«Эйлер шеңбері» әдісі
А.Ж.Егизбаев бойынша
ж
|
Тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтап, саралау.
|
Идеялар жинақталып, сараланады
|
А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып, жазылады. Не?Қалай? Неге? Нәтиже? деген Мәселер бойынша идеялар сараланады.
|
|
19
|
«Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі
|
Мәтінді тыңдап, берілген топтық жұмысты орындайды.
|
Оқушылар топтық жұмыс жасайды. Өз ойын, пікірін топ алдында білдіре алады.
|
|
І топ: Мәтінге ат қойып, ондағы ойды баяндаңдар.
ІІ топ: Мәтіннен кілт сөздерді тауып жазыңдар;
ІІІ топ:Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырып жазыңдар.
|
20
|
«Үш баған» әдісі
|
Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты анықтайды, көтерілген мәселені талдайды.
|
Оқушылар жеке жұмыстанады. Мәтінді тыңдай отырып, кестені толтырады.
|
|
|
21
|
«Уақыт тізбегі»
|
Оқушылардың зейінін арттырып, зер салып тыңдауға үйрету
|
Мәтін мазмұнының ашылуы, оқиға желісінің сақталып, ойдың үзбей жеткізілуі
|
Сабақтың ортасында мәтінмен жұмыс кезінде немесе сабақтың басында бейнематериалдан кейін қолданылады
|
1-тапсырма. Берілген мәтінді тыңдап, мәтіндегі ойды үзбей жалғастырыңдар.
Мәтінде не туралы айтылған?
|
22
|
«Идеялар жәрмеңкесі»
|
Оқушылардың өз идеяларын ортаға салып, еркін ой бөлісуге дағдыландыру
|
Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алады. Сынып ішінде ой бөліседі
|
Сабақтың ортасында тапсырма кезінде немесе сабақты бекіту мақсатында қолдануға болады.
|
6-сынып. 2-тапсырма. Астана қаласын 20 жылдан кейін қалай елестетесің?
Түрлі видеороликтерді пайдалана отырып, өз идеяларыңды ауызша жеткізіңдер
|
23
|
«Суреттер сөйлейді»
|
Суреттер арқылы жаңа материалды болжатып, тақырыпты ашуға үйрету
|
Түрлі суреттер арқылы оқушылардың жаңа материалға қызығушылықтарын арттырып, жаңа материалды болжайды
|
Сабақтың басында жаңа материалды ашу барысында қолданылады
|
Суреттерді бір-бірімен қалай байланыстырасыздар?
|
24
|
«Қарым-қатынас аймағы»
|
Оқушылардың сабақ үстінде кез келген бөлігінде бір-бірімен байланыс жасауға үйрету
|
Оқушылар ашылған материал және тыңдалған мәтін бойынша бір-бірімен сұрақ қою немесе пікір білдіру арқылы ой қозғайды
|
Сабақтың кез келген бөлігінде қолданылады
|
5-сынып. 3-тапсырма. Берілген сұрақ арқылы бір-біріңмен пікір алмасыңдар
Сән өзгере ме? Не себепті өзгеріп отырады?
|
25
|
|