«Геометрия элементтері» бөлімінің базалық мазмұны.
Геометриялық фигуралар жəне олардың жіктелуі (геометриялық фигураларды бір бірінен ажырату және атау; жазық және кеңістік фигуралар; периметрді, ауданды, көлемді табуға арналған формулаларды құру және қолдану).
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу (модельдерден және оның бөліктерінен композиция құрастыру, кескіндеу, сызу және салу; геометриялық фигуралардың модельдерін бөлу; кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасын дайындау; бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын анықтау және айқындайтын нұсқаулыққа сәйкес әрекеттер).
Нүктелер кординаттары және қозғалыс бағыты (сан сәулесінде, сызықта және жазық фигурада белгіленген нүктелердің орналасуы; нысандардың қозғалыс сызбасы).
Геометрия элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.