Пахтаарал-3044 мақта сортының орфологиялық және шаруашылық белгілері бойынша мінездемесі
Сорт 1986 жылы Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында Ан-Баяут-2 және ПА-3034 сорттарын шағылыстыру және көптеген іріктеу арқылы алынған. Шағылыстыру жылы – 1981 ж., станциялық сынақтан өту мерзімі – 1989-1991 жж., іріктеу сынағы – 1992-1994 жж. Авторлық куәлік –1998 жылы алынған. Мақтаның биіктігі 123-127 см, конус тәріздес, симподиалық шағы – 1,5-2,0, моноподиялық шағы – 1-2. Бірінші симподиялық шағы 5-6 түйінде орналасады. Гүлі орта шамалы, ашық қызғыш, дақсыз. Тозаңы жасыл, гүлшалары орта шамалы, созылыңқы, 10-12 данаша.
Көсегі ірі, домалақ, ұшы сүйір, бес қауашақтық, түсі жасыл, сырты тегіс. Шиті орташа, жұмыртқа тәріздес, орта түктілі, ұлпасы сұр. 1000 шит салмағы – 137-139 грамм. Бір көсектегі мақта салмағы 6,7 –7,5грамм. С-4727 сортына қарағанда 2-4 күн ерте піседі. Вилт ауруына шалдығуы С-4727-ге қарағанда 40-50% кем. Мақта өнімдігі орта есеппен гектарына 39,6-43,0 ц. Орта талшықты мақта, ұзындығы – 32,1 мм, метрлік номері 5228, үзілу ұзындығы 26,1 км, үзілу салмағы 5,0 г.с., талшық шығымы – 37,0-38,0%.
Авторлары: Салиметов Х., Маханбетов А., Нұғманов Р.
Мақтаарал-4005 мақта сортының морфологиялық және шаруашылық белгілері бойынша мінездемесі
Достарыңызбен бөлісу: |