Батыс Түрік қағанаты 5 Нұсқа.
1. Батыс Түрік қағанатының жергілікті жерлердегі негізгі тірегі:
А. Билер
В. Бектер
С. Әскерлер
Д. Хандар
Е. Жасауылдар
2. «Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды» деген сөздер қай ескерткіште айтылады?
А. Бехистун жазуында
В. Ксеркс жазуында
С. Бұғыт жазуында
Д. Еш жерде айтылмайды
Е. «Күлтегін» жазуында
3. Батыс түрік қағанаты Орта және Кіші Азияда қарым-қатынас жасаған елдер:
А. Мамлүк пен Батыс Рим империясы
В. Киев Русі мен Парфия
С. Венеция мен Бактрия
Д. Греция мен Эфталит
Е. Иран мен Византия
4. «Күлтегін-лабан, «Инал-тігін», «Яланшах» терминдерінің мағанасы:
А. Қала тұрғынын
В. Дала билеушісін
С. Малшыларды
Д. Ортағасырлык қалалар билеушілерінің титулы
Е. Егіншілерді
5. 634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен кім қаған болды?
А. Бумын
В. Білге
С. Ешбар Елтеріс
Д. Иштеми
Е. Сақал
6. Шығыс түрік қағанаты өмір сүрген уақыты:
А. 682-744 жж.
В. 551-603 жж.
С. 603-704 жж.
Д. 704- 756 жж.
Е. 756-940 жж.
7. Шығыс түрік қағанатының территориясының аумағы:
А. Шығыс Моңғолия, Оңтүстік Корея және Солтүстік Қытайға дейін
В. Күнгей және Теріскей Алтайға дейін
С. Орал тауы, Алатау мен Қаратауға дейін
Д. Мавераннахр, Орта Азия, Каспий мен Үндістанға дейін
Е. Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібірге дейін
8. Шығыс Түрік қағанатының Білге қағанынан кейін әлсіреп, ыдырай бастаған жыл:
А. 741 жылы
В. 551 жылы
С. 552 жылы
Д. 751 жылы
Е. 791 жылы
9.Батыс түрік қағанатының негізгі шаруашылық түрі :
А. Балық шаруашылығы
В. Жартылай мал шаруашылығы
С. Омарташылық
Д. Егіншілік
Е. Отырықшылық
10.Қағанат жерінде жібек саудасы туралы жазған монах:
А. Сыма Цянь
В. Бан Гу
С. Цянь
Д. Сюань Цзянь
Е. Го-ГИ
11. Батыс Түрік қағанатының тұрғындары туралы: «Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, оның жанында жүрген нөкерлерді де қамқадан желбегей шапандар жамылған, қандай тамаша көрініс» деп жазған Қытай саяхатшысы монах:
А. Го-Ги
В. Янь Синь
С. Сыма Цянь
Д. Сюань Цзянь
Е. Чжан Цянь
12. Батыс Түрік қағанатындағы сауданың түрі:
А. Айырбас
В. Болмаған
С. Ақша-тауар
Д. Несие
Е. Натуралды
13. Түрік зираттарынан археологиялық зеррттеулер кезінде табылған бұйымдар:
А. Жібек киімдер
В. Ыдыстар
С. Ештеңе
Д. Терілердің
Е. Музыка аспаптар
14. Түрік қала жұрты зираттарынан табылған заттар:
А. Қытай, Византия елдерінің көзелері
В. Француз әтірлері құтысы
С. Неміс әйнектері
Д. Қырғыз теңгелері
Е. Ештеңе
15. Түріктердің қалаларының дамуында әсер еткендер:
А. Қытайлықтар
В. Үнділер
С. Соғдылықтар
Д. Римдіктер
Е. Бұхарлықтар
16. Түріктер қай ғасырдың басында отырықшылана бастады:
А. V ғ.
В. VI ғ.
С. VII ғ.
Д. VIII ғ.
Е. X ғ.
17. Жетісу аймағында екі халық араласып, бір тілде сөйлей бастағандар:
А. Қытайлар мен қаңлылар
В. Соғдылар мен үнділер
С. Түріктер мен соғдылар
Д. Дунхулар мен ұйғырлар
Е. Түркештер мен арабтар
18. Археологиялық зерттеулер кезінде қалардағы екі халыққа тән материалдық қалдықтар бір мәдени қабаттан табылды. Олардың бірі түріктер, ал екіншісі:
А. Парсылар
В. Арабтар
С. Соғдылықтар
Д. Византиялықтар
Е. Қытайлықтар
19. Батыс Түрік қағанатында жер өңдеу кәсібімен айналысқан топтар:
А. Байыған шаруалар
В. Шетелдік шаруалар
С. Жалдамалы шаруалар
Д. Малы жоқ немесе малы аз кедей шаруалар
Е. Несие алған шаруалар
20. Қағанның билігі қалай берілді:
А. Мұрагерлік жолмен
В. Бұйрық арқылы
С. Сайлау жолымен
Д. Шетелдіктер ықпалымен
Е. Сатып алу жолымен
21. Батыс Түрік қағанатындағы жоғары билеушісі және әскербасы:
А. Хан
В. Жабғу
С. Қаған
Д. Патша
Е. Би
22. Батыс Түрік қағанатында қаған өзінен кейінгі билікті кімге берді?
А. Бектерге
В. Ябғуға
С. Тарханға
Д. Шадтарға
Е. Өзі сайлаған ұлықтарға
23. Түрік қағанатында салықтың «қанмен өтейтін» түрі қалай атқарылды ?
А. Болған жоқ
В. Біреуді өлтірумен
С. Ақша төлеу жолымен
Д. Қан беру арқылы
Е. Майданның алғы шебінде жүру арқылы
24. Тәуелді тайпа адамдары көбіне атқарған салықтың түрі:
А. Ақша төлеу
В. Несие төлеу
С. Азық-түлік беру
Д. Аң терісін беру
Е. «қанмен өтейтін»
25. Даңқты қолбасшы Тоныкөк қай халықтың жауынгерлік даңқын асқақтатты:
А. Қарлұқ
В. Ұйғыр
С. Түркі
Д. Басмыл
Е. Соғды
Достарыңызбен бөлісу: |