Жалындаған Жас Ұлан Біз боламыз (бірге)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыз.
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.
Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін. Ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяңызға береке-бірлік, деніңізге саулық тілеймін.
***
Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Дәйім осы биіктен көріне беруге жазсын.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.
Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Өзіңізге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін.
***
Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!
Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
Достарыңызбен бөлісу: |