’’Шабылып жатқан халқың бар, аймағың көздеп көрмейсің!’’- деп кімге айтқанын анықтаңыз.
A) Халыққа.
B) Батырға.
C) Жастарға.
D) Ханға.
E) Мұңсыздарға.
11. Ы.Алтынсарин қай әңгімесінде ²Бағып-қағуда көп мағына бар² деп, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу қажеттігін көрсеткенін табыңыз.
A) ²Әке мен бала².
B) ²Шеше мен бала².
C) ²Таза бұлақ².
D) ²Мейірімді бала².
E) ²Бақша ағаштары².
12. ...Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім… - қай өлеңнің үзіндісі екенін көрсетіңіз.
A) «Қыс».
B) «Сегіз аяқ».
C) «Ғылым таппай мақтанба».
D) «Интернатта оқып жүр».
E) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
13. «Аласыз қара көзі айнадайын» деген жолдағы (Абай) қолданған тіл айшығын табыңыз.
A) Әсірелеу.
B) Теңеу.
C) Алмастыру.
D) Кейіптеу.
E) Астарлау.
14. «Шын сырым», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
A) Абай Құнанбаев.
B) Мағауия Абайұлы.
C) Ахмет Байтұрсынов.
D) Жамбыл Жабаев.
E) Шәкәрім Құдайбердіұлы.
15. І.Жансүгіровтің ²Гималай² өлеңінің жазылу түрін көрсетіңіз.
A) Монолог, диалогтар арқылы отаршылық бұғауды көрсеткен.
B) Психологиялық параллелизмге құрылған.
C) Лирикалық кейіпкердің көңіл-күйіне арналған.
D) Табиғатты әсем суреттеуді мақсат еткен.
E) Сұрақ-жауап түріндегі арнаумен жазылған.
16. Қ.Аманжолов қай жылы дүние салғанын анықтаңыз.
A) 1954 ж.
B) 1958 ж.
C) 1955 ж.
D) 1957 ж.
E) 1956 ж.
17. Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы басты кейіпкерді табыңыз.
A) Ұлпан.
B) Игілік би.
C) Таймас.
D) Шәкен.
E) Есеней.
18. Көркемдік тәсілдің түрін анықтаңыз.
Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,
Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз ... (І.Жансүгіров)
A) Антитеза.
B) Эпитет.
C) Теңеу.
D) Мотив.
E) Ассонанс.
19. Ж.Нәжімеденовтің романын көрсетіңіз.
A) «Қарағанды».
B) «Қызыл жебе».
C) «Қан мен тер».
D) «Даңқ пен дақпырт».
E) «Соңғы көш».
20. Қайта жаңғырған журналды белгілеңіз.
A) "Абай".
B) "Ақиқат".
C) "Тіршілік".
D) "Шаншар".
E) "Айқап".
21. «… Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін:
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да! …» - М.Жұмабаевтың бұл тілекті айтқан өлеңін табыңыз.
A) “Шолпы”.
B) “Сүй, жан сәулем”.
C) “Сүйемін”.
D) “Сағындым”.
E) “Тілегім”.
22. Сәкен Сейфуллиннің поэмасын табыңыз.
A) "Қызыл ат".
B) "Кім жазықты?".
C) "Гималай".
D) "Сұлушаш".
E) "Құлагер".
23. ²Абай жолы² романындағы Абай келбетін сомдаған теңеуді көрсетіңіз.
A) Адамшылық ой-қиялы таза, ұлтжанды кісі еді.
B) Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.
C) Қайраты қара дауыл үйіргендей.
D) Тек жуан дауысты дыбыстарды табыңыз.
E) Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым тап шыным.
24. С.Мұқановтың «Есіл бойында» («Өмір мектебінен») шығармасындағы сүйгеніне арнап ән шығарған қыздың атын табыңыз.
A) Ғазиза.
B) Шұға.
C) Ақтамақ.
D) Ұлпа.
E) Ғалия.
25. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» повесінің негізгі кейіпкерін атаңыз.
A) Байсал.
B) Теңсел.
C) Ерік.
D) Еңсеп.
E) Есіл.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
1. Балуан Шолақтың шын атын анықтаңыз.
A) Мұхаммедқанапия.
B) Ақжігіт.
C) Нұрмағамбет.
D) Мұхамбеткерей.
E) Имамғабит.
2. "Өмір сүргім келеді" деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз.
A) С. Сейфуллин.
B) Б. Бұлқышев.
C) А. Жұмағалиев.
D) Қ. Аманжолов.
E) І. Жансүгіров.
3. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) І.Жансүгіров.
C) Б.Майлин.
D) М.Жұмабаев.
E) Ж.Жабаев.
4. «Түркістан солай туған», «Индия очерктері» және «Өскен өркен» шығармаларының авторын табыңыз.
A) Ғ.Мүсірепов.
B) Ә.Әбішев.
C) М.Әуезов.
D) Ә.Әлімжанов.
E) З.Қабдолов.
5. Теңеуді табыңыз.
Шұғыла шалғын кешкі бұлттай,
Толқын шашты оттар ойнар.
A) Шұғыла.
B) Бұлттай.
C) Кешкі.
D) Толқын.
E) Шалғын.
6. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
A) Т.Молдағалиев.
B) Қ.Мырзалиев.
C) Т.Айбергенов.
D) А.Бақтыгереева.
E) М.Шаханов.
7. Шығыстың Аристотелі атанған адамды табыңыз.
A) Платон.
B) Қожа Ахмет Яссауи.
C) Әбу Насыр әл-Фараби.
D) Захириддин Мұхаммед Бабыр.
E) Әбу Әли Ибн Сина.
8. ’’Алдар көсе’’ аңызында:
-’’Отырайын он ай,’’- деп төрге шығатын кейіпкерді табыңыз.
A) Алдар.
B) Шығайбай.
C) Бәйбіше.
D) Бай қызы.
E) Бізбикеш.
9. «Балталы, Бағаналы ел, аман бол», - деп, туған жерімен қимай қоштасатын лиро-эпос жырындағы қыздардың атын табыңыз.
A) Баян сұлу.
B) Ай, Таңсық.
C) Еңлік.
D) Қыз Жібек.
E) Айман, Шолпан.
10. "Сен алтынсың, мен пұлмын, Сен жібексің, мен жүнмін" деген өлең жолдарын Шалкиіз жырау кімге арнап айтқанын белгілеңіз.
A) Мұса биге.
B) Ханға.
C) Би Темірге.
D) Жолдасына.
E) Батырға.
11. Ыбырай Алтынсариннің қай әңгімесінде Петр патша туралы айтылғандығын анықтаңыз.
A) «Қыпшақ Сейітқұл».
B) «Жомарт».
C) «Әке мен бала».
D) «Талаптың пайдасы».
E) «Асыл шөп».
12. Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын? – деген үзінді Абайдың қай өлеңінен алынғанын табыңыз.
A) “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”.
B) “Қалың елім, қазағым”.
C) “Кемді күн қызық дәурен тату өткіз”.
D) “Сабырсыз, арсыз, еріншек”.
E) “Интернатта оқып жүр”.
13. Абай шығарған нақыл сөзді көрсетіңіз.
A) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
B) Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
C) Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер.
D) Ер екі сөйлемейді.
E) Отан үшін отқа түс, күймейсің.
14. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай ханның тұсында болғанын табыңыз.
A) Шыңғыс хан.
B) Жәңгір хан.
C) Бөкей хан.
D) Абылай хан.
E) Жошы хан.
15. С.Сейфуллиннің туған жеріндегі өзендерді табыңыз.
A) Жайық, Еділ.
B) Нұра, Есіл.
C) Сырдария, Әмудария.
D) Ертіс.
E) Іле, Шу.
16. Абдолла Жұмағалиевтің бейнесін сомдаған ақынды табыңыз.
A) Қ.Мырзалиев.
B) Қ.Аманжолов.
C) Ж.Молдағалиев.
D) О.Сүлейменов.
E) А.Байтұрсынов.
17. Есеней, Артықбай батыр, Шынар, Қанікей деген кейіпкерлер Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасынан екенін белгілеңіз.
A) ’’Оянған өлке’’.
B) ’’Алғашқы адымдар’’.
C) ’’Кездеспей кеткен бір бейне’’.
D) ’’Амангелді’’.
E) ’’Ұлпан’’.
18. Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінің композициясын анықтаңыз.
A) Қаусырмалы композиция.
B) Ілгерінді-кейінді аттап суреттеу.
C) Мезгіл мен іс-әрекетті бастан аяқ ретімен бұлжытпай беру.
D) Айналмалы ретпен суреттеу.
E) Ретсіз жүретін ауыспалы композиция.
19. «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» романдарының авторын табыңыз.
A) Ф.Оңғарсынова.
B) Ж.Нәжімеденов.
C) Ж.Молдағалиев.
D) М.Мақатаев.
E) С.Мәуленов.
20. «Адамнан адам озар немен артып,
Бұл сөзді ақылға сал, кірге тартып …» - деген тармақтардың авторын табыңыз.
A) Ғ.Қараш.
B) А.Құнанбаев.
C) А.Қорамсаұлы.
D) Ш.Құдайбердиев.
E) Ш.Бөкеев.
21. «Ең алғаш менің өлең жазғаным 13 жасар кезім болса керек. Дұғалық жазатын кішкене ғана шолақ кітапшама тіленші шалға есік ашпаған бір кемпірді... өлең ғып жазып қойғанымды әкем көріп, маңдайымнан иіскегені әлі есімде»,- деген жолдар кімнің өмірбаянынан алынғанын табыңыз.
A) Ж.Аймауытов.
B) А.Байтұрсынов.
C) Ж.Жабаев.
D) С.Сейфуллин.
E) І.Жансүгіров.
22. «Гималай» өлеңінің басталуын көрсетіңіз.
A) Сол күннен нұр ала алмай…
B) Буырқанып, бұрсанып…
C) Гималай – көктің кіндігі…
D) Ақшалап басын қар көміп…
E) Бұлттанып, құрсанып…
23. М.Әуезовтің әңгімесін анықтаңыз.
A) «Қарагөз».
B) «Бүркітші».
C) «Еңлік-Кебек».
D) «Отелло».
E) «Асуға тұсау».
24. С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы кейіпкерлердің сөйлеу тілінің ерекшелігін белгілеңіз.
A) Қарапайым сөйлеу тілі арнасы сақталған.
B) Кейіпкерлердің тілі күрделі, қиын.
C) Кейіпкерлер тілі өте әшекейлі, әсем.
D) Сезім тілімен сөйлеген.
E) Әр кейіпкердің өзінше сөйлеу ерекшелігі бар.
25. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі «Түбінде адам болатын бала» деген жолдарды кім айтқанын табыңыз.
A) Ахметов.
B) Афанасьева.
C) Мектеп директоры.
D) Қадыров.
E) Майқанова.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
1. Қасым Аманжоловтың өзі «Сыр» деп те атап, жас ұрпақпен ашық сөйлесіп, мақсат-мүддесін, қуаныш-сүйінішін, сенімі мен дүдәмәлін ортаға салып сырласқан өлеңін анықтаңыз.
A) «Мен - табиғат бөбегі».
B) «Дауыл».
C) «Өзім туралы».
D) «Үстімде сұр шинелім».
E) «Дариға, сол қыз».
2. «Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай» - деп кім айтқанын анықтаңыз.
A) Н.Погодин.
B) М.Горький.
C) Ш.Айтматов.
D) Ғ.Мүсірепов.
E) Б.Матиф.
3. «Қараш-Қараш оқиғасы» атты туындының авторын табыңыз.
A) С.Мұқанов.
B) М.Әуезов.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Б.Майлин.
E) Ғ.Мұстафин.
4. Сонда Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Көлденең жатқан көк тасты,
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі.(«Қобыланды батыр») Үзіндідегі көркемдік тәсілді табыңыз.
A) Кішірейту (литота).
B) Алмастыру (метонимия).
C) Кекесін (ирония).
D) Әсірелеу (гипербола).
E) Мысқыл (сарказм).
5. М. Мақатаевтың поэмасын табыңыз.
A) «Аққудың айрылуы».
B) «Құлагер».
C) «Көкшетау».
D) «Аққулар ұйықтағанда».
E) «Адасқан өмір».
6. Ә.Нұрпейісовтің ²Қан мен тер² романында қай өңір балықшыларының трагедиялық өмірі суреттелетінін көрсетіңіз.
A) Арал балықшыларының өмірі.
B) Жайық өңірі балықшылары.
C) Каспий балықшыларының тұрмысы.
D) Алакөл балықшыларының тіршілігі.
E) Балқаш балықшыларының жағдайы.
7. ’’Құтадғу білік’’ (’’Құтты білік’’) атты еңбектің авторын табыңыз.
A) Махмуд Қашқари.
B) Хорезми.
C) Әл-Фараби.
D) Қожа Ахмет Иассауи.
E) Жүсіп Баласағұн.
8. Асан қайғының:
Ашу – дұшпан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің.
Түбі терең қуысқа, - деген өлең үзіндісі қандай мәселені қозғағандығын анықтаңыз.
A) Теріс мінез.
B) Махаббат.
C) Сөз өнері.
D) Достық.
E) Ел бірлігі.
9. Қарабай мен Қодардың Қозы Көрпешке жасаған жамандығын табыңыз.
A) У береді.
B) Қызын бергісі келмей, бақа айғырға мініп қашады.
C) Ел шетіне кіргізбейді.
D) Елден қуып жібереді.
E) Қой бақтырып қояды.
10. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Шалкиіз.
B) Қазтуған.
C) Ақтамберді.
D) Шернияз.
E) Жиембет.
11. "Шоқан жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, "Европаға ашқан терезе" сықылды болды", - деген сөздің авторын табыңыз.
A) С. Дуров.
B) Ф. Достоевский.
C) Н. Костылецкий.
D) Г. Потанин.
E) И. Березин.
12. А.Құнанбайұлының өзі шығарған өлең-әндерінің санын анықтаңыз.
A) 10 шақты.
B) 15 шақты.
C) 30 шақты.
D) 20 шақты.
E) 25 шақты.
13. Абай дұрыс еместігін дәлелдеген мақалды белгілеңіз.
A) Отан үшін отқа түс, күймейсің.
B) Қыз – елдің көркі.
C) Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол.
D) Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті.
E) Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
14. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы Мамырдың қандай қыз екенін белгілеңіз.
A) Әнші, батыр қыз.
B) Сұлу, көркем қыз.
C) Көрікті де ашушаң қыз.
D) Оқыған, ақын қыз.
E) Сұлу, ақылды, еркекшора қыз.
15. С.Сейфуллиннің сөзін де, әнін де өзі шығарған туындысын көрсетіңіз.
A) ²Сыр сандық².
B) ²Маржан².
C) ²Тау ішінде².
D) ²Тұлпарым².
E) ²Аққудың айрылуы².
16. Жамбыл бастаған халық поэзиясының көрнекті өкілдерін атаңыз.
A) С.Дөнентаев, С.Көбеев.
B) Ш.Иманбаева, И.Байзақов.
C) А.Тоқмағанбетов, Ө.Тұрманжанов.
D) Х.Досмұхамедов, Ғ.Сланов, Қ.Кемеңгеров.
E) Н.Байғанин, К.Әзірбаев, Н.Бекежанов.
17. Мейрам (Ғ.Мұстафин) қай романның кейіпкері екенін табыңыз.
A) «Дауылдан кейін».
B) «Миллионер».
C) «Шығанақ».
D) «Қарағанды».
E) «Көз көрген».
18. "Шырайды қайғы жасырмай,
Күлкінің ерні кезермес", - деген Абай өлеңіндегі асты сызылған сөздер троптың қай түріне жататынын белгілеңіз.
A) Метафора.
B) Символ.
C) Аллегория.
D) Кейіптеу.
E) Синекдоха.
19. Халықтық дәстүрді, ұлттық өнерді қастерлеп, бағалауға арналған «Оюлар» атты өлеңнің авторын табыңыз.
A) М.Шаханов.
B) С.Мәуленов.
C) Ж.Молдағалиев.
D) Ф.Оңғарсынова.
E) Қ.Аманжолов.
20. Ы.Сандыбайұлының: «Жасымнан халқымды сұлу сөздің нәріне қандырған ақын едім. Халқым да мені еркелетіп, маңдайымнан сипап құрмет тұтты. Соның арқасында Сарыарқаны сайрандап ғұмыр кештім»,-деп өз өміріне шолу жасаған шығармасын табыңыз.