Тестовые вопросы по предмету «Внутренние болезни»


Аритмиялар. Кардиомиопатиялар



бет11/31
Дата14.12.2021
өлшемі238,47 Kb.
#127075
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
Тест жауаптары Терапия Мейіргер Іпг 20-1
Әдістемелік нұсқау хат, Криминология, Қазақ тіілі БЖБ мен ТЖБ, Физика пәнінен олимпиаданың мектепішілік кезеңінің тапсырмалары
Аритмиялар. Кардиомиопатиялар.

Кардионевроздар

1

Аритмия:

а) жүректің ырғақты соғысының бұзылыстары

б) жүрек бұлшық етінің қабынуы

в) жүрек қан айналымының өзгеруі

г) жүректің ритмдік соғуы

е) жүрек тамыр жүйесінің ағзалар мен тіндерді тиісті қан мөлшерімен қамтамасыз ете алмауы


2

Аритмиялық өзгерістерге жатпайды:

а) синустық тахикардия

б) жүрекшелік экстрасистолия

в) пароксизмдік тахикардия

г) нейроциркуляторлы дистония

е) атриовентрикулярлы блокада



3

Аритмиялық өзгерістердің аспаптық диагностикалық тексеру әдісі:

а) электрокардиография

б) ультрадыбыспен тексеру

в) велоэргометрия

г) рентгендік тексерулер

е) сканерлеу


4

Экстрасистолияның клиникалық белгісі:

а) кенеттен жүрек тұсының қатты соғуы

б) жүрек тұсының ауырсынуы

в) ентігу, бас айналуы

г) төс астының ауырсынуы

е) оң қабырға астының ауырсынуы


5

Кенеттен жүрек тұсының қатты соғуы

а) пароксизмдік тахикардия



б) экстрасистолия

в) синустық брадикардия

г) синустық тахикардия

е) қарынша жыбыры




6

Экстрасистолияның электрокардиограммадағы белгісі:

а) Р – тісі жоқ, Т– тісі теріс

б) RR – арақашықтығы 0,8 сек қысқа

в) QRS – деформациялық өзгерген

г) RR арақашықтығы қысқа, артындағы ұзақ (толық компесаторлық пауза)

е) РQ (RR) аралығының 0,2 с артық ұзаруы



7

Синустық брадикардияда жүректің ритмдік соғуы:

а) 60- тан төмен

б) 80 рет жоғары

в)120 рет мин

г) 220 рет мин

е) 320 рет мин


8

Синустық брадикардияға әкелетін жағдайлар:

а) уланулар (жүрек гликозидтерімен, саңырауқұлақпен )

б) механикалық тітіркену (катетер енгізу немесе жарақаттар)

в) кезбе нервісі тонусының төмендеуі

г) гипертониялық криз

е) жүрекшелік миокардтың зақымдануы



9

Синустық тахикардияны емдеуде қолданатын дәрілер тобы:

а) β – адреноблокаторлар

б) сульфаниламидтер

в) бронхолитиктер

г) кең спекторлы антибиотиктер

е) М-холиномиметиктер



10

Синустық тахикардиядағы электрокардиограммада болатын өзгеріс:

а) Т-Р (RR) – аралығы қысқарады

б) Р – тісі болмайды

в) Т- тісі теріс

г) QRS – деформациялық өзгеріске ұшырайды

е) ST - сегментінің изосызықтан төмендеуі



11

Синустық брадикардияның клиникалық белгісі:

а) жүрек тұсынан салмақ сезінуі

б)дем алудың жилеуі

в) ентігу

г) бас айналу, көздің қарауытуы

е) жүрек шаншып кеткендей болады



12

Синустық брадикардияны емдеу принципінде қолданылатын дәрі:

а) 0,1%-1 мл атропин сульфаты

б)1% нитроглицерин ерітіндісінің 1-2 тамшысы

в) обзидан 20 мг

г)1%-1мл морфий гидрохлорид

е) клонидин гидрохлориді 0,15


13

Синустық бракардияның электрокардиограммадағы белгісі:

а)Т-Р ( RR) – арақашықтығы 1,0 сек артық

б) QRS – комплексі деформациялық өзгеріске ұшыраған

в) SТ – аралығы изосызықтан жоғарлайды

г) Р – тісі екі өрекештенеді

е) Т- тісі теріс




14

Экстрасистолия:

а) жүректің бұлшық етінің некроздануы



б) жүректің кезектен тыс қозуы

в)жүрек қанайналымынң өзгеруі

г) жүректің сол қарыншасының гипертрофиясы

е) импульс өткізілуінің баяулауы



15

Жүректің кезектен тыс жиырылуы:

а) пароксизмдік тахикардия



б) экстрасистолия

в) синустық брадикардия

г) синустық тахикардия

е) қарынша жыбыры



16

Пароксизмдік тахикардия:

а) кенеттен басталып, кенеттен аяқталды, жүрек ритмі – 180 -250 рет минутына

б) жүректің кезектен тыс соғуы

в) жүректің ритмді соғуы, минутына 60 – тан төмен

г) жүректің ритмді соғуы, 100-160 рет минутына

е)импульстардың жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің баяулауы


17

Кенеттен басталып, кенеттен аяқталатын, жүректің 180-250 рет минутына соғуы аритмияның қандай түрі:

а) пароксизмдік тахикардия

б) экстрасистолия

в) синустық брадикардия

г) синустық тахикардия

е) қарынша жыбыры


18

Пароксизмдік тахикардияның емдеу принциптеріне жатады:

а) верапамил, новокаинамид, строфантин, аймалин

б) эфедрин 0,15, эуфиллин 0,15

в) диазепам,элениум, андаксин

г)гепарин 5000 халықаралық бірлік

е) 01%-1 мл атропин сульфат ерітіндісі



19

Қарыншалардың фибрилляциясы–

а) жүректің ритмі минутына 200-300 рет

б) жүректің ритмі минутына 60-80 рет

в) жүректің ритмі минутына 100-160 рет

г) жүректің ритмі минутына 180-250 рет

е) жүректің ритмі минутына 90-130 рет




20


Жүрек фибрилляциясындағы жедел көмек көрсету тактикасы:

а) төстің жүрек тұсына жұдырықпен 1-2 рет қатты ұрып жіберу. 0,1%-1 мл адреналин ерітіндісін енгізу

в) каротидтік массаж

б) нейролептоанальгезия

г)құсу рефлексін туғызу, бетті салқын сумен жуу

е) 1%-1мл морфий енгізу




21

Өкпеге жасанды тыныс берудің дұрыстығын қалай тексеруге болады:

а)дем беру кезінде кеуде қуысы көтеріледі,ал дем шығарғанда кеуде қуысы төмен түседі

б) дем бергенде кеуде қуысы қозғалмайды

в) дем берген кезде эпигастрий аймағы көтеріледі

г) көз қарашығы кеңеюі

е)көз қарашығының тарылуы



22

Жүрек- өкпе реанимациясында кеуде қуысына компрессия жасау орны:

а) төстің жоғарғы үшінші бөлігі

б) төстің ортаңғы бөлігі

в)төстің төменгі бөлігі семсер өсіндісінен 2 см жоғары

г)төстің төменгі үшінші бөлігі

е) төстің ортаңғы үшінші бөлігі


23

Егерде жүрек- өкпе реанимациясын бір адам жүргізсе, кеуде қуысына компрессия және дем беру қатынасы:

а) 1 дем беру : 5-6 компрессия

б) 1-2 дем беру: 6-8 компрессия

в)2 дем беру: 30 компрессия

г) 2 дем беру: 15-20 компрессия

е) 1-2 дем беру: 16-18 компрессия









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет