Тестовые вопросы по предмету «Внутренние болезни»



бет2/31
Дата14.12.2021
өлшемі238,47 Kb.
#127075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Тест жауаптары Терапия Мейіргер Іпг 20-1

Бронх демікпесі


1.

Бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының күшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жалпылама ұстамалы обструкциясымен білінетін, тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы:

а) бронхит

б) өкпе эмфиземасы

в)бронх демікпесі

г) пневмосклероз

е)өкпе абсцессі



2

Бронх демікпесінің негізгі клиникалық белгілері:

а) инспираторлы ентігу, құрғақ жөтелу



б) тұншығу, жөтелу шыңында созылмалы мөлдір қақырық тастау

в)жөтелмен бірге іріңді қақырық тастау

г) жөтелмен бірге тот басқандай қақырық тастау

е) тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел





3

Бронх демікпесіндегі қақырық түрі:

а) қызыл, көбікті

б) көкшіл, көбікті

в) мөлдір, созылмалы

г) іріңді,иісті

е) тот басқандай


4.

Бронх демікпесінің асқынуы:

а) жүрек жетіспеушілігі

б) плеврит

в) астмалық статус

г) өкпеден қан кету

е) гипертониялық криз


5.

Бронх демікпесіндегі қақырықты микроскопиялық зерттеуінде анықталады:

а) лейкоциттер

б) эритроциттер

в) Крушман спиралі, Шарко-Лейден кристалы

г) Кох таяқшасы

е) а-типтік жасушалар


6.

Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың кеуде қуысы:

а) бөшкелі

б) етікші

в) паралиттік

г) рахиттік

е) ладия тәрізді


7.

Бронх демікпесінде аускультацияда естіледі:

а) ірі көпіршікті ылғалды сырылдар

б) амфорлы дыбыс

в) әртүрлі ысқырықты құрғақ сырылдар

г) майда көпіршікті ылғалды сырылдар

е) плевраның үйкеліс шуы


8.

Бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында қолданатын дәрі-дәрмек:

а) 2% - 2,0 мл лидокаин



б) 2,4% - 10,0 мл эуфиллин

в) 50% - 2,0 мл анальгин

г) 5000 бірлік гепарин

е) ампициллин 1,0



9.

Астмалық статуста аускультацияда өкпеден естіледі:

а) құрғақ сырылдар, қатаң бронхиалды дем б) крепитация, майда көпіршікті ылғалды сырылдар

в) әртүрлі ысқырықты сырылдар

г) «үнсіз өкпе», ешнәрсе естілмейді

е) қатаң бронхиалды дем




10.

Бронх демікпесінің тұншығу ұстамасы қанша уақытқа созылғанда астмалық статус дамиды:

а) 12 сағат

б) 18 сағат

в) 24 сағат

г) 20 сағат

е) 15 сағат


11.

Бронх демікпесіндегі қан талдаудағы өзгеріс:

а) эритроцитоз



б) эозинофилез

в) лейкоцитоз

г) тромбоцитоз

е)лейкопения



12.

Бронх демікпесіндегі ентігудің сипаты:

а) инспираторлы



б) экспираторлы

в) аралас

г) жиі, беткейлі дем алу

е) терең, шулы



13.

Қақырықтың құрамынан Куршман спиралi мен Шарко-Лейден кристалы анықталады:

а) бронх демікпесінде

б) туберкулезде

в) плевритте

г) өкпенің қатерлі ісігінде

е) өкпе абсцесінде


14.

Бронх демікпесінде эуфиллин ерітіндісін енгізу мақсаты:

а) интоксикацияны жою



б) бронх түтікшелерінің тарылуын кеңейту

в) қан қысымын төмендету

г) қақырықты түсіру

е) қан қысымын көтеру



15.

Бронх демікпесінің себебіне жатады:

а) өсімдік шаң тозаңдары

б) иммунитеттің төмендеуі

в) жиі майлы тағамдарды қолдану

г) ауыр физикалық жүктеме

е) спирт ішімдіктерін жиі қолдану



16

Кеуде қуысының бөшкеленуі қандай ауруға тән:

а) перикардитке



б) бронх демікпесіне

в) жүрек ақауына

г) плевритке

е) ауруханаішілік пневмонияға




17

17. Бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында қолдатынлатын ингаляция түрінде қолдатын бронходилятатор:

а) интал

б) эуфиллин

в) эфедрин

г) бромгексин

е) изодрин



18.

Науқаста тұншығу ұстамасы 24 сағаттан ұзаққа созылған. Жалпы қарағанда науқаста Экспираторлы ентігу терісі жайылмалы цианоз, мойын күре тамыры білеуленген шығыңқы. Аускультацияда өкпеден ешнәрсе естілмейді «үнсіз өкпе» симптомы. Бұл көрініс қандай патологиялық өзгеріске тән белгі:

а) коллапсқа



б) астмалық статусқа

в) жүрек астмасына

г) өкпе ісінуіне

е) анафилактикалық шокқа




19

Бронхылық астмаға тән клиникалық белгінің бірі:

а) таңертеңгі сасық иісті қақырық тастау



б) түнгі тұншығу ұстамасы

в) герпестік бөртпелердің шығуы

г) ауырған кеуде қуысына қарай қисаюы

е) инспираторлы ентігу















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет