Тестовые вопросы по предмету «Внутренние болезни»



бет14/31
Дата14.12.2021
өлшемі238,47 Kb.
#127075
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
Тест жауаптары Терапия Мейіргер Іпг 20-1
Әдістемелік нұсқау хат, Криминология, Қазақ тіілі БЖБ мен ТЖБ, Физика пәнінен олимпиаданың мектепішілік кезеңінің тапсырмалары
Асқазаның қатерлі ісігі

1


Асқазан қатерлі ісігінде жалпы қан талдауында анықталатын синдром:

а) геморрагиялық

б) нефротикалық

в) уремиялық

г) анемиялық

е) интоксикациялық



2

Асқазанның қатерлі ісігінің патанатомиялық белгілеріне байланысты жіктелуі:

а) эндофитті

б) апластикалық

в) аралас

г) атрофиялы

е) эрозиялық




3

Асқазанның қатерлі ісігінің дамуына ықпал ететін себепші жағдай:

а) салауатты өмір салтын сақтау

б) жиі ыстық тағам қабылдау

в) организмге суық тигізу

г) жиі респираторлы аурулармен ауру

е) витаминнің тапшығылығы



4

Асқазан кардиальді бөлігінің қатерлі ісігінің клиникалық белгілері:

а) ерте құсу, дисфагия

б) кеш құсу, іш қату

в) іш өту, іш кебу

г) белгі болмайды

е)жүрек айну, іш қату,


5

Асқазан кардиальді бөлігінің қатерлі ісігідегі «ауырсыну» симптомын қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізіледі:

а) өт жолдарындағы тас ауруларымен

б) артериальді гипертензиямен

в) миокард инфарктысымен

г) гепатитпен

е) Крона ауруымен


6

Асқазанның қатерлі ісігінде «рак алды» ауруы:

а) колит


б) энтерит

в) жайылмалы атрофиялық гастрит

г) панкреатит

е) асқанан- өңеш рефлюксі


7

Асқазанның қатерлі ісігінде құсықтың «кофенің қоюы» түрінің белгісі:

а) қан кетудің

б) ісіктің дән себуді

в) ісіктің басқа мүшені зақымдауын

г) ойық жараның тесілуін

е) қалтқының тарылуын


8

Асқазанның қатерлі ісігінің орналасуын, көлемін анықтайтын тексеру әдісі:

а) эндоскопия

б) цитология

в) рентгендік

г) лабораториялық

е) объективті


9


Асқазан қатерлі ісік диагнозын қоюға мүмкіндік беретін тексеру әдісі:

а) дуоденальді зондтау

б) ректоромоноскопия

в) асқазанды зондтау

г) биопсия

е) ультра дыбыспен тексеру




10

Асқазан қатерлі ісігін емдеу принципіне қолданатын базистік дәрілер тобы:

а) спазмолитиктер

б) витаминдер

в) цитостатиктер

г) антибиотиктер

е) антикогулянттар


11

Асқазанның қатерлі ісігінің асқынуы:

а) қан кету

б) қалтқының тарылуы

в) перитонит

г) перфорация

е) ішектің түйілу


12

Асқазанның қатерлі ісігінің рак алды ауруы:

а) асқазан ойық жарасы

б) дуоденит

в) перитонит

г) холангит

е) эзофагит


13

Асқазанның қатерлі ісігінің диагнозын тұжырымдау, дәлелдеу үшін жүргізетін тесеру әдісі:

а) микроскопиялық, химиялық



б) цитологиялық, гистологиялық

в) рентгендік, эндоскопия

г) колоноскопиялық, бактериологиялық

е) иммунологиялық, радиоизотоптық




14

Асқазанның қатерлі ісігі асқазандағы ісіктін орналасу жеріне байланысты жіктелуі:

а) кардиальді

б) біріншілік

в) эрозиялық

г) коолоидты

е) паринхиматозды


15

Асқазандағы ісіктің диаметрі 4- 5 см. Ісік асқазан бұлшық етінің ішіне кіре орналасқан, лимфа түйіндеріне 2-3 дән себілген (метастаз). Бұл көрініс қатерлі ісіктін өсу сатысына қайсына жатады:

а) рак алды ауруына

б) І- сатысына

в) ІІ- сатысына

г) ІІІ- сатысына

е) ІV- сатысына





Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы.Ойық жара ауруларының асқынулары.


1

Асқазан сіре қабының бүтіндігінің бұзылуы:

а) асқазан ойық жарасы

б) колит


в) гастрит

г) гепатит

е) дуоденит


2

Ойық жараның асқазаның кардиалді бөлігіне тән ауырсыну симптомы:

а) үнемі асқазан тұсының ауырсынуы

б) асқазан тұсының, төстің артының тамақ ішкенен кейін 10-15 минуттан кейін ауырсынуы

в) асқазан тұсының тамақ ішкенен 4- 4,5 сағ кейін ауырсынуы

г) кіндік тұсы толғақ тәрізді, тесіп бұрғылап ауырады

е) «ашқарынға» түн мезгілінде, тамақ ішсе басылады




3

Ұлтабардың ойық жараларына тән ауырсыну симптомы:

а) үнемі асқазан тұсының ауырсынуы

б) асқазан тұсының тамақ ішкеннен 2- 2,5 сағ кейін немесе аш қарында ауырсынуы

в) іштің кебуі

г) асқазан тұсының тамақ ішкенен 15-20 минуттан кейін ауырсынуы

е) ішек бойымен бүріп,толғақ тәрізді ауырсыну




4

Ұлтабардың ойық жарасының асқынуы:

а) жүрек жетіспеушілігі



б) асқазаннан қан кету

в) асқазан тұсының шаншуы

г) кома

е) шок


5

Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек:

а) кордиамин тері астына енгізу

б) жылыту компрессін асқазан тұсына қою

в) мұзды мұйықты асқазан тұсына қою

г) атропин сульфатын тері астына енгізу

е) тері астына инсулин енгізу


6

«пышақ сұққандай» ауырсыну симптомы тән:

а) ішектің түйілуіне



б) асқазан ойық жарасының перфорациясына

в) соқыр ішектің қабынуына

г) өт жолындағы тас ауруына

е) өт жолдарының дискинезиясына




7


Асқазанның, ұлтабардың ойық жараларын анықтайтын аспаптық тексеру әдісі:

а) ирригоскопия

б) холецистоскопия

в) фиброгастродуоденоскопия

г) колоноскопия

е) ректеромоноскопия


8

Асқазанның ойық жарасынан қан кеткендегі құсықтың түрі:

а) «кофе қоюы» түсті

б) қоймалжың

в) қорытылмаған тамақ түйіршіктері

г) өт құрамы

е) түссіз


9

Асқазанның ойық жарасында науқасты жалпы қарауда анықталады:

а) алақан бұлшық етінің қызаруы

б) ауыз-мұрын ұшбұрышының қызаруы

в) тілі таңқурай түсті



г) тілі ақ қабықпен жабылғаны

е) тері жамылғысында тамыр жұлдызшалары




10

Асқазанның ойық жарасынан қан кетуде жедел жәрдем көрсету тактикасына жатпайды:

а) ауыз қуысын тазалау

б) асқазан тұсына мұзды мұйық қою

в) мұз түйіршіктерін жұтқызу



г) асқазан тұсына жылытқыш қою

е) аминокапрон қышқылын енгізу



11

Ұлтабардың ойық жарасынан қан кетуде қолданылатын дәрі:

а) 0,05 % -1мл строфантин



б) 10 % -10 мл кальций хлорид

в) 0,9 % -10 мл натрий хлорид

г) 1 % -1 мл димедрол

е) 0,1 % -1 мл атропин сульфаты




12

Асқазанның ойық жарасынан қан кеткенде науқастың қан қысымының өзгеруі:

а) күрт төмендеуі

б) күрт жоғарлауы

в) систолдық көрсеткіші жоғарлайды

г) диастолдық көрсеткіші жоғарлайды

е) веноздық қысым жоғарлайды


13

Асқазаннан, ішектен қан кетуін анықтайтын лабораториялық тексеру әдісі:

а) нәжісті жұмыр құртқа тексеру

б) нәжісті копрологиялық тексеру

в) нәжісті жасырын қанға тексеру

г) нәжісті бактериологиялық тексеру

е) биохимиялық қан талдау



14

Асқазанның ойық жарасы тесілуіндегі «ауырсыну» симптомының сипаттамасы:

а) бүріп, шаншып



б) пышақ сұққандай

в) ұйып, сыздап

г) толғақ тәрізді, қысып

е) күйдіріп, қыжылдап



15

Асқазан ойық жарасының перфорациясына салыстырмалы диагностика жүргізбейді:

а) панкреатиттің ұстамасымен

б) миокард инфарктының трансмуральды түрімен

в) өт тас ауруымен



г) ишемиялық инсультпен

е) жоғарғы қышқылды гастритпен



16

Рентгенограммада «ниша » симптомының анықталуы, қандай патологияға тән белігі:

а) асқазан ойық жарасына

б) созылмалы жоғарғы қышқылды гастриттің асқынуына

в) өт жолындағы тастарға

г) созылмалы төменгі қышқылды гастритке

е) аш ішектің түйілуінде


17

Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқастың қан талдауындағы гипохромды анемия белгісі қандай патологияны білдіреді:

а) ойық жарасыннан ішке қан кетуді

б) ойық жараның тесілуін

в) ұйқы безінің қабынуын

г) тамақпен улануын

е) аш ішектің түйілуін


18

Асқазанның ойық жарасының дамуына ықпал ететін факторларға жатпайды:

а) жалпы организмге суық тиюі б) жүйке-психикалық күйзелістер

в) ыстық және ашты тағамдар жиі қабылдау г) хелиокобактер пилори инфекциясы

е) зиянды әдеттер


19


Асқазан ойық жарасының перфорациясына күдіктенгендегі фельдшердің тактикасы:

а) асқазанды жуу



б) науқастың асқазан тұсына мұзды мұйық қою

в) анальгетиктер енгізу

г) спазмолитиктерді енгізу

е) тазалау клизмасын жасау



20

Ойық жараның асқынуына жатпайды:

а) асқазан жарасының малигнизациясы

б) асқазан қабырғасының тесілуі

в) асқазан жарасынан қан кету



г) энтерит

е) қалтқының тарылуы




21

Асқазан тұсына мұзды мұйық қою, мұз түйіршіктерін жұтқызу. Қандай патологиядағы фельдшердің тактикасы:

а) асқазаннан қан кеткенде

б) миокард инфарктында

в) гипертензиялық кризде

г) бронхылық демікпе ұстамасында

е) бауыр комасында


22

« түнгі мегзілде, ашқарында ауырсыну сезімі» қандай патологияға тән белгі:

а) асқазан қатерлі ісігіне



б) 12 елі ішектің ойық жарасына

в) асқазан ойық жарасына

г) гастритке

е) колитке




23

Асқазанның ойық жарасын туындататын бактерия:

а) стрептококк

б) стафилококк

в) хеликобактер пилори

г) микобактерия

е) жасылдаушы стрептококк







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет