттармен ойлағандарынан бас тартады? - Бұл қоңырау туралы сіз кімге хабарласа аласыз немесе хабарлауға тиіссіз? Өзіңіз және сіздің басшылық шешім қабылдау немесе қандай да бір әрекет жасау үшін мүмкіндігінше қоңырау шалушының уақытын көбірек алуға тырысыңыз. Егер мүмкін болса бұл туралы объек басшылығына әңгіме барысында, егер мүмкіндік жоқ болса - әңгіме аяқталған бойда дереу хабарлаңыз. Әңгіме мен оның мазмұны туралы деректерді таратпаңыз. Алынған ақпаратты білетін адамдар санын барынша шектеңіз. Нөмірді автоматты анықтағыш (АНА) болған жағдайда, анықталған телефон нөмірін дәптерге жазыңыз, бұлай ету оны кездейсоқ жоғалудан сақтайды. Дыбыс жазылу аппаратын пайдалану кезінде әңгіме жазылған кассетаны (мини-диск) бірден алыңыз және оны сақтау шараларын қабылдаңыз. Міндетті түрде оның орнына басқа кассета салыңыз.

3 қосымша


Лаңкенстік сипаттағы қауіп мазмұндалған жалған материалды пайдалану тәртібі
Лаңкестік сипаттағы қауіп мазмұндалған жалған материалды алған кезде, онымен барынша сақ әрекет жасаңыз, оны таза полиэтилен пакетімен мұқият орап жеке қатты папкаға салыңыз. Онда өз саусақтарыңыздың ізін қалдырмауға тырысыңыз. Егер құжат конвертпен келсе, оны тек сол немесе оң жағынан ғана шет тұсын қайшымен абайлап кеседі. Оның ішіндегінің бәрін: мәтінді құжаттың өзін, кез-келген затты, конвертпен орамды сақтаңыз, ештеңені тастамаңыз. Құжат мазмұнымен адамдар шеңберін кеңейтпеңіз. Жалған материалды ілеспе хатпен құқық қорғау органдарына жолдаңыз, онда жалған материалдардың белгілері (түрі, саны, қандай әдіспен орындалғандығы, мәтіннің - қандай сөзден басталып, қандай сөзбен аяқталғандығы, қойылған қолдардың болуы және т.б.), сондай-ақ оның таралуына, табылуына немесе алынуына байланысты мән жайлар көрсетілуі тиіс. Жалған материалдар тігілмеуге, желімделмеуге тиіс, онда қол қоюға мәтіннің кейбір жерлерін сызуға немесе қоршауға, бұрыштма мен нұсқау жазуға, ластауға немесе бүгуге рұқсат етілмейді. Ілеспе құжаттарға бұрыштамалар мен өзге жазбалар жазылған кезде жалған материалдарда қатты із қалмауы тиіс. Тіркеу мөртабаны тек ұйымның ілеспе хаттарына және жалған материалды тиісті жерге әкеп тапсырған азаматтардың өтініштеріне қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет