Тыңдаушының өзіндік жұмысы Хайтметов Шерхзад Бахадирович Оқытудағы құзыреттілік тәсіл



бет4/6
Дата25.06.2020
өлшемі36,76 Kb.
#74504
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Хайтметов Шерзад Бахадирович 5.тапсырма

Бірінші топ — танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашьлық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді.

Екінші топ — ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық  тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді;

танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді; тапсырмаларды орындауда мұғалім көмегін кажет етеді.



Үшінші топ — шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты орындауда үлгіні кажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді.

Жаңа әдіс-тәсілдерді біз берісі отандық, әрісі әлемдік педагогика мектептері мен бағыттары нық жаңашыл ізденістерге толы тың үрдістерінен оқып үйренеміз.

Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де тиісінше пайдаланамыз. Нысаналы мақсатымыз — ақыл-ойын, сезімін еркін үйлесімдікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте тәрбие жұмысын жүргізудің жана технологияларын барынша пайдаланып, оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш саламыз. Ол үшін әңгіме, пікірталас және басқа да әдіс-тәсілдерді, сондай-ақ, рөлдік, іскерлік ойындарды тәрбие жұмысына дендеп енгіземіз.

Сыныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Бұл сабақтар қазіргі кезде тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Олар жан-жақты дамуға. бос уақытты ақылға қонымды ұйымдастыруға септігін тигізеді.

Оқушылардың сабақтан тыс және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға, білімді өз бетінше алуына және оны қолдана білуіне септігін тигізеді. Бұл мәселелерді шешу үшін ақпаратқа және саналы енбекке бейімдеу және ғылым мен мәдениет саласында  белсенді  қызмет  етуге  тәрбиелеу қажет.

Бұл жұмыстар мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретінде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың  тетігі болып  табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады.

Қоғам дамуының ең басты шарты — шығармашыл тұлға тәрбиелеу десек. сол шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл тұлға ғана тәрбиелей алады. Оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы мұғалімдер мен тәрбиешілердің білімділік және кәсіби шеберлігі Кажет етеді.

2. 1.Білу. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Белгілі бір әдісті пайдалана отырып, жаңа материалдың негізгі ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді.

Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);Нақты фактілерді біледі;Жұмыстың орындалу ретін біледі,Негізгі ұғымдарды біледі; Ережелерді, қағидаларды қайталайды.

Анықта.Қара .

Атап шық.

Сана. Цитата келтіру.

Белгіле.Санап шығу. Қайтала.Көрсет.

Еске түсір.

Кім? Не? Қашан? Қандай? Қайда? Қалай? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

- Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

- Бастауыш деген не?

- Жай бөлшектер қалай жазылады?

- Египеттiң астанасы қай қала?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет