Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
1. Мәтінде кездесетін сөздерді белгілеңіз.
А) Бұлт, ағаш, күз В) Ақ киім, тамақ, үй
С) Адамдар, білім, еңбек Д) Зерттеу, адамдар, күш [1]
2. Өлеңнің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
А) Көктем мезгілі В) Жаз мезгілі
С) Жыл мезгілі Д) Күз мезгілі [1]
3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
Мәтіндегі ақпараттар
|
Шын
|
Жалған
|
Адамды ақ киімді, денелі адамдай суреттейді
|
|
|
Қыс мезгілін суреттейді
|
|
|
Күз мезгілін суреттейді
|
|
|
[1]
4.Өлеңнен теңеуді табыңыз. [1]
5. Сұраққа толық жауап беріңіз.
Автор күзді қалай суреттейді?
[1]
Оқылым. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне ескеріп, өзіңізді күтіңіз.
Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алу өте пайдалы. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.
1.Берілген тұжырымдардан бір «шын» ақпаратты анықтаңыз.
А) Саяхат кезінде беті-қолыңызды үнемі жуып тұрыңыз.
В) Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген дұрыс.
С) Заттарды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алудың қажеті жоқ. [1]
2. Мәтіннен берілген сөздің антонимін табыңыз. Пайдалы____________ [1]
3. Мәтіннен берілген сөздің синонимін табыңыз. Таратылған _____________ [1]
4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз. (1, 2, 3)
А) Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек дүкендерден ғана сатып алыңыз.
В) Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексертіп алыңыз.
С) Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алсаңыз өте пайдалы. [1]
5. Сұраққа толық жауап беріңіз.Саяхат кезінде қандай сусындар ішкен жөн? [1]
Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазба жұмысында сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне мән беріңіз.
Абай Құнанбаев туралы жазыңыз
Саяхат және туризм жазыңыз
Туған өлкеңіз туралы жазыңыз.
[10]
Айтылым
Сіз саяхаттағанды өте жақсы көресіз. Биыл жазда да еліміздің көптеген аймақтарына саяхат жасадыңыз. Саяхат өте тамаша болды. Сол уақытта қандай көрікті жерлер көрдіңіз? Ойыңызды теңеу, эпитет сөздерін қолданып, суреттеу мәтіні түрінде жазыңыз.
[10]
Достарыңызбен бөлісу: |