Тест. 4-сынып. Дүниетану. Адам-қоғам перзенті. Табиғат



Дата18.05.2020
өлшемі14,99 Kb.
#69418
Байланысты:
Тест-4 сынып.
sor aza-debiet 5kl (2), Тест-4 сынып., Тест-4 сынып., улы дала

Тест. 4-сынып. Дүниетану. Адам-қоғам перзенті. Табиғат.
1. Алғашқы адамдар жануарлардан несімен ерекшеленді.

а) Қимыл-қозғалысымен; в) Айла-тәсілмен;

с) Сөйлеу тәсілімен; д) Өсіп-өнумен.

2. Алғашқы адамның ақыл-ойын, қиялын жетелеуші не болды?

а) Аспан; в) Жұлдыз; с) Таулар; д) Табиғат.



3. ЮНЕСКО-ның есебіне алынған тарихи өнеріміздің озық үлгісі?

а) Айша бибі кесенесі; в) "Алтын адам";

с) "Медеу" мұз айдыны; д) Республика сарайы.

4. Табиғатты зерттеудегі ертеден келе жатқан әдістің түрі?

а) Тәжірибе; в) Зерттеу; с) Бақылау; д) Жоспарлар.



5. Темірқазық жұлдызы қай тұсты көрсетеді?

а) Оңтүстік; в) Солтүстік; с) Шығыс; д) Батыс.



6. Жыра неден пайда болады?

а) Тастардан; в) Желден; с) Судан; д) Өсімдіктерден.



7. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында?

а) 7-орында; в) 8-орында; с) 9-орында; д)10-орында.



8. Картадағы жасыл түс нені білдіреді?

а) Ойпатты жазықтар; в) Таулар; с) Ормандар; д) Қыраттар.

9. Үгілу деп нені айтамыз?

а) Дауылдың соғуы; в) Судың тасуы;

с) Найзағайдың ойнауы; д) Тау жыныстарының бөлшектенуі.

10. Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары не деп аталады ?

а) Кен; в) Шахта; с) Террикон; д) Байлық.

11. Еліміздегі ең ірі темір кен орны ?

а) Кентау; в) Соколов-Сарыбай; с) Өскемен; д) Ақтау.



12. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады ?

а) Тас көмір, боксит; в) Мұнай, мырыш; с) Газ, жез; д) Мұнай, тас көмір.



13. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаны көрсетіңіз?

а) Алтын, мыс; в) Мырыш, полиметалл;



с) Тұз, фосфорит; д) Уран, Алюминий.

14. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады ?

а) Фосфорит, мәрмер; в) Полиметалл, мыс;

с) Бензин, газ, жермай; д) Жанғыш газ, әктас.

15. Еліміздегі тас көмірдің басты кен орындары?

а) Торғай алабы; в) Қарағанды мен Екібастұз; с) Шұбаркөл; д) Ленгер алабы.



16. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсетіңіз?

а) Еріткіш; в) Аққыш; с) Түссіз, дәмсіз; д) Исі бар.

17. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады ?

а) Тұщы су; в) Минералды су; с) Қышқыл су; д) Салқын су.



18. Қызылорда қаласы қай өзеннің бойында орнласқан ?

а) Ертіс; в) Есіл; с) Сырдария; д) Нұра.



19. Дүние жүзіндегі ең терең көл ?

а) Байкал; в) Балқаш; с) Арал; д) Зайсан.

20. Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен ?

а) Теңіздің тасуынан; в) Дауылдың соғуынан;



с) Судың көп булануынан; д) Жиі жауған жаңбырдан.

21. Ауаның құрамының 78%-ы неден құралған ?

а) Азот; в) Оттегі; с) Көмірқышқыл газ; д) Инертті газ.

22. Жерге келіп жеткен кейбір аспан денелерін не дейміз ?

а) Жұлдыз; в) Ғаламшар; с) Метеорит; д) Айдың сынығы.



23. Метеорологиялық стансаларда нені бақылайды ?

а) Өзендердің ағысын; в) Көлдердің тереңдігін;

с) Ауа райын; д) Ауаның ластануын.
24. Біздің жерімізге суық ауа райы қай жақтан келеді ?

а) Таудан; в) Бұлттан; с) Солтүстіктен; д) Оңтүстіктен.



25. Ауаны тазартудың ең нәтижелі жолы ?

а) Газдандыру; в) Көгалдандыру;

с) Сүзгіштер қою; д) Желдеткіш орнату.


Бағалау шкаласы:

21-25 ұпай аралығы: "5" ;

16-20 ұпай аралығы:"4" ;

8-15 ұпай аралығы: "3" ;



0-7 ұпай аралығы: "2" .


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет