Тест сұрақтары, тапсырмалар



бет5/15
Дата30.03.2023
өлшемі1,49 Mb.
#173326
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Тест с ра тары, тапсырмалар

Иә немесе жок

Жаяу жүргіншілердің жолын қолдану барысында эрозия қаншалықты күшейеді?

Иә/Жоқ

Саябақтың аумағы 100 жыл бұрын сияқты көркем болып қалды ма?

Иә/Жоқ


2-сұрақ
Үлкен Каньонның температурасы 0 градустан төмен және 40 градус Цельсийге дейін көтеріледі. Каньонның шөлде орналасқанына қарамастан тау жыныстарының жарықтарында кейді су қалып қояды. Температураның ауытқуы және жарықтардағы су тау жыныстарының тез мүжілуіне қалай әсер етеді?
А. Қатқан су жылы тау жыныстарын ерітеді.
В. Су тау жыныстарын берік біріктіреді.
С. Мұз тау жыныстарының бетін мүжиді.
D. Қатқан су тау жыныстарының жарықтарында көлемін ұлғайтады.


3-сұрақ
Үлкен Каньонның әктас қабатында теңіз ағзалары: балықтар, маржандар, ұлулардың қалдықтары бар. Миллиондаған жыл бұрын теңіз қалдықтарының осында қалуына не себеп болды?
А. Ерте замандарда бұл аймаққа теңіз өнімдерін адамдар әкелді.
В. Ертеде мұхиттардағы толқындар күшті болғандықтан теңіз жағалауына теңіз ағзаларын лақтырды.
С. Осы уақытта бұл жерде теңіз болды, кейін теңіз кері шегінді.
D. Теңізде тіршілік етпес бұрын теңіз ағзалары құрлықта мекендеді.

Қышқыл жаңбырлар
Суреттегі мүсіндер Кариатидалар деп аталады. Олар Афиныдағы Акропольде 2500 жылдай бұрын салынған. Олар мәрмәр деп аталатын тау жынысынан тұрғызылған. Мәрмәр кальций карбонатынан тұрады. 1980 жылы мүсіндердің шынайы түпнұсқасы олардың көшірмелерімен алмастырылды. Мүсіндерді Акрополь мұражайына көшірді. Мүсіндерге қышқыл жаңбырлар зиян келтіріп, жеміре бастады.

1-сұрақ
Кәдімгі жаңбырдың қышқылдылығы әлсіз, себебі ол ауадан көміртек диоксидінің белгілі бір мөлшерін сіңіреді. Ал қышқыл жаңбырлардың қышқылдылығы жоғары, себебі ол ауадан күкірт және азот оксидтерін сіңіреді. Күкірт және азот оксидтері ауаға қайдан түседі?
2-сұрақ
Қышқыл жаңбырлардың мәрмәрге әсерін мәрмәрдің кесегін сіркесуға бір түнге салу арқылы модельдеуге болады. Сірке суы мен қышқыл жаңбырдың қышқылдылығы бірдей. Мәрмәр кесегін сіркесуға салғанда газ көпіршіктерінің пайда болуын байқауға болады. Құрғақ мәрмәр кесегінің массасы экспериментке дейін және кейін өлшенеді. Экспериментке дейінгі мәрмәрдің массасы 2,0 г болды. Келесі күні мәрмәрді сірке суынан алып, кептірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет