Жоспарлы (кезеңдік) – алдын-ала белгіленген мерзімде кесте немесе жоспар бойынша жүргізіледі;
Жоспардан тыс – өте қажетті жағдайларда ғана (ұрлау, құндылықтарды бүлдіру және асыра пайдалану фактілері анықталғанда; материалды-жауапты тұлғалар ауысқанда; өрттен, табиғи апаттардан кейін және т.б.) жүргізіледі.
Толық – нұсқаулықтарда көрсетілген мерзімде жүргізіледі және тек тауарлық материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын тексеруге ғана емес, сонымен қатар басқа ұйымдармен есеп айырысу дұрыстығы, жылдық (тоқсан-дық) есеп беруді жасау бойынша қалдықтарды салыстыру және тексеруге бағытталады;
Ішінара – тек жеке есеп объектілерін қамтиды (мысалы, ТМҚ-ды қайта бағалау);
Іріктемелі – толық түгендеуді жүргізу қажеттілігі жоқ болған жағдайда жүргізіледі (мысалы, тауарлардың жеке атаулары бойынша табиғи есепте, жабдықтаушының тауар-лардың жеткіліксіздігі үшін кінарат-талабын өтеуден бас тартуы);
Тұтас – қандай да бір жүйенің барлық құрылымдық бө-лімшелерінің құндылықтары немесе есеп объектілерін бір мезгілде тексеру;