Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі


ж. 16 қазандағы қаулысында 1991ж. 1 желтоқсанда Президент сайлауын өткізу туралы



бет3/7
Дата12.05.2023
өлшемі72,46 Kb.
#176582
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 лекц
Химиялық тіл, Адам анатомиясы тәжіриб.сабақ, 679, 43 билет

1991ж. 16 қазандағы қаулысында 1991ж. 1 желтоқсанда Президент сайлауын өткізу туралы

шешім қабылдады. 1991ж. 1 желтоқсанда Қазақ КСР Президентін төте сайлау арқылы

сайлады. Дауыс беруге қатысқандардың сайлаушылардың 8 681 276-ы Нұрсұлтан

Назарбаевты жақтап дауыс берді немесе бұл 98,78 пайызы болды. Соның нәтижесінде,

Н.Назарбаев бүкіл халық болып сайлаған Қазақстанның тұңғыш Президенті мандатын алды.

* 1991ж. 10 желтоқсанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылдады. 1991ж. 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” конституциялық Заңы қабылданып, бұл күн Тәуелсіздік күні деп жарияланды. Қабылданған құжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасының тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет екендігі айқындалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егеменді мемлекеттің даму процесі қарқын алды. Саяси жүйеде күшті президенттік республика қалыптастыруға, бұл орайда кәсіби Жоғарғы Кеңесті көздейтін парламенттік билікті реформалауға бағыт ұсталды. Облыстарда, қалаларда, аудандарда жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңға сәйкес атқару билігіне реформа жасалды. Әкімшілік басшыларын тағайындау немесе мерзімінен бұрын міндетінен босату қатаң тік жолмен, яғни Республика Президенті және жоғары тұрған әкімшілік басшылары арқылы жүзеге асты. 1992ж. 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, елтаңбасы мен әнұраны бекітілді. Мемлекеттік нышандар тарихтың, мәдениеттің көрінісі болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Ш.Ниязбеков. Тудың көк түсі ынтымақ пен ашық аспанды білдірсе, алтын күн – тыныштық пен байлықты, дала қыраны – берекелік пен қырағылықты, ой-қиялдың ұшқырлығын көрсетеді. Туға қошқар мүйізді ұлттық ою-өрнек салынған. Бұл ежелден келе жатқан ою-өрнектің Қазақстан аумағын мекендеген ертедегі көшпенділерде болғаны тарихта белгілі. Мемлекеттік елтаңбаның авторы – суретшілері Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес тармақты жұлдыз бар, төменгі жағында “Қазақстан” деп жазылған. Ол алтын және көк - екі түстен тұрады. Күмбез тәрізді шаңырақ көк әлемін еске салады. Жылқы - көшпенділердің ежелден серігі болған, ал қанатты- тұлпар гүлденген күшті мемлекетке деген ұмтылушылықты білдіреді. Бес тармақты жұлдыз мемлекеттердің қауымдастығы мен бес құрлық халықтарының бірлігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет