«Жалғасын тап» сергіту сәті
|
Оқушыны жылдам ой қорытуға баулу
|
Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.
|
Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады. Бұл әдісті жаңа сабақты бекітуге немесе үй тапсырмасын сұрауға да пайдалануға болады.
|
17
|
«Шеринг» әдісі
Харизма бойынша
(Н.Баринова)
|
Ой бөлісу
|
Алдыңғы білім бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады.
|
Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.
|
|