жер қыртысындағы тақталар қозғалысы әсерінен теңіз түбінің көтерілуі нәтижесінде таулар пайда болды
Ия / Жоқ
Сұрақ түрі: Иә / Жоқ таңдау.
Құзыреттілік: Ғылыми сұрақтарды тану және қою.
Мазмұны: Жаратылыстану туралы білім.
Қолдану саласы: Жаратылыстану мен технология арасындағы байланыс.
Мәнмәтін: жаһандық.
Қиындық деңгейі: 2 деңгей.
Ең жоғары балл: 2 балл
2-мысал Электр энергиясын өндіру Жел энергиясы мұнай мен көмірді жағу арқылы алынатын энергияны алмастыруға болатын баламалы энергия көзі болып табылады. Суретте қалақшалары желдің көмегімен айналатын жел диірмендері көрсетілген. Соның арқасында генераторлар электр тогын өндіреді.
3-сұрақ Мұхит деңгейінен алынған биіктік неғұрлым жоғары болған сайын, қалақшалар соғырлым желдің бірдей жылдамдығында баяу қозғала бастайды. Берілген түсіндірмелердің қайсысы мұхит деңгейінен үлкен биіктікте орналасқан жел қалақшаларының бірдей жел жылдамдығында баяу қозғалатынын түсіндіруге мүмкіндік береді?
A. Мұхит деңгейінен жоғарылаған сайын ауаның тығыздығы төмендейді.
B. Мұхит деңгейінен жоғарылаған сайын ауа температурасы төмендейді.
C. Мұхит деңгейінен жоғарылаған сайын тартылыс күші төмендейді.
D. Мұхит деңгейінен жоғарылаған сайын жаңбыр жиі жауады.
3-мысал Үлкен Каньон Үлкен Каньон АҚШ шөлдерінің бірінде орналасқан. Ол өте үлкен және терең, тау жыныстарының бірнеше қабаттарынан тұрады. Кезінде жер қыртысының қозғалыстары осы тау жыныстарының қабаттарын жоғары көтерген. Қазіргі кезде Үлкен Каньонның тереңдігі кейбір жерлерде 1,6 км-ге жетеді. Каньон арқылы Колорадо өзені ағып жатыр. Суретте тау жыныстарының қабаттарын көруге болады.
1-сұрақ Жылына Үлкен Каньон ұлттық саябағына 5 млн-ға жуық турист келеді. Келушілердің саябаққа тигізетін зияны алаңдатады. Кестедегі сұрақтарға ғылыми зерттеулердің нәтижесінде жауап алуға бола ма? Әр сұрақ үшін «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарын белгіле.
Төмендегі сұрақтарға ғылыми зерттеулердің нәтижесінде жауап алуға бола ма?