Тест сұрақтары, тапсырмалар


Кептірілген құрғақ мәрмәр кесегінің массасы қандай болды?



бет6/15
Дата30.03.2023
өлшемі1,49 Mb.
#173326
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Тест с ра тары, тапсырмалар

Кептірілген құрғақ мәрмәр кесегінің массасы қандай болды?
А. 2 г-нан аз.
В. 2 г.
С. 2–2,4 г аралығында.
D. 2,4 г-нан көп.


3-сұрақ Осы экспериментті өткізген оқушылар мәрмәр кесегін бір түнге таза суға салды. Осы тәжірибені оқушылар қандай мақсатта жасағанын түсіндір.
Озон
Атмосфера – Жердегі тіршілік үшін бағалы табиғи ресурс. Өкінішке орай адамның шаруашылық әрекеті осы ресурсқа үлкен зиян тигізіп, Жердің қорғаныш қабаты болып табылатын озон қабатын жұқартуда. Озон молекулалары оттек молекулаларымен салыстырғанда оттектің үш атомынан тұрады. Орналасқан орнына қарай озонның атқаратын қызметі әртүрлі. Тропосферада орналасқан озон «жаман» озон деп аталады. Ол өкпе мен өсімдіктерге зиян тигізуі мүмкін. Ал стратосферадағы мөлшері 90 пайыздай озон «жақсы» озон деп аталады. Ол Күннен келетін ультракүлгін сәулелерді сіңіріп, Жердегі тіршілікті қорғайды. Соңғы онжылдықтарда озон мөлшері азайды. 1974 жылы озонның азаюына фреон (CFCs) әсер еткен болуы мүмкін деген гипотеза айтылды. 1987 жылға дейін ғылыми зерттеулер фреонның озон қабатының жұқаруына тигізетін әсеріне дәлелдемелер келтірмеді. Бірақ 1987 жылы қыркүйекте Монреальда (Канада) 20 елдің өкілдері фреонды қолдануды шектеу туралы келісті.
1-сұрақ
Жоғарыда берілген мәтінде озонның қалыптасуы туралы айтылмаған. Күн сайын озонның белгілі бір мөлшері қалыптасып, белгілі бір мөлшері жойылады. Озонның түзілуі суретте көрсетілген.


Озонның түзілуін досыңа суреттер бойынша түсіндіріп көр. Досың суреттегі адамдар мен O2 және O3 әріптерінің нені білдіретінін білгісі келеді. Ол атом, молекула және оттектің белгісін біледі. Досыңа әр суретте не бейнеленгенін түсіндіріп бер.
2-сұрақ Озон найзағай ойнаған кезде де қалыптасады. Ол найзағайдан кейінгі иісті қалыптастырады. Мәтін мазмұнында автор «жақсы» және «жаман» озонның айырмашылығын түсіндірді.
Мәтіндегі терминдерді қолдана отырып, мынадай сұраққа жауап бер: найзағай кезінде қалыптасатын озон «жақсы» озон ба әлде «жаман» озон ба?




Озон жақсы ма әлде жаман ба?

Түсіндірме

А

Жаман

Нашар ауа райында қалыптасады.

В

Жаман

Тропосферада қалыптасады.

С

Жақсы

Стратосферада қалыптасады

Д

Жақсы

Иісі жақсы.


3-сұрақ
Мәтін мазмұнында озон қабатының Жердегі тіршілікті Күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайтыны туралы айтылған. Ультракүлгін сәулелердің зиянынан пайда болатын бір ауруды атап, сипаттама бер.
4-сұрақ
Мәтін мазмұнында Монреальда өткен конференция туралы айтылған. Конференцияда озон қабатының жұқаруына байланысты көптеген сұрақтар қарастырылды. Солардың екеуі кестеде берілген. Ғылыми зерттеулер берілген сұрақтарға жауап бере алады ма? «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарын белгіле.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет